Ген инженериясы молекулалық биологияның жаңа саласы



Тексерген:Бозбаева Гүлімжан Онаевна
Орындаған: Сұлтан Аруна Ғабдоллақызы
111 емдеу - ісі “Фельдшер”
1 курс студенті
СӨЖ
Ген инженерлік технологиялар.

Қазіргі кезде гендік инженерияны кең көлемде медицинада тұқым қуалайтын ауруларды және қатерлі ісіктерді диагностикалау мен даму механизмдерін анықтауда, соттық медицинада қылмысты анықтауда, фармацевттік өнеркәсіпте дәрі дәрмектерді синтездеу мен өндіруде, микробиологияда адамға пайдалы микроағзалар штаммдарын алуға, ауыл шаруашылығында адамға бағалы қасиеттері бар трансгендік жануарлар мен өсімдіктерді алуға, жасушаларды, мүшелерді және тұтас ағзаларды клондаға қолданады.

Ген инженериясының әдістерінің ашылуы биотехнология деген ерекше өндіріс түрінің дүниеге келуіне ықпал жасап отыр.
Ген инженериясы молекулалық биологияның жаңа саласы. Ол лабораториялық әдіс арқылы генетикалық жүйелер мен тұқымы өзгерген организмдерді алу жолын қарастырады. Ген инженериясының пайда болуы генетиканың, биохимияның, микробиологияның және молекулалық биологияның жетістіктерімен байланысты. Бұл атаудың екі түрі қолданылады: “генетикалық инженерия” және “ген инженериясы”. Соңғы кезде “генетикалық инженерия” жалпылама түрде қолданылып жүр, ген инженериясы да осының ішіне кіреді.
Ген инженериясы

Молекулалық биология ғылыми жетістіктерінің нәтижесінде пайда болған ген инженериясы организмнің бағалы қасиетін сақтап қана қоймай, оған жаңа әрі саналы қасиет те бере алады. “Инженерия” деген атау құрастыру деген мағынаны білдіреді. Яғни ген инженериясы дегенді ген құрастыру деп түсіну қажет.

Гендік инженерия саласындағы зерттеулер ХХ - ғасырдың 70 - жылдары басталды. 1982 жылы азық - түліктер мен дәрі - дәрмектердің сапасын тексеретін АҚШ - тың тазалық сақатауды бақылау басқармасы гендік - инженерлік тәсілмен аса маңызды белок - инсулин гормонын өндіруге куәлік қағазын берді. Сол жылдары гендік инженерлік технология вирусқа қарсы әрекеттік қасиеті бар интерферон препаратын шығаруға қолданылды.

жасушада өздігінен көбейе алатын, белгілі бір затты синтездеуге қабілетті, тұқым қуалаушылық материалдарын қолдан жасайтын молекулалық биологияның жаңа саласы.
Ген инженериясы деп рекомбинантты ДНҚ-лар жасап, оларды басқа тірі клеткаларға енгізуді айтады.
Генетикалық инженерия

Ген инженериясы
шешетін мәселелер:
генді химиялық
ферментті қолдану
жолымен синтездеу;
әртүрлі организмнен
алынған ДНҚ
фрагменттерін
бір-бірімен
жалғастыру ;
бөтен генді жаңа
клеткаға векторлық ДНҚ арқылы
жеткізу және олардың қызмет
жасауын қамтамасыз ету;
клеткаларға гендерді
немесе генетикалық жүйелерді енгізу
және бөтен белокты синтездеу;

- клеткадағы ДНҚ -дан тікелей кесіп алу;
- химиялық жолмен синтездеу;
- аРНҚ-дан кері транскриптаза арқылы синтездеу.
Генді алу жолы.

Химиялық жолмен жасанды генді 1969 жылы Г. Корана синтездеген. Бірақ оған жалғасқан промотр тізбегі мен транскрипцияны аяқтайтын кодондар болмағандықтан, ол клетка ішінде ешбір қызмет көрсете алмайды. Гендерді химиялық синтездеуге нуклеин қышқылдарындағы нуклеотидтердің орналасу тәртібін анықтау әдісін тапқаннан кейін ғана мүмкіндік туды

Бұл әдістерді тапқан Д. Джильберт пен Ф. Сэнгер. Ғалымдар генді белоктың құрамындағы амин қышқылдарына қарап отырып синтездеуді де үйренді, (3 нуклеотид - 1 кодон - 1 амин қышқылы деген заңдылық бойынша) . Соның ішінде қолдан синтезделген ең ұзын ген, адамның самототропин (өсу) гені, ол 584 нуклеотидтен тұрады. Оны бактериядағы басқа геннің промоторына жалғастырып, плазмида арқылы бактерия клеткасына енгізді.

Жасанды әдіспен генді ферменттік синтезге сүйене отырып, кері транскрипция механизмінің көмегімен алуға да болады. Бұл механизм РНҚ -ға тәуелді ДНҚ - полимеразаның немесе кері транскриптазаның (ревертазалар) белсенділігіне байланысты. Бұл фермент ең алғаш онкогендік (залалды ісік) вирустарды зерттегенде табылған. Фермент әртүрлі РНҚ -ларда, синтетикалық полинуклеотидтерді қоса, ДНҚ - ның көшірмесін құра алатын қабілеті бар. Ревертазаның көмегімен, сәйкес иРНҚ-ның қатысуымен, іс жүзінде кез келген бөліп алуы жақсы игерілген генді алуға болады. Бұл әдісті белгілі бір тканьдарда өте қарқынды транскрипцияланатын гендерге қолдану тиімді.

Гендік терапия
Генотерапияны клиникалық практикада алғашқы сәтті қолдану 1990 жылы АҚШ - та іске асырылды. Аденозиндез-аминазаны кодтайтын геннің ақаулығына байланысты имму-нотапшылықтың құрама түрі-нен зардап шеккен балаға осы геннің зақымданбаған көшірмесі енгізілді. Аурудан алынған клеткаларды (қанның Т -лимфоциттері ) пробиркада өсіріп, ретровирустық вектор-дың көмегімен зақымданбаған аденозиндезаминазаның генін ауру баланың клеткасына орналастырып қайтарған.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz