Елбасы және бір сөзінде




Презентация қосу
Мәңгілік ел қазақстандық
ұлттың болашағы.

Тексерген:
Тапсырған:
«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл
арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем
елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан
ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол
арман тұрмысы түзу , ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын
бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа
айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Біз үшін
болашағымызға бағдар етіп , ұлы мақсаттарға жетелейтін
идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге
халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің
жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды
тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік
болашағын баянды етуге арналды. Ендігі ұрпақ - мәңгілік
қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы -
Мәңгілік ел», - деді Президент.
«Еліміздің мұратына айналған
«Мәңгілік ел» идеясы - халықтың
әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын
арттыратын, елді дамудың жаңа
сатысына жетелейтін жаңа қадам.
«Мәңгілік ел» идеясының
маңыздылығын Елбасымыз
Н.Назарбаев «Қазақстан жолы -
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты жолдауының негізі
етіп алып, бұл туралы өз сөзінде:
«Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050
жылға дейінгі дамуының жаңа
саяси бағдарын жария еттім.
Жалпы, біз ұлттың бірлігі және еркіндік пен теңдік туралы
халқымыздың сан ғасыр бойғы армандарының орындалуына
бағытталған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың саяси бағытын қолдауымыз керек. Себебі,
Қазақстан атты туған еліміз күннен-күнге көркейіп, гүлденіп
келеді. Егер биік белестерді бағындырамыз десек, алдымызға ұлы
мұраттар мен асыл мақсаттар қоя білгеніміз жөн. Сонда ғана
Қазақстан дүниежүзінде беделді, белгілі, айшықты орынға ие
болары сөзсіз. Әрине, дамыған алпауыт елдердің қатарына қосылу
үшін әлі де қажырлы еңбек ету қажет. Алайда осы жолда бізге
ешқандай кедергі келтірілмегенін ескерген жөн. Бүгінде
Қазақстан жастары әлемнің қай елінен білім аламын десе де өз
еркі. Тек жиған білімі мен талабы болса болғаны. Сол үшін ел
болашағы жалынды жастардың қолында екенін естен шығармаған
жөн. Ал жас ұрпақ өз кезегінде сапалы білімнен нәр алып, алға
қойған мақсатына жету жолында аянбай тер төгуі қажет.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Біз үшін ортақ
тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы
Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ
шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың
арманы», – деген қанатты сөзі күллі түркі халықтарын
бір серпілтіп, ертеңге деген сенім ұялатқаны жасырын
емес. Елбасы және бір сөзінде: «Мәңгілік Ел – ата-
бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы...
«Мәңгілік Қазақстан» жобасы,
ел тарихындағы біз аяқ
басатын жаңа дәуірдің кемел
келбеті. Елбасының «Мәңгілік
ел» идеясы баршамызды бір
мақсатқа, ортақ мүддеге
жұмылдыратын ұранға
айналуы тиіс. Осыдан
әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш
Президентіміз айтқандай
Қазақ елінің мәңгілік болуына
аянбай еңбек еттік. Елбасы
белгілеп берген «Қазақстан-
2050» стратегиясы ұлттың ұлы
бағдары. Мәңгілік ел біздің өз
қолымызда.
Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік ел» идеясының көздегені , төл
дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді
өркендету. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын
жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен
заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз
жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Мемлекеттің
осы бағытта атқарып жатқан ізгі жұмыстары аз емес, солардың бірі осы -
«Мәңгілік ел» идеясы. Сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаев «Мәңгілік ел»
идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте
маңызды және тарихи мәнге ие құжат деп санайды.
Елбасымыздың жолдауында айтылған мәселелердің қай-қайсысы
да еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпақты айналып
өтпейді. Жастарымыз білімді, ғылымды, рухани, адамгершілік
қасиеттерге бай, елінің тарихын, тілін, салт-дәстүрін қадірлейтін,
ұстанатын нағыз патриот болуы тиіс. Ол үшін жастарға көп
ізденіп, тәуелсіз мемлекет деңгейінде ойлай алатын ақыл-
парасатты болу жүктеледі. Қорыта келгенде, алдымызда
бағындырар биіктер мен алынар асулар айқын, ендігі
баршамыздың міндетіміз, осынау асқақ мұрат-мақсаттарды іске
асыру үшін жан аямай еңбек ету.
Қорытынды: Білім - барлық уақытта жоғары
құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты
адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны
ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан
Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай
дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген
мақсаттарды көздеп отыр. Омар Хайам айтқандай:
Сен жанбасаң лапылдап, Мен жанбасам лапылдап,
Аспан қайдан ашылмақ деген дейін, - біздің жастар
заман ағымынан қалыспай, ұлттық құндылықтарды
сақтап, білімді, белсенді болуы керек. Бүгінгі ұрпақ
білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана
біз "Мәңгілік ел" боламыз.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Әлем назарын аудартқан ақорда
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық
Жәнібек пен Керей бастаған қауым әлемге
Ұлттық тарихтың басымдылықтары. Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы
БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТ
Республикасының бітімгерлік миссиясы
Саяси элита
Республикасының бейбітшілік миссиясы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Қала қорғанысы
Пәндер