Дәстүрлі қазақ тәрбиесі: рухани-адамгершілік қағидалар мен әдіс-тәсілдер


Slide 1

Дәстүрлі тәрбие

Slide 2

Бүгінгі тілге тиек етерім, мұғалім ретіндегі мақсатымыз, саналы ұрпақ өсіру, тағылымы мол тұлға тәрбиелеу болғандықтан, «Елдіктің басы- тәрбие» деген мәселеге баса назар аудармақпын. Қазақ халқы- рухани мол қазынаның иегері. Ол өзінің өресі биік, сан салалы тағылымы мол, тәрбиесі мен мәйегі көп мәдениеттің иегері. Ата-бабаларымыз күмбірлеген күйімен, асқақтатат салған әнімен, ғашықтық, батырлар жырымен, мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерімен, ұлағатты еңбектерімен ғасырлар бойы өз ұрпағын тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Дәлелі- мына біз.

Slide 3

«Ұлы сөзден ұлағат» демекші, бүкіләлемдік өркениет тарихынан рекше орын алатын, әлемнің екінші ұстазы атанған Әл- Фараби бабамыз: «Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие берілуі керек, себебі тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген екен. Расында да мағынасыз, жүйесіз берілген тәрбиенің соңы өкінішке ұрындыратыны сөзсіз. Өз ұрпағының болмыс-бітіміне алаңдаушылық танытқан ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне қатаң қараған

Slide 4 Slide 5

«Жас баланы бес жасқа дейін аялап, өбіп ұста, бес жастан он жасқа дейін құл қылып жұмса, он беске келгенде ақылдас» дегенді айтқан бабаларымыз «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып, қыз сөйлегенннен без. » деуді де ұмытпаған. Ұждансыз ұл, қылықсыз қыз тәрбиесіне келген де темір тәртіп, қатаң қағида ұстанған.

Ұрпағының ұлылығын ұлықтаған ұлыларымыз баланың балалығына да, даналығына да дақ түсірмеген. Жігерін жасытып, ерлігін өшірмеген. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар.

Slide 6

Адам баласын тәрбиелеу үрдісінің мәні -тәні мен жанын дамыту болса, соның ішінде танымдық қызығушылығын уақыт өткен сайын, бала өскен сайын дамытып отыратын әдіс- тәсілдер қолдануға, соларды іздеп, табуға әкеліп саяды.

Мемлекетіміздің қазіргі мектептерге қойып отырған талабы- ізгі қасиеттерді бойына терең қалыптастырған ұрпақты тәрбиелеу. Ұлы ғұламалардың қайсысының еңбегін алсақ та білім алу ізгілікке алып баратын сенімді жол деп көрсетіледі.

Slide 7 Slide 8

Әл-Фарабидың тәрбиелік принциптері әділдіктен туындайды, ол тәрбие дегенді ізгілікті адам қалыптастыру үрдісі деп таниды. Адамның адам ретіндегі толық дамуына тек ізгілікті тәрбие ғана мүмкіндік береді.

Баланы тәрбиелеу дегеніміз- әділдік пен ізгілікті рухани дүниенің ұстанар бағдары етіп қалыптастыру.

Абай ақылды тәрбиелеудің өзін біржақты түсіндірмей, ақыл адамгершілік қасиеттің жетегіне еру керектігін айтады. «Суық ақыл», «Нұрлы ақыл» деп бөле көрсеткендегісі «нұрлы ақыл» білім мен ізгілікті тәрбиенің нәтижесінде қалыптасатын ақыл болып табылады.

Slide 9

«Жасында берген тәрбие, жас қайыңды игендей» деп бекер айтылмаған болар.


Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі: қағидалар мен әдістері
Құрсақ тәрбиесі: қазақ этнопедагогикасындағы ұғым мен дәстүрлі тәжірибе
Қазақ рухани-адамгершілік дәстүрлерінің тұлға тәрбиесіндегі аксиологиялық аспектілері
Өзін-өзі тану пәні арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік білімін дамыту әдіс-тәсілдері
Адамгершілік тәрбиесі мен оның қоғамдағы рөлі
Ашық сабақ №31 Алтын кілт: балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесі және ертеңгіліктер өткізу әдістемесі
Адамгершілік тәрбиесі: теориясы, принциптері және ұлттық-мәдени негіздері
Балалардағы әдеп пен адамгершілік тәрбиесі
Мектепте тәрбиенің сегіз бағыты: патриоттық, рухани-адамгершілік, ұлттық, еңбек-экономикалық-экологиялық, көпмәдениетті-эстетикалық, зияткерлік-ақпараттық және дене тәрбиесі
Рухани және адамгершілік тәрбие: қоғамдағы рөлі мен теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz