Фелпс диетасы



Майкл Фелпс
Сейдигали Ақниет ХІТ 20-05

Майкл Фэлпс (Міцһаел Фред Пһелпс, 30 маусым, 1985 жыл) - атақты АҚШ жүзушісі. Спорт тарихындағы 50 метрлік бассейнде 23 дүркін олимпиада чемпионы, 28 дүркін олимпиада ойындарының жүлдегері және 26 дүркін әлем чемпионы болған жалғыз спортшы. Олимпиада ойындары тарихындағы медаль саны абсолюттік рекордсмен. Лондонда өткен ХХХ жазғы олипиадада Лариса Латынинаның 48 жыл бойы сақталған медальдік рекордын жаңартқан болатын.

Толық есімі:Майкл Фред Фелпс ЫЫ
Лақап аты:«Балтимор оғы»[, «Ұшқыш балық»
Азаматтығы: АҚШ
Клубы:North Baltimore
Туған күні :30 маусым 1985 (35 жас)
Туған жері:Балтимор, Мэриленд, АҚШ
Кәсіби карьерасы:2000-2012, 2014-н. в.
Бапкер(лер) і:Боб Боумен
Бойы:193
Салмағы:88

Спорттық мансабы
15 жасында АҚШ-тың олимпиадалық құрамына қабылданған ол, көп ұзамай команданың лидеріне айналды. Дәл сол кезде кәнігі мамандар “Спитцтің ізбасары өсіп келе жатыр” деп жер жаһанға жар салды. Құлақтары қашан да түрік жүретін журналистер мақтаулы жүзушінің қарым-қабілеті қаншалықты екенін байқау үшін оның әр қадамын жіті қадағалай бастайды. Майкл өзінің мықтылығын тұңғыш рет 2003 жылы әлем чемпионатында паш етті. Барселонада 18 жастағы спортшы үш мәрте алтын медальды иеленіп, әлемдік рекордты бес рет жаңартты. Ал Афина Олимпиадасының алауы тұтануына тура бір жыл қалған. Спитцті тақтан тайдырып, өзінің шын мәнінде “су патшасы” екенін Майкл Фелпс ежелгі Эллада елінде дәлелдеуге тиіс еді.

Афина Олимпиадасы (2004)
Олимпиаданың алғашқы күнінде 400 метрге кешенді жүзуде АҚШ спортшысы әлемдік рекордты жаңартты. Жанкүйерлер “бір” деп бас бармақтарын бүкті. Бірақ келесі күні еркін тәсіл бойынша 4Х100 эстафеталық бәсекеде кілең жұлдыздардан жасақталған америкалықтан мәре сызығын небәрі үшінші болып қиып өтті. Енді Спитцтің рекордын бұзу мүмкін еместей көрінді. Фелпс бұл сәтсіздікке аса қайғыра қойған жоқ. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: “Мен Спитцтің рекордын жаңартуды мақсат тұтқан емеспін. Ондай әңгімені таратып жүрген журналистер. Афинада мен жалғыз алтын алсам да, соны місе тұтар едім”, - деді. Көп сөйлеп көпіргеннен гөрі, көп іс тындырғанды жөн көретін жүзуші көп кешікпей жеңіп алған алтындарының санын беске жеткізді. Енді небары екі рет жеңіс тұғырына көтерілсе, атақты Спитцпен теңесетін еді. Миллиондаған жанкүйер сол тарихи сәтті көруге құлшынды. Өзге біреу болса, тарихта қалуға тырысып, жанын салар еді-ау, бірақ Фелпс ойда-жоқта өз орнын әріптесі Иан Крокерге босатты. Жанкүйер біткеннің барлығы аң-таң, мамандар оның бұл әрекетін түсіне алмай әлек. Ал Майкл болса: “Өкінішке қарай, Крокердің еншісінде бірде-бір алтын жоқ. Ал мен бас бәйгенің бесеуін алып үлгердім. Сондықтан да досыма өз орнымды ұсынып, жоғарыдағы олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік бердім. Қанша дегенмен, біз бәріміз бір командамыз ғой”, - деп мәрттік танытты.
Келесі күні 19 жастағы Майкл Фелпс алтыншы мәрте алтын медаль жеңіп алды. Осылайша Марк Спитцтің рекорды бұзылған жоқ. Алайда жас жүзушінің бұл мәрттігі жайында жанкүйерлер әлі талай жылдар бойы әңгімелеп жүрері анық. Алайда рекордтық көрсеткіш көп күттірген жоқ.


Пекин Олимпиадасы (2008)
2008 жылғы Пекин Олимпиадасында сегізінші алтын медаль жеңгеннен кейінгі Фэлпс суреті
Бейжіңде 23 жасар Майкл Фелпс Олимпиада ойындарында тағы сегіз алтын медаль жеңіп алып, 14 дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

Ең жас рекордшы
10 жасында Майкл жүзуден өз жас санатындағы ұлттық рекордты жаңартып, Боб Боуманның қол астында жаттыға бастайды.
Боб Боуман Майклмен алғашқы кездесуі туралы:
Оны алғаш достарымен бассейннің жанында көргенімде, жеңілуді жек көретін бала екенін байқадым. Ал жарыста 10 жасында көрдім. Майкл сол кездің өзінде қалыптасқан спортшы болатын.
2000 жылы 15 жасында Майкл Фелпс АҚШ-тың 1932 жылдан бергі ең жас споршысы болып олимпиадаға барады. Ал 2001 жылы 30 наурыз күні Жапонияда өткен әлем чемпионатында 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден әлемдік рекорд орнатады. Майкл Фелпс бұл жетістігі арқылы әлемнің ең жас рекордшысына айналады.

Ерекше дене бітімі
Майклдың аяғы өзімен бойлас адамдарға қарағанда қысқа және денесі керісінше ұзынырақ. 47-ші өлшемдегі америкалықтың табаны да қарапайым адамға қарағанда бірнеше есе үлкен. Майклдың қолының ұзындығы 203 сантиметр. Ол 193 сантиметр құрайтын өз бойынан 10 сантиметрге ұзынырақ.
Майкл Фелпс - жолы болғыш спортшы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz