Медициналық статистика



Медициналық статистика. Статистикалық шамалар: абсолюттік сандар, қатысты көрсеткіштер, қатысты көрсеткіштер, стандартталған көрсеткіштер.
Орындаған: Сұлтанов Бақытжан

Кіріспе
Статистика деген латынша «Stato», ал қазақша «Жағдай» деген мағынаны көрсетеді. Қазіргі кезеңде ғалымдардын көбісі статистикаға мынандай түсінік береді. «Статистика жеке қоғамдық ғылыми бағыт. Ол қоғамдағы белгілі бір мезгілде және кеңістікте жүретін жалпы өзгерістердің сандық және сапалық жағын зерттейді». Осыған қарағанда статистика жалпы көріністерді тұжырымдау үшін қажет екен. Оны жеке көріністерді зерттеуге қолдануға болмайды. Сондықтан оны басқаша «Статистика деген - жалпы көріністердің топтық қасиеттерін математикалық жолмен түсіндіру» деуге болады.

Статистиканың материалдық бөлімі деректі сандардың жиынтығынан тұрады. Ал медициналық статистиканың материалдық бөлімі тұрғындардың денсаулығы туралы деректі цифрлар жиынтығынан құралады. Медициналық статистика тек кана ғылыми немесе пөндак бағыт емес, сонымен катар қоғамдық тәжірибе. Оның көмегімен медицина мекемелері есепке алу және есеп беру жұмыстарын атқарады. Есепке алудың терең мағынасы бар. Ол есепке алудың жоспарлаумен тығыз байланысты бірыңғай жүйесі.


Медициналық статистика
Медициналық статистика дегеніміз - қоғамдық тәжірибе саласы және жекеше оқылатын маңызды пән. Ол жалпы статистиканың бір тармағы. Басқаша айтқанда, медициналық статистика қоғамдық медициналық ғылым. Ол денсаулықты және денсаулықты сақтау жұмысын сандық және сапалық жағынан зерттейді. Сонымен қатар, статистиканың әдістері мен әдістемелері арнайы медициналық мәселелерді де шешуге қолданылады. Кез-келген саладағы дәрігерлер мен денсаулықты сақтауды ұйымдастырушылар үшін медициналық статистика денсаулыққа, санитарлық және өндірістік тіршіліктік жағдайға сандық және сапалық баға беруге қолданылатын негізгі құрал болып табылады.

Медициналық статистика жалпы статистика ғылымының негіздеріне жүгінеді. Ол үш бөлімнен тұрады:

Статистикалық көрсеткіштер
Статистикалық көрсеткіш деп - әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестерді сипаттайтын қорытындылаушы шаманы айтады. Жиынтықтың жеке мәндері белгілерді, ал сандық сапалық сипаттамасы жиынтықтың (топтың) қасиетін-статистикалық көрсеткішті білдіреді. Мысалы, нақты бір студенттің орташа үлгерімі - бұл белгі, жоғары оқу орнының студенттерінің үлгерімі - бұл көрсеткіш болады.

Статистикалық көрсеткіштер
•Статистикада қорытындылаушы шамалардың үш тобы бар.
Олар:
абсолютті шамалар,
қатысты шамалар
стандратталған шамалар.

Абсолютті статистикалық көрсеткіштер
• Абсолютті статистикалық шамалар бастапқы мәліметтерді жинақтау арқылы алынады.
• Абсолютті шамалар деп қоғамдық құбылыстардың абсолютті мөлшерін көлемін сипаттайтын көрсеткіштерді айтады.

Абсолютті шамалар
Жеке абсолютті шамалар зерттелетін жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін көлемін білдіреді. Мысалы, бір мектептегі оқушылар саны, бір дүкеннің тауар айналымы, бір жұмысшының айлық табысы және т. б.
Жалпы абсолютті шамалар жеке абсолютті шамалардың қосындысынан алынады. Абсолютті шамалардың көмегімен зерттелетін құбылыстардың абсолютті мөлшерін сипаттайды: көлем, салмақ, аудан, ұзындық және т. б.

Абсолютті статистикалық көрсеткіштер
Абсолютті көрсеткіштер атаулы сандар болып келеді, сондықтан абсолютті шамаларды есептеу кезінде төмендегідей өлшем бірліктері пайдаланылады:
а) табиғи: дана, тонна, литр, шаршы метр, куб метр т. б.
б) құндық: өнім бірлігінің бағасы, өнім бірлігінің өзіңдік құны, сатылған тауар бірлігінің құны;
в) есептік өлшем бірліктері бірнеше табиғи өлшем бірліктерінің тіркесі арқылы алынады. Мысал ретінде тоннокилометр (т/км) алуға болады. Ол көлік жұмысының көлемін бағалау үшін қолданылады: егер салмағы 5 тонналық жүк 50 километр қашықтыққа тасымалданса, онда тасымалдардың көлемі 250 т/км құрайды. г) шартты-табиғи өлшем бірліктері өнімнің көлемін бағалау үшін пайдаланылады. Мұндай өлшем бірліктері энергетикада (шартты отын), консерві өнеркәсібінде (шартты банка), полиграфия өнеркәсібінде (шартты баспа табақ) пайдаланылады; д) еңбек өлшем бірліктері: адам- күн, адам- сағат.

Қатысты шамалар
Қатысты шамалар құбылыстардың сандық қарым қатынасын білдіреді, олар бір абсолютті шаманы екіншісіне бөлудің нәтижесінде есептеп шығарылады.
Қатысты шамалар салыстыру негізі 1 -ге тең болғанда коэффициент түрінде, салыстыру негізі 100 -ге тең болғанда пайызбен өлшенеді.

Қатысты шамалар
Мазмұнына қарап қатысты шамалардың:
динамикалық,
жоспарлық тапсырманың орындалуы,
жоспардың орындалуы,
құрылымдық,
үйлестік (координациялық),
үдемелік (интенсивтік),
салыстырмалы,
дәрежелік топтары

Қатысты шамалар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz