Бруцелез ауруы жайлы жалпы мағлұмат


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті» КеАқ

Тақырыбы: “Бруцеллез (сарып) ауруы”

Орындаған: Көбжанов Н

Тексерген: Жүзжасарова Г. Е

2020ж

Slide 2

Жоспары

І. Кіріспе

Бруцелез ауруы жайлы жалпы мағлұмат

ІІ. Негізгі бөлім

а) токсономиясы

б) морфологиясы және физиологиясы

в) дақылдандыруы мен ферменттік, антигендік қасиеттірі

г) патогенділік факторлары және резистенттілігі

д) эпидемиологиясы, патогенезі мен клиникалық көрінісі

е) Диагностикасы, емдеуі және алдын алуы

ІІІ. Қорытынды

Қазақстандағы бруцеллез ауруы

Slide 3

Бруцеллез - ұзақ ағыммен айқандалатын, бактериялар тудыратын, жүйке, зәр шығару және жүрек-қантамыр жүйелерін, тірек-қимыл аппаратының зақымдалуымен, ұзаққа созылған дене қызбасымен көрінетін жұқпалы ауру.

Бруцеллез - адамдар мен жануарлардың созылмалы, өткір инфекциялық-аллергиялық ауруы. Ол өкпенің қабынуы, лимфа түйіндерінің, жүйке жүйесінің ж/е тірек-қимыл аппаратының зақымдалуымен сипатталады, барлық жерде таралған зоонозды ауру.

Slide 4

ТАКСОНОМИЯСЫ

Бруцелездің негізгі қоздырғышы бруцелла (Brucella) туыстастығындағы бактериялар тобы. Қоздырғыш туыстастығының атауы 1886 жылы бруцеллез қоздырғышын алғаш рет ашқан ғалым Д. Брюс атымен байланысты

Бөлімі: Gracilicutes

Тұқымдастығы: Brucellaceae

Туыстағы: Brucella

Түрлері: Brucella melitensis, B. abortus, B. suis, B. canis, B. ovis, B. neotomae

Бруцеллалардың 3 түрі адам үшін патогенді болып табылады:

1. B. melitensis - қой бруцеллезының қоздырғышы;

2. B. abortus - ірі қара мал бруцеллезының қоздырғышы;

3. B. suis - доңыз бруцеллезының қоздырғышы.

Қазақстанда негізінен бруцеллездің жұқтыру көзі B. melitensis пен B. abortus болып табылады.

Slide 5

МОРФОЛОГИЯСЫ, ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТЫНЫС АЛУ ТИПІ

Бруцеллалар - ұсақ, коккобактериалды, грам теріс таяқшалар. Олар спора түзбейді, талшықтары жоқ, капсуласы бар. Бруцеллалар қоректік орталарға талғамды. Олар ақуызды немесе аминқышқылдарын қажет етеді. Сарысулық, қанды агарда жақсы өседі. Колониялары S-формалы, ұсақ, тегіс, жылтыр, биохимиялық белсенді емес. Баяу көбейеді (2-3 аптадан кейін) .

B. melitensis - қоректік орта құрамына тианин мен фуксин қосылғанда өседі. Н2S түзбейді, тыныс алу типі бойынша аэробтар.

B. abortus - фуксин қосылған ортада жақсы өседі. Н2S түзеді, тыныс алу типі бойынша микроаэрофилл.

B. suis - тианин қосылған ортада өседі, Н2S түзеді, тыныс алу типі б/ша аэробтар. Антигендік құрылымы күрделі, соматикалық антигені ұқсас келеді. Монорецепторлық сарысулардың қатысуымен агглютинация реакциясын береді.

Slide 6

БРУЦЕЛЛА

Slide 7

ФЕРМЕНТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІ МЕН АНТИГЕНДІК ҚАСИЕТІ

Бруцеллалар каталаза және оксидазасы бар, нитратты нитритке айналдырады, цитратты утилизацияламайды, күкіртті сутек түзеді.

Бруцеллалардың О-антигендері бойынша бірнеше түрі бар; негізгі беткейлік антигендері А және М антигендері. Бұл Аг-дер түрге байланысты арнайылығы бар: Brucella melitensis М Аг басым, ал B. abortus пен B. suis-те А Аг басым боп келеді. Бруцеллалардың термостабильді VI-антиген анықталған.

Slide 8

ПАТОГЕНДІЛІК ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ РЕЗИСТЕНТТІЛІГІ

Капсула, инвазияға қабілеттілігі, қанның бактериоцидтік әсеріне тұрақтылық, ферменттер бөлу (эндотаксин және агрессия ферментіне жататын гуалуронидаза ж/е т. б), фагоцитозы аяқталмаған. Бұл факторлар олардың тінде оңай таралуына мүмкіндік береді. Инвазивтік қасиеттерінің арқасында лимфа және қанға түсіп, бактериемия қоздырады. Бруцелланың адгезиялық қасиеттері - сыртқы мембрана қуыстарымен байланысты және бруцелланың тағы бір ерекшелігі ол аллергендің қасиетке ие боп келеді.

Бруцеллалар қайнатқанда және дезинфекциялық ерітінділер әсерінен тез жойылады, дегенімен төменгі температураға тұрақты(тоңазытылған етте 5 айға дейін, сүт тағамдарында 1, 5 ай сақталады) .

Slide 9

ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ

Бруцеллаларға теңіз шошқалары, ор-қояндар, ақ тышқандар өте сезімтал болып келеді. Бруцеллез-зоонозды инфекция болғандықтан, жұқтыру көзі - ірі және ұсақ қара мал, доңыз, сирек жағдайда еліктер, жылқфылар, иттер, мысықтар және тағы басқалар. Қазақстанда негізінен бруцеллездің жұқтыру көзі B. melitensis пен B. abortus болып табылады. Бруцеллезбен зақымдану ет, сүт, мал терілері оның тағамдарын қолданғанда пайда болады. Көбінесе бруцеллезбен жануарлармен көп қатынаста болатын малшылар, сауыншылыр мен мал, ет, сүт өнімдерін сатушылар ауырады. Бруцеллездің адамға жұғу жолдары:

1. Ауру малмен айналысқанда (контакт-жанасын латын сөзi) микробтар адам денесiне қолдың кесiлген, жарылған жерлерi арқылы түседi.

2. Қой қырыққанда, жүн түткенде, тағы басқадай жағдайларда, шаң-тозаң арқылы микробтар кiсiнiң көзiне, аузына, дем алу жолдарына түседi.

3. Ауру мал cүтiн, eтiн шикiдей, не шала пiсiрiп, iшiп жегенде, (тамақ қорыту жолы) .

4. Лабораторияда бруцелла микробтарымен жұмыс iстегенде де ауру жұғуы мүмкiн.

Бруцеллез ауруы жазғытұрым, жазды күнi болып отырады.

Бруцеллез бүкіл мемлекетте таралған. Бүкіл әлемдегі бруцеллездің ең көп тараған кезі 1961-1980жж арасында болады (Еуропа(60%), Америка(20%), Африка(10%), Азия(10%) ) .

Науқас адам - инфекция көзі болмайды !!!

Slide 10 Slide 11

Ауылшаруашылық жануарларының бруцелезбен ауыру көрсеткіші шаруашылықтың мамандануы мен керекті құрал-жабдықтармен жабдықталуына, санитарлық-ветеринарлық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты. Қазақстанда бруцелезді жұқтырған ірі қара малды жоюына байланысты ірі қара малдың басы азайды. 2009 жылы ИФА көмегімен 129 000 ірі қара малда бруцеллез қоздырғышы анықталып жойылды, ал бұл барлық ірі қара малдың 1, 8%. Бұрынырақта бұл көрсеткіштер 3-4 % болатын.

Өткен жылы 7 млн 30 мың ірі қара мал бруцеллезге тексеріліп, нәтижесінде 129 мыңы тіркелді. 23 млн қой мен ешкілерді тексергенде, олардан 43 мыңында қоздырғыш табылды. Республикамызда Бруцелезды анықтаудың жаңа әдісі енгізіліп, сол арқылы ауру малдарды тез анықтап, утилизациялауда 2 есе қарқынды жұмыс істелінуде

Slide 12

БРУЦЕЛЛЕЗДІ ЖҰҚТЫРАТЫН ТАҒАМДАР

Slide 13

Қазақстандағы бруцеллездің 2003 жылға дейінгі даму көрсеткіші(динамикасы)

Slide 14

Қазақсанда бруцеллезбен ауыратын науқастар кездесетін облыстар:

Slide 15

Батыс қазақстан өңірі - Республикамыздағы ең бір бруцелездің өршіп тұрған аумағы . Соңғы 3 жылда (2007-2009жж) бұл өңір бруцеллездің таралуы бойынша Республикадағы ең қауіпті 3 аймақтың біріне кіріп отыр. Алдағы уақытта бұл өңірде бруцеллезбен күресті (алдын алу мақсатында) күшейту мақсатында еліміздің қорынан қыруар сома бөлініп отыр.

Slide 16

23-47 жас

Ерлер

арасында

Әйелдер арасында

87, 3%

76 %

24 %

Қазақстандағы бруцеллездің таралу көрсеткіштері(2009-10ж)

Slide 17

ПАТОГЕНЕЗІ және ИММУНИТЕТІ

Бруцеллар адам ағзасына тері және шырышты қабат арқылы өтеді, аймақты лимфа түйініне түседі, қанға таралады. Қан айналымымен барлық ішкі ағзаларға тарайды және ретикулярлық эндотелиялды жүйеге енеді(бауыр, көкбауыр, сүйек кемігі) . Осы ағзаларда ұзақ сақталып, қайтадан қанға түседі. Бруцеллар бұзылған уақытта эндотаксин бөледі, ол ағзаның жалпы интоксикациясын тудырады. Аурудың патогенезінде организмнің сенсебилизациялануы маңызды рөл атқарады.

Бруцеллез ауруынан соң тұрақсыз, стерилді емес, ұзаққа созылмайтын(6-9 айға дейін сақталатын) гумолалды-жасушалық(фагоцитоз, аглютиндер, комплемент байланыстырушы антиденелер және т. б) иммунитет қалыптасады.

Бруцеллезбен ауырған адамдар осы ауруға қайтадан шалдығуы мүмкін!!!

Slide 18

Tiтipкeнyi

Бруцеллалардың бiрiншi рет кipyiмен

Қайталап тiтipкeнyi

Патогенез кезеңдерi

1. Лимфогендiк кipy, лимфо-рецепторларының тiтipкeнyi

2. Гематогендiк кipy (бактериемия), гемо- рецепторлық тiтipкeну.

3. Көпошақты зақымдану, (метастазды ошақтардың пайда болуы)

4. Эндогендiк ошақтардан организмге тарауы (бiрнеше рет қайталанған бактериемия) және ин­фекциялық, аллергиялық өзгерiстер.

5. Соңғы кезеңнің мета­морфозы:

а) тарқауы

б) фиброз, нейродистро­фия

в) өзгермейтiн тұрақты қал дықтары

Kөpiнici

Инкубация кезеңi

Жедел бруцеллез

Жеделдеу бруцеллез (" сепсис" сияқты)

Рецидив, созылмалы қозу, бруцеллез.

Сауығу, бруцеллез­дің қалдығы (рези­дуальды бруцеллез)

Бруцеллез патогенезi бес кезеңнен тұрады (ГЛ. Руднев, 1955) : лимфогендi, гематогендi, көпошақты зақымдау, экзоошақты таралу, ақырғы кезеңдерi. Әрбiр кезеңнің көpiнici, дамуы науқастың халқуатына, басқадай ерекшелiктерiне байланысты. Ауырған адамдардың бәрi бiрдей патогенездің барлық кезеңдерiн өтпейдi. Мысалы: бiр адам - ауру жұққанмен ауырмайды, бруцеллездің латенттi түpi сақталады. Екiншi науқас жедел бруцеллезбен ауырып, жазылады. Ал, үшiншiсiнде созылмалы түpi дамымайды. Сол сияқты бруцеллез инфекциясының неше алуан түрлерi болуы мүмкiн.

Бруцеллез патогенезi мен клиникасының схемасы (Г. П. Руднев, 1955)

Slide 19

КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ

Бруцеллез ауруының басталу және одан әрі дамуына байланысты түр-түрге бөлiнедi.

Бруцеллездің клиникалық классификациясы.

(Руднeвтiкi, 1955 ж. )

1. Жедел (острый) бруцеллез.

2. Жеделдеу (подострый) бруцеллез.

3. Созылмалы бруцеллез (6 айдан кейiн) .

4. Латенттi (көрiнiссiз) бруцеллез.

Бруцеллезбен ауырып жазылғаннан кейiнгi зардаптары (резидуальды, қалдық бруцеллез) .

Бруцеллездің инкубациялық кезеңі 1-3 аптаға дейін созылады. Дамыған аурудың белгісі әртүрлі. Бруцеллез кезінде ұзақ дене қызбасы, қалтырау, тершеңдік, буындардың ауырсынуы, түсік тастау байқалады. Кейбір жағдайларда радикулиттер мен миозиттер пайда болады.

Slide 20

МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОЗ ҚОЮ


Ұқсас жұмыстар
Инсулин гармонын бөлетін без
Күйдіргі бациллалары
ТЕМЕКІ ТАРТУМЕН КҮРЕС
Бақбақ кофесі
Есептеуіш машиналар
Қатты денелердегі қысым
Құстардың қысқы тіршілігі
Вирустардың адам дертіндегі орны
Желтоқсан оқиғасының ақиқаты
Мәнерлеп оқу қабілетін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz