КОУЧИНГ ҮДЕРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Slide 1

Коучинг үдерісінің теориялық негіздері

Орындаған: УсФкс-18/3 оқу тобының студенті Жұмағалиева Ж.

Пән оқытушысы: аға оқытушы, магистр Қамиева Г. Б.

Slide 2

Мұғалімдер мен тренерлердің жаңаша оқыту қызметінің әлсіз тұсы сабақ өткізуде үйренушілердің жеке жұмыста сыни ойлауына ықпал ететін, топтық жұмыста зерттеушілік әңгіме ұйымдастыруға мүмкіндік беретін рефлективтік диалогтің артықшылықтарын түсіну. Мұғалімдердің ұстаным-көзқарастары мен шешімдерін өзгерту арқылы әрекеттеріндегі өзгерістерге ықпал етіп, өз әлеуеттерін пайдалана алу мүмкіндіктерінде болып тұр. Бұл мәселедегі қайшылықтар мұғалімдердегі коучингке қойылатын талаптар мен оны өткізу әдістеріндегі айырмашылықтарынан туындайды. Мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдер коучингті тренингтік тәсілдер не практикалық жаттығулар сияқты жұмыс формаларымен өткізуге тырысады.

Коучинг теорияларына тоқталып өтсек, «коучинг - адамның өз әлеуетін толық пайдалануына жағдай жасай отырып, оның жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру арқылы оқып-үйренуі мен дамуына жанама ықпал ету», деп анықтама береді Майлз Дауни (Myles Downey), өзінің «Тиімді Коучинг» деген кітабында.

Slide 3

«Коучинг -бұл адамның әлуетін тиімді көтеру мақсатында потенциалын аша түсуді көздейді. Коучинг оқытпайды, оқуға көмектеседі». (Тимоти Голви)

Коучинг - бұл әмірлі бақылауға алтернативті, басқару тәртібі. (Джон Уитмор)

Коучинг процессінде 4 кезең бар - бұл коучингтің барлық үдерісі емес, модельдердің бірі, яғни олардың әрқайсысына сай өз сұрақтары бар, онда қолданылатын құралдардың бірі:

G (Goal) - Мақсаттарды қою - Нені қалайсың?

R (Reality) - Қоршаған шынайылық - Қазір не болып жатыр?

O (Options) - Мүмкіншіліктер тізімі - Не істей аласың?

W (What) - Сенің еркің - Не істейсің?

Slide 4

Коучинг сұрақтары мынадай болуы керек:

ашық (Не? Қайда? Қашан? Кім? - фактілер) ;

зерттеушілік (Қаншалықты? Қаншалықты жиі? Барлығы қанша - детальді фактілер) .

Классикалық коучингтің негізгі төрт кезеңі бар:

Slide 5

Коучинг-сессияның жиі кездесетін екі түрі бар:

Slide 6

Коучингтің басқа да үдерістерден айырмашылығы неде?

Slide 7 Slide 8

Жеке коучинг- бұл лайф-коучингтің ең көп таралған түрі. Жеке коучинг деп сіздің мақсаттарыңызға қол жеткізуге немесе өмірдегі белгілі бір мәселелерді шешуге бағытталған коучпен жеке жұмыстарыңызды айтады. Коучингтің мұндай түрі сіз үшін ең маңызды мәселеге нақтырақ тоқталып, өзіңіздің талаптарыңыз бен мүмкіншіліктеріңізге жұмысты толықтай бейімделдіруге мүмкіндік береді.

Коучинг үдерісі былай жүргізіледі: коуч сұрақтар қояды, ал сіз оған жауап бересіз. Әрине, бұл жеңілдетілген сипаттама, бірақ шын мәнінде үдеріс осылай жүреді: коучтың негізгі міндеті - жауаптары оң нәтиже беретін сұрақтар қою. Коучтың қоржынында өз жұмысына қажетті көптеген құралдар бар, бірақ солардың ішіндегі ең маңыздысы - сұрақтар.

Коучинг түрлері:

Slide 9

Топтық коучинг көбінесе белгілі бір тақырыпқа сай семинар түрінде жүргізіледі. Команда алдына қойылатын мәселені шешуге бағытталған командалық коучингтен топтық коучингтің айырмашылығы топтың әр мүшесінің жеке мәселесін шешуге бағытталғандығында.

Семинар құрылымы әр қатысушының коучинг режимінде өз жеке мақсаттарымен және мәселелерімен толықтай жұмыс жасай алатындай құрылады. Жеке дара жұмыс жасай аласыз, немесе семинардың басқа қатысушыларымен бірлесіп те жұмыс жасай аласыз. Әдетте мұндай ұйымдасушылық өте жақсы нәтиже береді.

Мұндағы коучтың басты міндеті сұрақтар қоя және басқа да құралдарын пайдалана отырып семинар қатысушыларының өміріне жағымды өзгерістер шақыра білу, олардың қойған мақсаттарына жетуге ықпал ете білу болып табылады. Егер де сіз семинар процессі кезінде қарқынды жұмыс жасасаңыз және семинардан соң да өз шешімдеріңіз бен жоспарларыңызды қарқынды жүзеге асыруға дайын болсаңыз, онда осындай бір семинардың өзі сіздің өміріңізді түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Slide 10

Коучинг өткізуде қолданылатын жаттығулар:

Алдымен өзін-өзі бағалау кестесімен жұмыс жасалынады. Бұл коучинг-сессия өткізілетін бағытты анықтауға мүмкіндік береді. Төменде осындай екі кестенің үлгісі берілген.

Кесте-1: Сындарлы оқыту теориясының модулдері бойынша мұғалімнің өзін-өзі бағалау кестесі

Бағыт-сала

Бүгін

Ертең

Маңыз

1

Диалогтік оқыту тәсілдері

2

Қалай оқыту керектігін үйрету

3

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

4

Оқыту үшін және оқытуды бағалау

5

Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану

6

Дарынды балаларды оқыту

7

Оқытуда жас ерекшелік ескеру

8

Оқытуды басқару, көшбасшылық

Тапсырма: Әр бағыт бойынша 10 ұпайлық жүйемен алдымен «Бүгін» деген бағанға қазіргі жағдайын, сосын «Ертең» деген бағанға жету керек болатын деңгейді бағалап шығу керек. Соңынан «Маңыз» деген бағанға үш ұпайлық жүйемен әрқайсысының сен үшін маңыздылығының қандай екенін көрсету керек.

Slide 11

Кесте-2: Жаңаша оқыту бойынша сабақ жоспарлау бағытында тренердің немесе мұғалімнің өзін-өзі бағалау кестесі

Бағыт-сала

Бүгін

Ертең

Маңыз

1

Сабақтың мақсатын дұрыс қоя білу

2

Сабақ мазмұнын ашып көрсете білу

3

Тиімді оқыту әдістерін таңдай алу

4

Оқыту ұйымдастыру формалары

5

Оқу тапсырмаларын тиімді қолдану

6

Оқыту құралдарын дұрыс пайдалану

7

Сабақта рефлексия жасауға үйрету

8

Сабақ нәтижесін дұрыс бағалай алу

Келесі кезекте «тепе-теңдің дөңгелегімен» жұмыс жасалады. Бұл жасалатын жұмыс бағыттарын бейнелі түрде көрсетуге ықпал етеді.

Slide 12

Коучинг қызметінде «тепе-теңдік дөңгелегін» пайдалану әріптеске критерий арқылы өзін-өзі бағалауға үйретіп қана қоймай, өз жұмысындағы болашақ даму бағыттарын айқын көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, белгілі бір уақыт аралықтарында қаншалықты алға жылжу керектігін ғана емес, қаншалықты ілгерілеу болғандығын анықтауға да жағдай жасайды. Ең басты ерекшелігі, «тепе-теңдік дөңгелегін» пайдалану коучинг-сессияны мәселенің қай жағынан бастау керектігін ғана емес, оның қаншалықты өзекті екендігін айқын көрсетеді.


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық қоғамдастық аясында әріптестеріне кәсіби қолдау көрсету
Сабақтан алғаным
Lesson study үдерісінің маңыздылығын
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі туралы
Тіл мәдениетінің міндеті
СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Оқытудың әдістемелік негізі
Коучинг - оқудың нәтижелілік дәрежесін арттыру арқылы оны жетілдіруге мүмкіндік беретін үдеріс
Топтық тапсырмалар
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz