Моральдық зиянды өтеу


Slide 1

Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу. Моральдық зиянды өтеу. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер (ҚР АК 47, 48 тарау)

Slide 2

47-тарау. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер Параграф 1. Жалпы ережелер

917-бап. Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi

1. Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

Заң актiлерiнде зиянды өтеу мiндетi зиян келтiрушi болып табылмайтын тұлғаға жүктелуi, сондай-ақ өтеудiң неғұрлым жоғары мөлшерi белгiленуi мүмкiн.

2. Зиян келтiрушi, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегендiгiн дәлелдесе, оны өтеуден босатылады.

3. Заңды iс-әрекеттермен келтiрiлген зиян осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайлардаөтелуге тиiс.

Slide 3

Зиян - бір субъектінің басқа субъектілерге немесе табиғатқа, қоршаған ортаға, адамдарға келтірген залалы.

Зиян келтіргені үшін жауаптылық - азаматтың жеке басына немесе мүлкіне не заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіргені үшін зиян келтірушінің жәбірленушіге оны толық көлемде өтеуге міндеттілігі.

Заңсыз іс-әрекет - құқыққа сәйкес келмейтін іс-әрекет.

Кінә - қылмыстың субъективті жағының негізгі және міндетті белгісі.

Slide 4

Параграф 2. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу

Slide 5

937-бап. Денсаулықты зақымдау арқылы келтiрiлген зиянды өтеудiң көлемi мен сипаты

1. Азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болған не анық иелене алатын табыс (кіріс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығыстар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке даярлауға және басқалар), егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса, өтелуге жатады.

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке даярлауға және басқалар), қызметкердің денсаулығына зиян келтірген жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген шектерде өтейді.

2. Жоғалтқан табысты (кiрiстi) анықтау кезiнде жарақаттануына немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрiлуiне байланысты жәбiрленушiге тағайындалған мүгедектiк бойынша жәрдемақы, денсаулығына зиян келтiргенге дейiн де, одан кейiн де тағайындалған басқа да жәрдемақы түрлерi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерi өтеу есебiне қосылмайды. Зиянды өтеу есебiне жәбiрленушiнiң денсаулығы зақымданғаннан кейiн алатын табыс та есептелмейдi.

3. Осы бапқа сәйкес жәбiрленушiге тиесiлi өтемнiң көлемi мен мөлшерi заң актiлерiмен немесе шартпен көбейтiлуi мүмкiн.

Slide 6

Жарақат (грек. τραῦμα - жара) - сыртқы әсер ету (механикалық, химиялық, электрлік және т. б. ) салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы.

Зақым келтіру - жеке адамға қарсы қылмыс түрі, адамның денсаулығына зиян келтіру.

Жәбірленуші - қылмыс пен моральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілген адам.

Жәрдемақы - азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі.

Slide 7

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ

122-бап. Жұмыскердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы

1. Жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген кезде жұмыс беруші зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде және тәртіппен өтеуге міндетті.

2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген зиян жұмыскердің сақтандыру төлемдері болмаған кезде толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші жұмыскерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті.

3. Жұмыскерге кәсiптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылудың бестен жиырма тоғызға дейінгі пайызды қоса алғандағы дәрежесiн белгілеумен байланысты зиян келтірілген кезде, жұмыс беруші жұмыскерге жоғалтылған табысын және денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеуге міндетті.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу кезеңінде денсаулықтың зақымдануынан туындаған, жұмыс беруші өтейтін шығыстардың мөлшері төлем төленетін кезде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар өтелуге жатпайды.

Slide 8

938-бап. Денсаулықтың зақымдануы салдарынан жоғалтылған табысты (кiрiстi) анықтау

1. Өтеуге жататын жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiнгi не жәбiрленушiнiң кәсiби еңбекке қабiлетiн, ал ол болмаған кезде - жалпы еңбекке қабiлетiн жоғалтуы дәрежелерiне сәйкес, еңбекке жарамдылығынан айырылу басталғанға дейiнгi орташа айлық табысының (кiрiсiнiң) проценттерiмен анықталады.

2. Жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) құрамына негiзгi жұмыс орны бойынша да, сондай-ақ қоса атқаратын жұмысы бойынша да еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша еңбекке ақы төлеудiң жеке табыс салығы салынатын барлық түрлерi кiргізіледi. Бiржолғы сипаттағы төлемдер (пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақылар, жұмыстан босатылған кездегi жұмыстан шығу жәрдемақысы және басқалары) есептелмейдi. Уақытша еңбекке жарамсыздық және жүктілік пен босануға байланысты демалыс кезеңi үшiн төленген жәрдемақы есепке алынады. Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын кiрiстер, сондай-ақ авторлық қаламақы жоғалтылған табыстың құрамына кiргізіледi, бұл ретте кәсiпкерлiк қызметтен алынатын кiрiстер мемлекеттік кіріс органы деректерiнiң негiзiнде кіргiзiледi.

Табыстың (кiрiстiң) барлық түрлерi салықтар ұсталғанға дейiн есептелген сомаларда ескерiледi.

Slide 9

3. Орташа айлық табыс (кiрiс) денсаулыққа зақым келтiрудiң не еңбек қабiлетiн жоғалту басталардың алдындағы жұмыстың он екi айындағы табыстың (кiрiстiң) жалпы сомасын он екiге бөлу жолымен есептеледi. Зиян келтiрiлген кезде жәбiрленушi он екi айдан аз уақыт жұмыс iстеген жағдайда орташа айлық табыс (кiрiс) денсаулыққа зақым келтiрудiң алдындағы нақты жұмыс iстелген айларда тапқан табыстың (кiрiстiң) жалпы сомасын осы айлардың санына бөлу жолымен есептеледi.

Жәбiрленушi толық жұмыс iстемеген айлар оның қалауы бойынша толық жұмыс iстеген айлардың алдындағы айлармен ауыстырылады не оларды ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда есептен шығарып тасталады.

4. Жәбiрленушi зиян келтiрiлген кезде жұмыс iстемеген жағдайда оның қалауы бойынша жұмыстан босатылғанға дейiнгi табысы не осы жердегi оның бiлiктiлiгiндегi қызметкер сыйақысының жай мөлшерi ескерiледi, бiрақ ол заң актiлерiмен белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiштiң он еселенген мөлшерiнен кем болмауға тиiс.

5. Егер жәбiрленушiнiң табысында (кiрiсiнде) оған жарақат келтiрiлгенге немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiн оның мүлiктiк жағдайын жақсартатын тұрақты өзгерiстер болса (атқаратын қызметi бойынша жалақысы арттырылса, бiршама жоғары ақы төленетiн жұмысқа ауыстырылса, оқу орнын бiтiргеннен кейiн жұмысқа тұрса және жәбiрленушiнiң еңбегiне ақы төлеудiң өзгертiлуiнiң тұрақтылығы немесе өзгеру мүмкiндiгi дәлелденген басқа жағдайларда), оның орташа айлық табысын (кiрiсiн) белгiлеу кезiнде ол алған немесе тиiстi өзгертуден кейiн алуы тиiс болған табыс (кiрiс) қана ескерiледi.

Slide 10

Салық - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Табыс - шотқа түскен ақша.

Slide 11

939-бап. Кәмелетке толмаған адамның денсаулығы зақымданған кезде зиянды өтеу

1. Жасы он төртке жетпеген және табысы жоқ кәмелетке толмаған адам (жас бала) жарақат алған немесе денсаулығы өзгедей зақымданған жағдайда зиян үшiн жауапты адамдар денсаулықтың зақымдануына байланысты шығындарды өтеуге мiндеттi.

2. Жәбiрленушiнiң он төрт жасқа толғаннан кейiн, сондай-ақ табысы (кiрiсi) жоқ он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағанға зиян келтiрiлген жағдайда зиян үшiн жауапты адамдар денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындардан басқа, еңбекке ақы төлеудiң заң актiлерiмен белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштi негiзге ала отырып, оның еңбек қабiлетiн жоғалтуына және еңбек қабiлетiнiң төмендеуiне байланысты зиянды да жәбiрленушiге өтеуге мiндеттi.

Егер денсаулығы зақымданған кезде кәмелетке толмаған адамның табысы болса, зиян осы табыстың мөлшерi негiзiнде, бiрақ еңбекке ақы төлеудiң заң актiлерiмен белгiленген кемiнде он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтеледi.

Еңбек қызметi басталғаннан кейiн жәбiрленушi өзi алатын табысты негiзге ала отырып, бiрақ кемiнде өзi атқаратын қызмет бойынша белгiленген сыйақының немесе өзiнiң жұмыс орны бойынша сол бiлiктiлiктегi қызметкер табысының мөлшерiнде зиян өтемiнiң көбейтiлуiн талап етуге құқылы.

Slide 12

Кәмелеттік жасы - кемелденгендік, толысқандық, адамның бойы өсіп, бұғанасы қатқан, ақыл-ойы, рухани-моральдік жағынан жетілетін шағы.

Slide 13

940-бап. Азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеу

1. Азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласының, сондай-ақ ата-анасының бiреуі, зайыбы не еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, жасы он төртке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина органдарының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуiне мұқтаж аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын (жас балаларды) күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесiнiң зиянды өтетiп алуға құқығы бар.

2. Қайтыс болған адамның асырауында болған және ол қайтыс болғаннан кейiн бес жылдың iшiнде еңбекке жарамсыз болып қалған адамдардың да зиянды өтетiп алуға құқығы бар.

Ата-аналарының бiреуi, зайыбы не жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адамның осы баптың 1-тармағында көрсетiлген балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын және күтудi жүзеге асыру кезеңiнде еңбекке жарамсыз болып қалған отбасының басқа мүшесi осы адамдарды күту аяқталғаннан кейiн зиянды өтетiп алу құқығын сақтап қалады.


Ұқсас жұмыстар
ЗИЯН КЕЛТІРУ САЛДАРЫНАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Өндірістік жарақат және оның түрлері
Отбасы ертеректен келе жатқан институттардың бірі
Капитал теориясы
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің өзгешелігі мынада
Медицинадағы биоэтика
Дәрігерлік қателіктер
Антропогендік ластану
Тұтынушы құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz