Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттары




Презентация қосу
Тақырыбы: №14 Техникалық регламент. Кодекс Алиментариус

Тексерген: Құрманбаева
Тобы: ТХ-
Орындаған: Алтаева
Ә
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
a) Техникалық регламент
b) Кодекс Алиментариус
Пайдаланылған әдебиеттер
Техникалық регламент – нормативті-құқықтық акт болып саналады. Мұнда
адам өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің, процестің және қызметтің қауіпсіздігіне
мемлекеттің міндетті талаптары көрсетілген. Техникалық регламент – бұл
орындалуға міндетті ережеден тұратын құжат. Регламентті стандарттау органдары
емес, билік органдары қабылдайды. Мысалы: Үкімет немесе Парламент
Қазақстанда Мәжіліс қарастырады, Сенат келісім береді, Президент бекітеді.

Техникалық регламент – бұл техникалық заң регламентте мемлекеттің
ауқымындағы шаруашылықпен айналысатын барлық субъектілерге орындауға
міндетті талаптар, шарттар беріледі. Техникалық регламенттің бірнеше мақсаттары
бар. Олар:
•Өнімнің, процестің адам өмірімен денсаулығы және қоршаған орта, оның
ішінде жануарлар мен өсімдіктердүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
•Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
•Өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты
тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алады;;
•Саудадағы техникалық кедергілерді жояды;
•Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады;
•Табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдейді.
Стандарттау туралы ҚР заңының регламенттері. ҚР-да стандарттаудың құқықтық
негіздері 1-рет 1993 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» заңында
орнатылған. 1999 жылы ҚР «Стандарттау туралы» жаңа заң қабылданды. 2003 жылы
10 маусымда түбегейлі өзгертіліп толықтырылды. Қазақстан Республикасының
«Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес техникалық регламентті бекіту үкіметтің
құзыреттілігіне кіреді.
Бүгінгі күні техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры
барынша толық және саны 55 мыңға жуық аталымға жетеді, олардың ішінде 20
мыңнан астам мемлекетаралық стандарттар, 8 мыңнан астам халықаралық, 11 мың
шет елдерінің ұлттық стандарттары және 1,83 мыңнан астам Қазақстан Республикасы
мемлекеттік стандарттары. 1,83 мыңнан астам Қазақстан Республикасы мемлекеттік
стандарттарының ішінде халықаралық нормалар мен талаптармен үндестігінің жалпы
деңгейі 60,1 пайызды құрайды. Эконоиканың шынайы секторында үндескен
стандарттар деңгейі 66 пайызды құрайды.
Техникалық регламенттерді әзірлеу. Техникалық регламент- тердің жалпы
құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамалары мен ҚР СТ 1.46-
2004 жылы 9 қараша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу
жүйесі. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен
стандарттарды халықаралық стандарттармен және Еуропалық жаңа директивалармен
үйлестіру» стандартының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Техникалық регламент өнім сипаттамасы, өндірістік процесс, өнімді сақтау,
пайдалану, тасымалдау, өткізу, қайта өңдеу үрдістеріне қойылатын талаптарды
мазмұндауы тиіс.
Техникалық регламенттегі қажетті талаптар:

1) оның талаптары қолданылатын өнімнің, процестердің толық қамтылған
тізбесі;
2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін
өнімнің,процестердің сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиіс;
өнімнің сынамаларын (үлгілер) іріктеу және оны сынақтан өткізу
ережелері,сәйкестікті растаудың ережелері мен нысандары(оның ішінде
сәйкестікті растау схемалары) және терминологияға,буып-түюге,таңбалауға н/се
затбелгі жапсыруға ж/е оларды түсіру ережелеріне қойылатын талаптар болуы
мүмкін.
Техникалық регламент өнім сипаттамасы, өндірістік процесс, өнімді сақтау,
пайдалану, тасымалдау, өткізу, қайта өңдеу үрдістеріне қойылатын талаптарды
мазмұндауы тиіс.
Кодекс Алиментариус (лат. Codex Alimentarius — Азық-түлік кодексі) - бұл тамақ
өнімдері бойынша стандарттар мен ережелер Кодексін енгізу бойынша ФАО/ДДҰ
халықаралық комиссиясы қабылдаған тағамдық халықаралық стандарттардың
жиынтығы. Кодекстің стандарттары негізгі тамақ өнімдерін қамтиды — өңделген
және жартылай фабрикаттар, сондай-ақ өңделмеген.
2012 жылға комиссия құрамына 186 ел мен Еуроодақ кірді. Кодекс
бақылаушыларының мәртебесі 215 ұйым (үкіметаралық, үкіметтік емес және БҰҰ
органдары) болды.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 6 қарашадағы № 77 Заңымен
ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және
Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық
реформа жүргізу жөніндегі жоба) шеңберінде халықаралық стандарттарды іске асыру
мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кодекс Алиментариус Ұлттық комиссиясы
туралы ереже бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кодекс Алиментариус Ұлттық
комиссиясының құрамы бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Ж.М. Бекшин) мүдделі
мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және Қазақстанның тауар
өндірушілері қауымдастығымен, ғылыми институттармен бірлесіп Қазақстан
Республикасының халықаралық ұйым - Кодекс Алиментариус Комиссиясындағы
мүшелігінен туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау негіздері» оқулығы
жоғары оқу орындары мен кәсіптік колледждерге арналған
Қ 16 Құрастырғандар: Қажғалиев Н.Ж., Жусин Б.Т., Захан С. Астана 2009 жыл.
2. https://mylektsii.ru/7-79942.html
3. Codex Alimentarius CC Europe (недоступная ссылка). Проверено 22 мая
2010. Архивировано 24 сентября 2010 года.
4. https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31438077#pos=0;0

Ұқсас жұмыстар
Ұлттық және халықаралық қаржылық есеп стандарты және олардың маңызы
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО)
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
Жер құнын бағалау
Президенттік сынамалар
ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және басқа мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
Есепте қолданылатын өлшеуіштер
Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау мен сапасын бақылаудың негізгі бағыттары
Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде
Пәндер