Жарма алудың аппаратуралық - технологиялық схемаларын қарастыру




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім жене Ғылым Министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті

Тақырыбы: Жарма алудың аппаратуралық –
технологиялық схемаларын қарастыру

Тексерген: Байысба
Тобы
Орындаған: Алт

Алматы 2019
Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

• Жарманың түрлері

• Өңдеу процесі

• Сапалық көрсеткіштері

3. Қорытынды

4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жарма өндіру үшін күріш, тары және қарақұмық сияқты дақылдар
кеңінен қолданылады. Себебі бұл дақылдар дәндерінің негізгі массасын
жармаға өңдейді және оларды жармалық дақылдар деп те атайды.
Сонымен қатар жарманы сұлыдан, арпадан, бидайдан, асбұршақтан және
жүгеріден де өндіреді. Жармалық дақылдардың дәндері пішіні, мөлшері
және құрылысы бойынша ерекшелінеді. Оны екі бөліктен тұрады деп
қарастыру қабылданған:
• ядро (эндосперм және ұрық)
• сыртқы қабығы (қабықшасы)
Ядроны қаптап тұратын қабықшалары гүлдік (тары, күріш, арпа,
сұлы), жемістік (қарақұмық, бидай, жүгері) және тұқымдық (асбұршақ)
қабықшалы болады.
Төрт жармалық дақылдың (күріш, тары, сұлы және қарақұмық)
дәндерінің сыртқы қабықшалары ядродан бөлек жетілген, ал қалған төрт
негізгі жармалық дақылдарда (бидай, арпа, жүгері және асбұршақ)
дәндерінің қабықшалары ядромен бірге жетілген. Сондықтан кейбір
жармалық дақылдар дәндері құрылысының ерекшеліктері оны қайта
өңдеу тәсілін анықтайды. Жарманың шығымы мен сапасына астықтың
көптеген көрсеткіштері әсер етеді:
қабықшақтылығы,
ірілігі,
орындалуы (ірілігі бойынша біртектілігі),
ылғалдылығы,
ластануы және т.б.
Астықты жармаға қайта өңдеу процесі үш негізгі кезеңнен тұрады:
1) қайта өңдеуге астықты дайындау;
2) астықты жармаға қайта өңдеу;
3) буып-түю және дайын өнімді өткізу.
Астықты қайта өңдеуге дайындау қоспаларды бөлуден және
гидротермиялық өңдеуден тұрады. Әртүрлі дақылдардың астығынан жарма
өндірудің технологиясында міндетті түрде қауыздау операциясы
болатындықтан, жармалық кәсіпорындарда астықтың бетін өңдеу
операциясын (құрғақ тәсілмен немесе жуумен) қолданбайды. Астықты
гидротермиялық өңдеуді жүргізу жарманың шығымы мен сапасын
жоғарлатады. Оны қарақұмықтың, сұлының, бидайдың, жүгерінің және
асбұршақтың астығын қайта өңдеу кезінде қолдану ұсынылады.
Астықты қайта өңдеу процесі бірқатар міндетті технологиялық
операцялардан тұрады: астықты қауыздау, қауыздалған өнімдерді сорттау,
дайын өнімді бақылау. Көптеген жармалық дақылдарды қайта өңдеу кезінде
жарманы тегістеу мен жылтыратуды қолданады, сондай-ақ астықты қауыздау
өнімдерін сорттаудан кейін қалдықтарды бақылау міндетті операция болып
табылады.
Кейбір дақылдар үшін ядроны ұсақтау операциясын қолданады. Кейбір
сызбалар үшін ірілік фракциясы бойынша астықты даралап қайта өңдеу тән.
Осы мақсатпен қауыздау алдында астықты калибрлеуді қолданады.
Жарманың сапалық көрсеткiштерi нормативтi құжаттың талаптарына
сәйкес келуi керек. Органолептикалық көрсеткiштерi бойынша жармада
бөгде иiс пен дәм болмауы керек және түсi сол жармаға тән болуы керек.
Жармалар сусымалы, қатты болуы керек. Ылғалдылығы 14 % аспауы
керек.
Дән мен оны өңдеу өнiмдерi микроорганизмдердiң, зиянкес
жәндiктердiң, кемiргіштердiң, арам шөп тұқымдарының әсерiнен бүлiнуi
мүмкiн.
Қастауыш пен қаракүйенiң дәндегi рұқсат етiлген мөлшерi 0,5% дейiн,
ұндағы қаракүйенiң мөлшерi 0,05% аспауы керек.
Қорытынды:

Көптеген дәнді дақылдардың дәндерін жарма алуға
пайдаланады. Астықтың сапасы олардан алынатын
жармалардың сапасына көп әсерін тигізеді.
Жарма – гүлді хауызынан және ұрықтық, тұқымдық
қабықтарынан ажыратылған дәннің ядросы немесе оның ірі
майдаланған бөлшектері. Жарма алуда эндоспермді бүтіндей
ядро немесе ірі зат ретінде сыртқы қабықтарын үгітіп бетін
жылтыратып, ұрықтық және тұқымдық қабықтарын бөліп
алады.
Жарманың сапасы мен шығымына дәннің көптеген
көрсеткіштері әсер етеді. Ең маңыздылары – қабығының
мөлшері, ірілігі, біртектілігі, ылғалдылығы мен қоспа мөлшері.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. – Алматы: /
Ә.Ізтаев, С.Т.Жиенбаева, М.П.Байысбаева. – Алматы: Дәуір,
2013. – 632 б.
2. Еріш Н.А., Төлеміс Т.С. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін
өңдеу технологиясының негіздері. 5В072800 – Өңдеу
өндірістерінің технологиясы мамандығы бойынша оқу-
әдістемелік құрал. – Қостанай, 2017 - 122 б.
3. Дәрістер жинағынан ақпарат.

Ұқсас жұмыстар
Жарма гулді хауызынан және ұрықтық, тұқымдық кабыктарынан ажыратылған дәннің ядросы немесе онын ірі майдаланган болшектері
Өнеркәсіптік құрылыс келісу
Қарабидай
Бидай қамырын дайындау технологиясы
Шүйгіншөп тұндырмасын өндіруші кәсіпорындар
ЖАРМА ӨНІМДЕРІН САРАПТАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Жармалық шикізаттың сипаттамасы және жарманың ассортименті
Дәнді ақтау
ҰН, ЖАРМА ЖӘНЕ ЖАРМАЛЫҚ КОНЦЕНТРАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Энергетикалық кәсіпорындардың ағын сулары
Пәндер