Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір
Презентация қосу
Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару
өнері дегенді білдіретін көне грек сөзі, өте
қарапайым түрде айтатын болсақ, экономика
дегеніміз - өзіміздің тұрмысымыз,яғни экономика
(гр. Оікономіа — үй шаруашылығын жүргізу өнері)
— материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау,
бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар
арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
тарихы Бүгінгі адам, егер ол қоғамдық
дамудың заңдарын зерттеп
түсінбесе, экономикалық
теорияны меңгермесе, ол адам
өзін білім мен мәдениетке қол
жеткіздім деп айта алмайды.
Адамдар көне заманнан бастап
адамзат қоғамының дамуы
немен байланысты, экономика
қандай заңдармен дамиды деген
сұрақтарға жауап іздеген.
Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және
қайшылығы мол өмір. Бұл өмір экономиканы,
саясатты, мәдениетті және т.б. қамтиды. Қоғам
өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар
зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі
болып табылады. Тұңғыш экономикалық ой-
пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі
Греция, Рим, Қытай, Индия ғалым-философтары
экономиканың жекелеген мәселелерін: бағанын
негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б.
шешуге талаптанған. Ксенофонт (б.д.д. 430—354
жж.), Платон (б.д.д. 427—347 жж.), Аристотель
(б.д.д. 384—322 жж.) пайдалылық туралы
экономикалық теорияның бастапқы принциптерін
анықтаумен айналысқан.
Көне Рим ойшылдары Сенека (4—65 б.д.д. жж.),
Лукреций Кар (39~55 б.д.д. жж.) құлиеленушіліктің
құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін
зерттеген. Осының басты себебі материалдық
ынтаның болмауы, дейді олар Сенеканың
көзқарастары христианствоның экономикалық
концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы
концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи
процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде
өзгертеді. "Егер кімде-кім еңбек еткісі келмесе,
ол тамақ жемесін" деп, христиандық ойшылдар
және уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті
қажетті және киелі іс деп жариялаған. Христиандық
ілім әділетті баға белгілеу принципін дәлелдейді,
еңбек шығындарымен есептесе отырып, мүліктер
индивидуалдық емес, әлеуметтік бағаланғаны жөн
дейді.
Саяси экономия
Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық
ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған болатын. Сол
замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды
жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке
талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп
қалыптастыра алмаған. Экономикалық теория
қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде
құлиемдену құрылыста пайда болды. Экономикалық
теория ғылым болып тек ХVІ-ХVІІ ғасырларда ғана
қалыптасады. Алғаш бұл теория "саяси экономия" деген
атқа ие болды (грекше: "политейя"— қоғам, "ойкос"— үй,
шаруашылық, "номос" — заң). Сонымен. саяси экономия
— қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым
болып табылады. ХVII ғ. басында саяси экономия дербес
ғылымға айналды
Экономиканың
бөлінуі
Экономика
Макроэкономика Микроэкономика
Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен,
οἶκος — үй және Нόμος — заң)
Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен
экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін,
жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ
ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді.
Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін —
жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін,экономикалық
саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы,
жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б.
зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды
Микроэкономика (грек. мікро – шағын
және оікономіке – үй шаруашылығын
жүргізу өнері)
1) кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың, тұтынушылардың мінез -
құлқын бағалау мен зерттеуге негізделетін экономикалық
талдау әдісі.Классикалық мектептің экономистері іргелі
зерттеулер арқылы экономика ғылымының тармағы ретінде
микроэкономикалық талдау жүргізді. Кейін
микроэкономикалық талдаумен қатар Микроэкономика
саласындағы зерттеулер біртұтас экономика ғылымын құрады;
2) экономика ғылымының шағын ауқымды үдерістеріне,
байланысты бөлімі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz