Атқарушы органдардың қызметін қаржыландыру




Презентация қосу
Басқару функцияларын жүзеге
асыратын атқарушы және басқа
да органдарды қаржыландыру
Жоспар
ҚРмемлекеттік жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы
заңы;
ҚР басқару жүйесін қаржыландыруды атқаратын органдар
Атқарушы органдардың қызметін қаржыландыру
Қаржылық саланы басқару
Басқару құрылымдары
Бюджет ерекшелігі
Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы буындары арасындағы орны мен мәні туралы
Мемлекеттік органдарды материалдық қамтамасыз ету
Жергілікті қаржы түсінігі
Жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын органдар
Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні
ҚР мемлекеттік жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы заңы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару»
туралы Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы.

Осы Заң Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес жергiлiктi
мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару
саласындағы қоғамдық қатынастарды
реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдардың құзыретiн, қызметiнiң
ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ
мәслихаттар депутаттарының құқықтық
жағдайын белгiлейдi.
ҚР басқару жүйесін қаржыландыруды атқаратын органдар
ҚР басқару жүйесін қаржыландыру қызметін уәкілетті (орталық) және жергілікті
мемлекеттік басқару органдарының жүйесі атқарады.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында қаржылық қызметті жүзеге асыратын
уәкілетті органдардың жүйесі:

1. Мемлекеттің өкілді органдары: 2. Мемлекеттің атқарушы органдары:

• Қазақстан Республикасының • жалпы құзыретті орталық атқарушы
Парламенті заң шығарушы орган Қазақстан Республикасының
функцияны жүзеге асыушы жоғарғы Үкіметі;
өкілді орган; • орталық салалық жэне функционалдық
органдар ҚР министрліктері жэне
• Сәйкес әкімшілік аумақтық ведомстволары;
бірліктердің • жалпы құзыретті жергілікті атқарушы
маслихаттары жергілікті өкілді • органдар әкімдер;
органдар;
Атқарушы органдардың қызметін
қаржыландыру

Атқарушы органдардың қызметін
қаржыландыру тиісті аумақтық
құрылымның немесе бүкіл елдің Салық – мемлекеттік
азаматтарына салық салу арқылы бюджетке заңды және жеке
жүзеге асырылады. тұлғалардан белгілі бір
мөлшерде түсетін міндетті
Тікелей халық өзінің салық салу және төлемдер
министрліктерді қаржыландыру
деңгейін анықтайды.

Аумақтық құрылымның және бүкіл
елдің азаматтарына салық салу көлемі
мен нысаны (мысалы, сату салығы,
табыс салығы және т. б.) заңмен
анықталады
Қаржылық саланы
басқару
ҚР Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржылық басқаруға үлкен
өкілеттік берілген:

-республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін
айқындайды;

- республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның
құрамын айқындайды;

- ҚР-ның аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды
және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;

- Мемлекеттегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған
ҚР қаржы – кредит және бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды;

- ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы қағиданы бекітеді,

Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны

пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды.
Басқару
құрылымы

Басқару құрылымына кіреді:
o Қазақстан Республикасының Президенті;
o Қазақстан Республикасының Парламенті;
o Республикалық бюджетті атқаруын бақылау
жөніндегі Есеп комитеті;
o Қазақстан Республикасының Үкіметі;
o Экономикалық және бюджеттік жоспарлау
жөніндегі Орталық өкілетті орган;
o Бюджеті атқару жөніндегі Орталық өкілетті
орган;
o Ішкі бақылау жөніндегі Орталық өкілетті
орган;
o Маслихат;
o Жергілікті атқарушы орган.
o Бюджет жүйесін тікелей басқаруын орталық
және жергілікті бюджеттік жоспарлау,
бюджетті атқару, ішкі бақылау сияқты өкілетті
органдар арқылы ҚР Үкіметі іске асырады.
Бюджеттің ерекшеліктері ретінде келесілерді Бюджет ерекшелігі
айтуга болады:

• бюджет мемлекеттің қолында ұлттық
табыстын бір бөлігін оңашаландыруға
байланысты кайта бөліс қатынастарының
ерекше экономикалық формасы және
табыстың сол бөлігін бүкіл қоғам мен оның
әрбір аумақтарының мұқтаждықтарын
қамтуга пайдаланады;
• бюджет арқылы ұлттық табыс немесе
сирек – ұлттық байлық экономика салалары,
ел аумақтары мен қоғамдық іс-әрекет
салалары арасында қайта бөліс атқарылады;
• бюджеттік қайта бөліс пропорциялары
қаржының басқа буындарына қарағанда
көбінесе ұлғайтылған қайта өндірістің жалпы
мұқтаждарымен және қоғам дамуының әр
тарихи кезеңдерінде оның алдында тұрған
міндеттемелерімен анықталады;
• бюджеттік қайта бөліс аумағы
мемлекеттік қаржы құрамында орталық
орынды қалайды, себебі бюджет қаржының
басқа буындарымен салыстырғанда бастапқы
Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы
буындары арасындағы орны мен мәні:

1. Бюджеттің қаржы жүйесінің басқа
буындарынан айырмашылығы – ол қоғамның
2. Бюджет барлық кірістер
экономикалық және әлеуметтік дамудың
мен шығыстардың басқа
негізгі бағыттарында пайдаланатын
баланстары, қаржы
қоғамдық өнім құнының бір бөлігінің
жоспарлар, несиелік және
айналымымен байланысты бөліс
кассалық жоспарлармен
қатынастардың кең комплексінің бейнеленуі.
тығыз байланыста.
Бұл мемлекетке бюджет арқылы барлық ел
ауқымында құндық бөліс процестерін
орталандыра басқаруға мүмкіншілік береді.

3. Мемлекеттік бюджет қалыптастыру процесінде
макроэкономикалық, қаржылық және өндірістік көрсеткіштер
талданады және анықталады, қаржы-несиелік жүйенің барлық
буындарының байланыстары үйлестіріледі, сонымен қатар
экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері қаржы және
несие ресурстарымен тұжырымды қиыстыруға жетеді.
Мемлекеттік органдарды материалдық қамтамасыз
ету
Арнаулы мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
• республикалық бюджет қаражаты есебінен;
• медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорынан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
• Арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкі республикалық мүлік болып табылады жəне жедел басқару құқығында
болады.
• Арнаулы мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылу мен берілу тәртібін белгілейтін
қызметтік тұрғын жайлары болады. Осы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік
органдардың тұрғын үй қорынан қызметкерлерге 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген тұрғын жайды
жекешелендіруге болмайды.
• Мүлікті беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың
жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайды.
• Арнаулы мемлекеттік органдарды мүлікпен жабдықтау нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
• Арнаулы мемлекеттік органдарды мүлікпен жабдықтау нормаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді.
• Арнаулы мемлекеттік органдар бейбіт уақытта пайдаланбаған жылжымайтын мүлік бюджет қаражаты есебінен
консервациялауға жатады немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мүліктік жалдауға
(жалға алуға) берілуі мүмкін.
• Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған немесе құрылатын ұйымдар
жекешелендіруге жатпайды.
Жергілікі қаржы - акшалай нысандағы қоғамдық
өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары
өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу,
пайдалану үдерісіндегі қаржылық қатынастардың
жүйесі.

Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің
Жергілікі маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол
жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен
қаржы тыс қорларды және басқарудың жергілікті
орғандарының қарамағындағы шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді.

Жергілікті қаржылардың құрылымы мен бағыты
биліктің жергілікті орғандары басқарудың -
мәслихаттардың (депутаттар жиналыстарының),
жергілікті әкімшіліктің және жергілікті өзін-өзі
басқарудың функцияларымен айқындалады.Жергілікті
қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым
Жергілікті бюджеттерден
қаржыландыратын
органдар

Жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын атқарушы органдарды
тиісті мәслихат бекіткен әкімшілік-аумақтық
бірлікті басқару схемасы шеңберінде
• облыс,
• республикалық маңызы бар қала,
• астана,
• аудан (облыстық маңызы бар қала)
әкімдігі құрады, таратады және қайта
ұйымдастырады.

Жергiлiктi бюджеттерден
қаржыландырылатын атқарушы
органдардың құзыретi мен қызметiн
ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы
заңдарының талаптарын сақтай отырып
тиісті әкімдік белгiлейдi.
Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық
мәні
Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпы мемлекеттік қаржыға
ұксас. Басқарудың жергілікті орғандарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын
жүзеге асыру бойынша маңызды міндеттер жүктелінген. Халықка қызмет көрсету
бойынша шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржылық ресурстар есебінен
жүзеге асырылады. Әлеуметтік тұрмыстық инфрақұрылым салалары халықка
қызметтерді басым бөлігінде бюджеттік қаражаттар есебінен қалыптастырылатын
қорлар есебінен береді. Жергілікті буында қаржылық қатынастар «Жергілікті
мемлекеттік басқару туралы» заңмен, Қазақстан Республикасының Бюджеттік
кодексімен, республикалық бюджет туралы заңмен және шаруашылық пен қаржылық
қызмет туралы басқа заңдармен реттелінеді.
Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әркашанда,

біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына,

екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық
әлуетіне,
үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті орғандарының құқығы мен
міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың
деңгейіне,
төртіншіден, биліктің жергілікті орғандары құзырының
дәрежесіне байланысты болды.
Пайдаланылған әдебиеттер
• http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K080000095_
• https://stud.kz/referat/show/22004
• https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%8E
%D0%B4%D0%B6%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA_
%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5
Назарларыңыз
ға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Атқарушы билік органдары
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау
Мемлекеттік билік органдарының жүйесі
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Республикасының мемлекеттік құрылымы
Құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Қазақстанның сырты қарыздары
Прокуратура органдары қызметінің мазмұны және негізгі бағыттары
Жекеше кредит
Пәндер