Тұтыну шығыстары - тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға бағытталған халықтың ақшалай шығыстарының бір бөлігі


Slide 1

ИСМАИЛОВА АРУЖАН

ҚАРЖЫ 191

Үй шаруашылығы жүйесіндегі шығыстар

Slide 2

Тақырыптың өзектілігі:

Үй шаруашылығы шығыстарының мәнін ашып көрсету және ақшалай шығыстар нелерді кіріктіретінін анықтау. Үй шаруашылығы шығыстарының әр-түрлі белгілері бойынша сыныптамасына талдау жүргізу.

Slide 3

Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары - адамның өмір сүруін жалғастыру үшін қажетті материалдық және рухани қажеттіліктерге жұмсалатын іс жүзіндегі шығындар, олар өзіне тұтыну шығыстарын және тұтынумен тікелей байланысты емес шығындарды кіріктіреді. Бұл шығындар үй шаруашылығының жекелеген мүшелерінің жұмыс күшін ұдайы толықтыру жөнінде өте маңызды рөл орындайды.

Үй шаруашылығы бюджетінің шығыстары елдің экономикасында айтарлықтай рөл атқарады. Өзінің табыстарын пайдалана отырып, отбасы тауарлар мен қызметтер рыногын қалыптастырып, дамытуды қамтамасыз етеді. Өзінің қорланымдары мен жинақ ақшаларын өткізе отырып, ол бағалы қағаздарға деген сұранымды көбейтеді, сөйтіп қор рыногын кеңейтеді. Мұнан басқа аса маңызды өндірістік ресурстар - еңбек пен кәсіпкерлік қызмет ұсынымының субъекті ретінде үй шаруашылығының маңызы зор.

Slide 4

Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары мыналарды кіріктіреді:

борыштарды, алимент-терді төлеу, айыппұлдар, кредитті өтеу, туысқандарға көмек

Slide 5

Тұтыну шығыстары - тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға бағытталған халықтың ақшалай шығыстарының бір бөлігі. Тағамдық азықтарды, азық-түліктік емес тауарлар мен алкагольдық ішімдіктерді сатып алуды, сонымен бірге қызметтерді төлеуді кіріктіреді. Пайдалану түрлері бойынша бұл шығыстардың деңгейі мен құрамы тұтыну шығыстарының құрылымын анықтайды.

Түпкілікті тұтынуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары үй шаруашылықтары жасайтын тұтыну тауарлары мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардан тұрады, олар мыналардан қалыптасады:

жекеше бюджет есебінен тұтыну тауарларын сатып алуға жұмсалатын шығыстардан (үйлер мен пәтерлерді сатып алудан басқа, оларды пайдаланудың ұзақтығына қарамастан) ;

тұтыну қызметтерін сатып алуға жұмсалатын шығыстардан;

өзінің тұтынуы үшін өндірілген тауарлар мен қызметтерді тұтынудан;

шетелдегі резиденттердің тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстардан;

елдің экономикалық аймағындағы бейрезиденттердің тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстардан.

Slide 6

Тұтыну қызметтерін сатып алуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары мынадай қызметтерге жұмсайтын шығыстардан қалыптасады:

Денсаулық сақтау, білім, көлік, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық, тұрмыстық, қаржылық, мәдениет мекемелерінің, мейрамханалар мен қонақүйлердің қызметтеріне.

Мемлекеттік және мемелекеттік емес ұйымдардан қаржылық емес қызметтерді сатып алуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары бұл салалар бойынша шығарылымдардан мемлекеттік бюджет қаражаттарынан (мемлекеттік басқару органдарының шығыстары) және үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар қаражаттарынан қаржыландырылатын бөлікті шегерумен анықталады.

Үй шарушылықтарының түпкілікті тұтыну үшін өндірген тауарлары мен қызметтерін тұтыну:

үй шарушылықтары (шаруа немесе фермер шаруашылықтарында және жекеменшіктік қосалқы шаруашылықта) өндірген ауыл шаруашылығы өнімін;

үй шаруашылықтарына қатысты корпоративтік емес кәсіпорындарда өндірілген тауарлардың өнеркәсіптік және басқа түрлерін;

тұрғын үйлер иелерінің өзінің тұтынуы үшін өндірген тұрғын үй қызметтерін кіріктіреді.

Slide 7

Салықтар, алымдар, төлемдер - табыс салығы, жылжымайтын мүлік салығы, алымдар, айыппұлдар, өсімпұлдар, жарналар; үйлерді, пәтерлерді, көлік құралдарын, техниканы жалдау үшін төлем.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу - үйлерді, пәтерлерді, сая-жай және жер учаскелерін сатып алу.

Басқадай шығыстар - қайырымдылық қорларына аудару, алименттер төлеу, туысқандарға, таныстарға көмек.

Slide 8

Үй шаруашылығының ақшалай шығыстарын әр түрлі белгілер бойынша сыныптауға болады:

тұрақтылық дәрежесі бойынша:

тұрақты-шығыстар (тамаққа; киім-кешекке, көлікке, коммуналдық қызметтерге және басқаларға) ;

бір жолғы шығыстар (емделуге, ұзақ пайдаланатын тауарларға) .

2) қажеттік дәрежесі бойынша:

тамаққа, киім-кешекке жұмсалатын бірінші кезектегі (қажетті) шығыстар;

медицинаға;

екінші кезектегі (қажет) шығыстар (білім алуға, сақтық жарналары және т. с. с. ) ;

басқадай шығыстар (қалғандары) ;

Slide 9

3) пайдалану мақсаттары бойынша:

тұтыну шығыстары (тауарлар сатып алуға және қызметтерді төлеуге) ;

салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу;

салымдардағы және бағалы қағаздардағы қорланымдар мен жинақ ақшалар;

шетел валютасын сатып алу;

халықтың қолдарындағы ақшалардың өсімі.

Үй шаруашылығының ақшалай шығыстарын әр түрлі белгілер бойынша сыныптауға болады:

Slide 10

Тауарлар сатып алу мен қызметтерді төлеу - бастысы болып табылатын тұтыну шығыстары барлық ақшалай шығыстардың төрттен үшін құрайды. Олардың мөлшері мыналарға байланысты:

ақшалай табыстардың көлеміне,

қажетті жеке және отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға;

бөлшек сауда бағаларының деңгейіне;

өмірдің климаттық және географиялық жағдайларына және басқа факторларға.

Slide 11

Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстарының екінші тобы - міндетті және ерікті төлемдер.

Міндетті төлемдерге салықтар, алымдар, баждар, аударымдар жатады, оларды атқарушы биліктің органдары түрлі деңгейдін бюджеттеріне және бюджеттен тыс қорларға өндіріп алады.

Ерікті төлемдерді үй шаруашылықтарының жекелеген мүшелері өз бастамасы бойынша сактық органдарына түрлі тәуекелдерден (қауіп-қатерлерден) сақтандыру кезінде, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, қайырымдылық қорларына төлейді. Үй шаруашылықтарының жалпы шығыстарындағы бұл шығыстардың үлесі шамалы.


Ұқсас жұмыстар
Ақшалай шығыстар - тұтыну шығыстары
Үй шаруашылықтарының қаржысы
Макроэкономикалық көрсеткіштер
Қаржыға кіріспе
Мемлекеттің қаржысы
Шығ ындар
Банктік тұтыну несилері
ЖІӨ - нің өлшемі
Халықтың өмір сүру сапасы жөнінде мемлекеттік саясат
Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz