Туынды етістік жұрнақтар


Slide 1

Етістік

Орындаған:Нурден Айнур

Филология, 202-топ

Slide 2

Етістік іс-әрекетті, қимыл -қозғалысты жай-күйді білдіріп, не істеді? Қайтті? Не істейді? Қайтеді? Не істеп отыр? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер табын айтамыз.

Мысалы: оқы, жаз, сыз, бар, кел, жүр отыр, тұр, күл, қинал, қажы, шарша, ойла, сөйле т. б

Slide 3

Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығын байқаймыз. Етісгікгер мен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шьшаулы есімдер тіркесе алады. Алайда бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сол сияқты, мағыналық Қатынастары да әр түрлі болып отырады. Толып жатқан есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл ретте етістікгер мен есімдердің өзара байланыс түрі қабысу болады Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы есімдердің барыс жатыс, шығыс, көмектес, табыс жалғаулары арқылы салт және сабақтыетістіктермен меңгеріле байланысады.

Slide 4

Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуының осы ерекшелігіне қарай етістікті сөз тіркестері: 1) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері, 2) Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері дейтін екі топқа белінеді. Етістікті сөз тіркестері демеулер мен көмекші есімдердің қатысуы арқылы да құралады. Бұларды меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамында қараймыз. Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бүдан әрі де бірнешеге таралып кетеді.

Slide 5

Етістіктер құрамына жасалу жолына қарай екіге бөлінеді.

1. Негізгі етістік.

2. Туынды етістік.

Негізгі етістік-құрамы жағынан түбір және жұрнаққа бөлінбейтін, қосымшасыз етістіктер.

Мысалы: оқы, ал. бер, кел, жүр, тұл, біл, айт т. б.

Slide 6

Туынды түбір етістік -сөз тудыраушы жұрнақтар жалғану арқылы жасалған етістіктер

Мысалы: Шегеле, тұзда, бүкши, ілгеріле, сына, ойна, үлкенсі т. б.

Туынды етістік жұрнақтар :

1. -ла, -ле,, -да, -де, -та, -те.

-лас, -лес, -дас, -дес, тас., -тес, ауылдас, одақтас

3. -ар, -ер-р, жіңішке, көгер, қысқа

-қар, -кер, -ғар, -гер, ескер, теңгер, суғар

5. -ай, -ей, -и, қарай, көбей

6. -а, -е, ойна, , төсе

7. -ық, -ік, тарық, бірік

Етістіктер тұлғасы жағынан бұйрық рай формасымен (ІІ -жақ) сәйкес келеді.

Slide 7

Етістіктер:

Сабақты

Салт

Болымды

Болымсыз

Slide 8

Сабақты етістік-іс-әрекет, жай-күй, қимыл-қозғалыстың өзі жұмсалатын затқа тікелей тіреліп, істелетін істі көрсетеді. Сондай-ақ сөздің табыс септігінде тұруын талап етеді.

Мысалы: Суретті көр, кітапты бер, тақтаны сүрт

Салт етістік -Істелетін іске, тура объектіге тікелей қатысты болмай, мезгіл, мекен, бағыт, орынды көрсетіп, шығыс, барыс, септігіндегі сөздерді айтамыз.

Мысалы: Жұмыстан кеш қайтты. Астық элеваторға жөнетілді. Жалпы айтқанда табыс жалғауы сөзді меңгере алатын етістіктер-сабақты, меңгере алмайтын етістіктер-салт етістіктер болады.

Slide 9

Болымды етістік-қимылдың іс-әрекеттің болмауын орындалмауын білдіретін етістіктер.

Болымсыз етістік-қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, орындалмауын білдіретін етістіктер

Мысалы: Барма, келме, жазба, білме, үйренбе

Болымсыз етістік-ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе жұрнағы жалғану арқылы және етістіктің есімше түріне емес, жоқ сөздерінің тіркесу арқылы жасалады.

Мысалы: айтқызар емес, берген жоқ.

Slide 10

Етістіктер іс-әрекет пен субъект пен объект арасындағы қарым-қатынасты білдіріп өзара 4-ке бөлінеді.

Өздік етіс-іс-әрекеттің, қимылдың іс-істеуші субъектінің өзіне қарай бағытталғанын білдіріп, етістік түбірлеріне -н, ын-ін, жұрнағы жалғану арқылы.

Мысалы: сұра-сұран, жу-жуын, тара-таран.

Өзгелік етіс -қимылдың, іс-әрекеттің екінші біреу арқылы істелгенін көрсетеді де-дыр, -дір-, тыр, -тір, -ыр, -ір, -р, -ғыз, -гіз, -қыз, -куіз, -т. б. Жұрнақтары арқылы

Мысалы Жуындыр, киіндір, шақырт

Slide 11

3. Ырықсыз етіс-іспен байланысты айтылған заттың өздігінен іс-әрекетке ие бола алмайтынын көрсетіп -ыл, -іл, -л жұрнақтары арқылы жасалады. Түбірдің құрамында л -дыбыс болса, ырықсыз етіс жұрнағы -ын, -ін, -н. болып келеді.

Мысалы: Сөйз сөйленді, үй тазаланды.

Ортақ етіс-бірнеше кісінің ортақтасып істейтін ісін білдіретін ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалады: санасты, айтысты, қолтықтас, атыс, тыңдас, жазыс, сөйле. т. б.

Slide 12

Тұйық етістік -етістік түбіріне -у жұрнағы қосылу арқылы жасалады да, есімдерше тәуелденеді, септеледі, тікелей жіктелмейді, сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады.


Ұқсас жұмыстар
Етістік туралы түсінік
Сын есім сөзжасамы
Тіл білімі
Етістік жайлы
Заттың атын білдіретін сөз табы
Өнегелі өрісі кең ғалымдық жол
Тұйық етістік тапсырмасы
Дауыстыдан Дауыссыздан кейін
Етістік тұлғалы топонимдер
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЗАТ ЕСІМДІ МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz