Кеңес өкіметі кезеңіндегі арулар бейнесі



Кеңес өкіметі кезеңіндегі арулар бейнесі

Әлия Модағұлова Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында туған. 1944 жылы Прибалтика майданында ерлікпен қаза болған.
Әлия Молдағұлова

Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры . Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстардағы оңдаған мектептер, көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған ауылында ескерткіш орнатылған.
Әлия Молдағұлова

Мәншүк Мәметова 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқып, сонымен бір мезгілде республика Халық Комиссарлары Советінің секретариатында қызмет етіп те жүрген. 1942 жылдың авгусында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады. Аға сержант Мәншүк Мәметова Псков облысындағы Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста ерлікпен қаза тапты.
Мәншүк Мәметова

1944 жылдың 1 наурызда СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен аға сержант Мәншүк Мәншүк Мәметова Жиенғалиқызына қаза тапқаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді. Батырдың туған жерінде мемориалдық музей, Орал қаласында да музей ашылды. Қазақстанның ақын жазушылары Мәншүк Мәметова туралы көптеген өлең, поэмалар жазды.
Мәншүк Мәметова

Казақтың каһарман қызы, Мәншүк (шын аты Мәнсия) Батыс Казақстан облы-сының Орда ауданында дүниеге келді. Ерте жетім кзлды. Алматыда тұратын ағайындарының қолында тәрбиеленді. Үлы Отан соғысы басталғанда ол медицина институгын-да оқып жүрді.

1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми - зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.

Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР - 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының , Казачиха ауылы, РКСФР) - Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.

1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж. ), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері - Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятскоеселосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.


II. Негізгі бөлім 1 Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы». Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды

. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы - дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты. Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды, оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173, 7 биіктігінде өте қатал соғыс болды.

Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

2 Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова, Кеңес Одағының Батыры.
. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды. Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында екі баласы ұлы Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейді. Үй- іші Әлияні өте жақсы көрді.

Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретті, оған қыздар үй жұмысында көмектесті, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бақты. Өз құрдастарына қарағанда Әлияның мінезі қисық қатал болатын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz