Махамбет сияқты арманда кеткен ерлердің кейіп қалпын күй әсерлері арқылы танытып, білдіретін поэма


Slide 1

“Ғасырдың ғажап адамы”

«Өлеңге ерте келіп, кеш ер жеттім. Ойлағам шалалықты кешер деп кім? Қағазға қалдыруға асығыппын Көңілдің қуанышын, кесел дертін». Ж. Молдағалиев.

Slide 2

Жұбан Молдағалиев (1920-1988) - ірі эпик ақын, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы 1920 жылы Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан обл. ) Тайпақ ауданы, Жыланды деген жерде дүниеге келді. Жеті жылдық мектепте, Орал ауыл шаруашылығы техникумында, әскери-саяси курстарда білім алды. 1940-47 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Тұңғыш өлеңдер жинағы Жеңіс жырлары атымен жарық көрді. Соғыстан кейін баспасөзде, Қазақстан Жазушылар Одағында басшылық қызмет атқарды. КСРО Министрлер Кеңесінің Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі коллегиясының мүшесі болды. Алғаш 1939 жылы газет бетіне басылған өлеңінен бергі жылдар ішінде алпыстан астам кітабы жарық көрді. Кісен ашқан, Қыран дала, Сел, Мен - қазақпын поэмалары үшін ең жоғарғы Мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. Шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгр, араб, монгол тілдеріне аударылған. 1986 жылы Жазушылар одағында Г. В. Колбинмен өткен кездесуде басын қатерге тіге отырып, жастар қозғалысын қолдады. Ақын қазақ халқының тарихы туралы Мен - қазақпын атты толғауында халқының атынан мінбеге шығып сөйлей отырып, тарихи шындықты, халықтың эпикалық өмірін кестеледі

Жазушы ғұмыры

Slide 3

Отбасы Ақынның сүйікті жары - София Мәлікқызы. Екеуі төрт баланы тәрбиелеп өсірген. София Мәлікқызы өз естелігінде отбасылық өмірі жайлы айтады. "Мен ол кісінің маған қойған талаптарының бәрін орындадым. Себебі менің жас кезімде жалғыз ұлдың, жалғыз баланың анасының сезімін, мінезін түсінуге сабыр, ақыл берген Құдайға мың тәубә деймін. Біз Жұбан екеуіміз көзбен, көңілмен ұғыстық. Әлдебір жағдайларда ол менің сөзімді сөйлей қалса, мамам кәдімгідей ашуланып қалатын. Сондықтан Жұбан сыртқы елге шығып, сыйлық әкелетін болса, екеуімізге бірдей етіп алатын", - дейді София өз естелігінде.

Slide 4

Жұбан - өзінің атақты "Мен - қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол - Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы - "Мен - қазақпын" поэмасы (1964) . Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы - оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз.

"Қазақ болу - зор бақыт" дер күн тіпті. . . - деген өлең жолдары бүгінгі "егемендікті" жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын:

Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы болып келеді.

“Мен қазақпын” поэмасы

Slide 5 Slide 6

Ақын мұрасы

«Қызыл қайың» 1973 ж.

Ақынның «Қызыл қайың» жинағындағы жырлары Отан, партия, туған жер жайлы тебіренісінен туған. Ақын шығармасында өзіне тән жылы лиризм мен публицистикалық серпінінен жаңылмайды. Оның моңғол, үнді сапарынан туған жырлары коммунист ақынның азаматтық позициясын айқындай түседі.

М. Ж. Шығармалар жинағы 1 том. 1979 ж.

Басылым «Өзім туралы» деген кішкене беташармен және арнайы жазылған «Анкетама қосымша» деген өлеңмен ашылады. Сондай-ақ «Менің бар өмір жолым - өлең-дастандарымда» - деп ақынның өзі айтқандай, әр жылдары жазылған өлеңдері мен поэмалары топтастырылған.

Slide 7

«Кісен ашқан» 1969 ж.

«Кісен ашқан» лирикалық дастаны ұлы күйші Құрманғазы арқылы өлмес өнерді, тамаша дәуірімізді дәріптейді. Ақын Құрманғазы жайын айтқанымен, оған қоса күйден алған әсерін, ол заманда жалғыз домбырамен тартылған күй бұл кезде оркестрмен ойналатын, күмпілдеген үні бар, өңі өзгергендей салауатты музыка дүниесі болып кеткенін жырлайды. «Кісен ашқан»-ұлы композитордың Исатай мен Махамбет сияқты арманда кеткен ерлердің кейіп қалпын күй әсерлері арқылы танытып, білдіретін поэма.

«Байқоңыр баспалдақтары» 1977 ж. Көлемді дастан «Байқоңыр баспалдақтары» Қазан төңкерісінен бастап, бүгінгі күнге дейін өсу, өну жолымызды баяндайды. Қала мен далада бұл дәуірде қол жеткен табыстар орасан. Қырда миллиард болса, өндірісте Түрксіб, Қарағанды көмір кені сияқты бүгінгі Байқоңыр биігінің баспалдақтары болды. Космосқа құлаш сермеу сол басқыш, тиянақ, сүйеніштер арқасында ғана мүмкін болғаны хақ.

Түрксіб шпалдары, бесжылдықтар - Бүгінгі Байқоңырдың баспалдағы! -

деп өзі жырлағандай, ақын Ұлы Октябрь жетістіктерін көркем бейнелейді.

Slide 8

«Ақ жалын» 1985 ж. Белгілі ақын Ж. Молдағалиевтің «Ақ жалын» жыр жинағында соңғы жылдары жазылған лирикалық жаңа өлеңдерімен қатар «Кек» деп аталатын тарихи поэмасы берілген.

«Жыр күнделіктері» 1981 ж.

Көрнекті ақын Жұбан Молдағалиевтің жинағына әр жылдары жазылған, сан алуан тақырыптағы таңдаулы лирикалық өлеңдері енгізілді.

Slide 9

«Қыран дала» 1974 ж.

КСРО мемлекеттік сыйлығын алған бұл поэма - Қазақстанның ауыл жағдайын, өркендеген, көркейген жайын, адамдар еңбегін көрсеткен сүбелі дастан. Қазақ даласының қырын да, сырын да білетін, әрі оның қан мен жанға сіңген тіршілік түбірі, тірлік төркіні екенін терең ұғатын ақын, сол ен далаға, кең далаға гимн, ода айтқысы келгендей.

«Шалқыма» 1978 ж.

Автордың бұл жинағына соңғы кезде жазған лирикалық өлеңдерінің таңдаулылары топтастырылды. Ақын өз шығармаларында заман ұлылығын, еңбек адамдарының қаһармандық істерін, туған жерге деген асыл махаббатты жыр етеді.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Жұбан ақын туралы жақсы көп айтылды, әлі де айтылады, оның нар тұлғасы, қазақы кеңдігі, адамшылығы мен кісілік келбеті және адал, асыл қасиеттері туралы ғылыми зерттеулерде, оның өмірі мен өлеңдері туралы еңбектерде талай әлі жазылады, біреулер күйе жағам десе де адалға қара жұқпайды, ол маңызды да емес. Маңыздысы Жұбан ақын қазір биіктен ескертіп, қуатты жалын шашып: Мен - казақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске - Айта бергім келеді, айта бергім. . . . . деп шыңда тұрғандай көрінеді. Салауат Кәрім

Ақындар лебізі

Slide 13

Шындық пен Жұбан ақын

Жыр керек,

Әлі ешкім жаттамаған,

Жазса егер біреу-міреу жаттап алам.

Таршылық танытқанда тарландарың,

Тарығып тағы кінә тақпа маған.

Рух керек,

Рухсыздың мысын басар,

Болмайды бір амалын ұсынбасаң.

Батылдар «шындығы»-деп тілін безер,

Бақырлар «өтірік»-деп тісін басар.

Сөз керек, Ел еңсесін түсірмеген,

Түсірсең, елмен бірге күпір денең.

Ұлт үшін қажет кезде ұлық бол да,

Ұлт үшін қажет кезде кішір менен.

Керек жоқ, Тістенудің, кектенудің,

Әсері қайта шықпас кеткен удың.

Сыналған өлімменен Жұбан ақын,

Білмеген жолдарын текке өлудің!

Керек жоқ,

Желіккеннін, желдіккеннің,

Желтоқсан ызғарынан жел күткен кім?

Қыранның бір көзімен олжа түссе,

Жұбанның бір сөзімен теңдік келді.

Керек жоқ,

Аяуың да жұбату да,

Дәттерің шыдаған соң жылатуға.

Жұбанның үні жатыр әнұранда,

Жұбанның құны жатыр мына туда!

Жұбатпа!Тілегім сол сұранатын, Құлатпа тектілердің ұран атын.

Жылатып кетті бәрін шындықпенен,

Ешкімді жұбатқан жоқ Жұбан ақын!

Талғат Мықи

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Күй атасы Құрманғазы
Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі
Эмоцияның қызметтері
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ
Жалаң түбір тұлғалы ауысу калпын білдіретін салт етістіктердің семантикасы АУЫСУ (ӨЗГЕРУ) ЕТІСТІКТЕРІНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ
Эмоцияның түрлері
Нұрғиса Тілендиев өмірбаяны
Абайдың ақындық еңбектерінің таралуы
Паралингвистикалық тәсілдер
АТЫРАУ ШИПАЖАЙЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz