Дін мен ғылымның арақатынасы


Slide 1

Орындаған: Әлтаева А. Б

Мамандық: 7М01504-Биология

Қабылдаған: Асқар Л. Ә

МӨЖ тақырыбы:

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық универтитеті

Биология және Биотехнология факультеті

Биофизика және Биомедицина кафедрасы

Дін мен ғылымның

арақатынасы

Slide 2

Ғылым және діннің арақатынасы - қарама-қайшы көзқарастарға толы күрделі тақырыптардың бірі. Бір топ ғалымдар олардың арасында ешқандай қайшылық жоқ деп дәлелдесе, тағы бір топ зерттеушілер бұл екі ұғымның қашан да қақтығысып келген деп сендіруге тырысты. Дін мен ғылымды еш уақытта бітіспейтін мүлдем қарсылықты дүниелер ретінде көрсету XVIII ғасырда кең жайыла бастағаны мәлім. Ал ол үрдіс әлемде коммунистік режим дүрілдеп тұрған XX ғасырдың орта шенінде нағыз шарықтау шыңына жетті. Тіпті, қаншама зерттеушілер расында солай екен деп ғылым мен дінді бір-бірінен бөліп қарауды қағида қып ұстанды.

Ғылым және діннің арақатынасы.

Slide 3

Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, социология, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде.

Дінді философиялық тұрғыдан зерттеудің ерекшелігі.

Slide 4

1) әлеуметтік функциясы - дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды.

2) адамгершіліктік функциясы - дін жалпы адамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады. 3) компенсаторлық - адам қиындық-дағдарысқа ұшыраған кезендерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді.

Діннің функциялары:

Slide 5

1) Сенімді, діни сенімді ақыл-ойдан жоғары қою оны «Құдайдың жаратылыстан жоғары сәулесі, нағыз ақиқат» деп түсіну.

2) сциентистік көзқарас сенімге негізделген дінді ақылға негізделген ғылымнан төмен қояды және діни сенім түбінде жоғалады деп есептейді.

3) «екі ақиқат» - сенім мен ақыл-ой қатар әмір сүре алады деп мойындау.

Ақыл мен сенімнің арақатынасы мәселесіне философия тарихында үш көзқарас бар:

Slide 6

Дін - күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастарды және діни қызметті қамтиды.

1) діни ілім; 2) діни сезімдер;

3) діни салттар;

4) діни ұйымдар мен секталар кіреді.

Діни сана - жаратылыстан тыс күштерге, Құдайга деген сенімен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы.

Slide 7

табиғи дін - бұл кезенде табиғи күште құдайлар сияқты болып көрінді;

2) зандық сипаттағы дін - діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етіледі;

3) ақталу діні, ол Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.

Діннің даму сатылары:

Slide 8

түсіндіру - табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;

2) жүйелеу - жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;

3) суреттеу - қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету;

4) болжам жасау - дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;

5) қорытынды жасау - табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;

6) жаңалық ашу - табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;

7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру - алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;

8) дүниетанымдық - алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.

Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:

Slide 9

Ғылымилықтың ең басты критерийі - жүйелілік.

Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.


Ұқсас жұмыстар
Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында
Ғылымның жіктелуі
Мұқағали Мақатаев жайлы
Дін және ғылымның айырмашылығы
Дін-тәрбие бастауы
Дін социологиясы
ЭЛИТАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ
ҒЫЛЫМНЫҢ САЛАЛАРЫ. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ
Ғылымның дүниетанымы және функциялары
Мәдениеттің көшпелілік типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz