Әкімшілік - құқықтық нысандар мен басқару әдістер ұғымы



Әкімшілік-құқықтық нысандар мен басқару әдістер ұғымы
Ораз Назерке
Қт-201

Р
Әкімшілік-құқықтық нысандар-бұл мемлекеттік басқару органының (лауазымды тұлғаның) құзыреті шеңберінде қабылданатын нормативтік және жеке сипаттағы құқықтық актілер және олардың негізінде жасалатын заңдық маңызы бар іс-әрекеттер. Мысалы:міндетті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру және т. б.

Мемлекеттік басқарудың әкімшілік-құқықтық нысандарының мынадай түрлері болады:
А) Құқықтық
Б) Құқықтық емес
А) Ішкі ұйымдастыру мәселелерін шешуге қолданылады
Б) Сыртқы -органның міндеттері мен функцияларын орындау мақсатында қолданылады
А) Ауызша және жазбаша
Б) Конклюдентті
1. Әрекетінің сипатына қарай:
2. Мақсаттылығына байланысты:
3. Көрсетілу әдісіне қарай:

Басқару қызметінің нысандарының ішінде ең көп тараған классификациясы оны құқықтық және құқықтық емес деп бөлу. Құқықтық нысандар нақты айқындалған құқықтық салдарларға әкеледі, ал құқықтық емес нысандар құқықтық салдарларға әкелмейді. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
1. нормативті-құқықтық актілерді дайындау және қабылдау (құқық шығармашылық депте атауға болады
2. жеке нормативті актілерді шығару (немесе құқық қолданушылық) ;
3. әкімшілік-құқықтық шарттар жасасу;
4. әкімшілік-іс жүргізушілік әрекеттер жасау:
5. мәні бар өзге де әрекеттерді жасау.

Яғни, басқарудың құқықтық нысанын құқық шығару, құқық қолдану, шарт жасасу деп
жіктеуге болады.
Нормативтік құқықтық актілерді дайындау және қабылдау атқарушы билік органдарының негізгі жұмысы, осы актілерді қабылдау арқылы заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Нормативтік актілерді дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңмен белгіленеді.
Келісім шартқа отыру басқару қызметін бірігіп жүргізуді көздейді. Келісім шартқа отыру мемлекеттік басқару органдары қызметінің көлденең деңгейдегі үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Атқару биліктің негізгі міндеті - заңдардың орындалуын қамтамасыз ету. Бұл тапсырма әр түрлі басқару нысандарда жүзеге асырылады.
Әкімшілік құқықта басқару нысаны деп әрекеттің (құжаттың) сыртқы көрінісі мен басқару нәтижелері айтылады. Басқару нысандары заңдарда белгіленеді.
Атқару- қарау қызметі өрісіндегі келісім жасау сияқты басқарудың құқықтық нысаны мемлекеттік басқару органдары іс-әрекетінің горизонталды денгейде үйлесуін қамтамасыз етудің, арнайы басқару еңбектің бірігуін жүзеге асырудың, ведомстволық быдыранқылықты басудың мумкіндігін береді.
Келісімде субъектілер еркіне мемлекетпен арнайы шығарылған ережелермен тыйым салынганына байланысты, ол жария мүдделер өрісінде қызмет етеді.

Мемлекеттік басқару әдістер-бұл басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету тәсілі (амалы) ; Ол басқарудың алдына қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік басқару әдістер ұғымы

Басқару әдісі - бұл әкімшілік құқық субъектісінің кызметін ұйымдастырудың, басқару кезінде пайда болатын нақты мәселелерді шешудің, басқарудағылардың еркіне әсер етудің тәсілі.
Басқару кезінде пайда болатын мәселелер министрмен, мемлекеттік комитет төрағасымен жеке немесе алқамен коллегияда, ғылыми - әдістемелік кеңесте шешілуі мумкін. Бұл шешімдер қаулы, бұйрық, нұсқау нысандарында шығарылады.
Басқару әдістер басқару кезінде шешілетін нақты тапсырмалардың әсерімен қалыптасады.

Жанама
Тікелей
Мемлекеттік басқару әдістері ықпал ету сипаты бойынша

Тікелей әдістерге - иландыру мен мәжбүрлеу жатады.
Иландыру-басқару субъектісінің басқарылатын объектіге мақсатты бағытталған ықпал ету процесі, соның нәтижесінде басқару субъектісінің идеялары, құндылықтары мен нұсқаулары басқару объектісінің ішкі идеяларына, жеке нұсқауларына айналады.
Мәжбүрлеу-арнайы өкілетті субъектінің қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген процессуалдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың нормаларына негізделген психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал жасау құралдары.
Жанама әдістерге әлеуметтік-психологиялық және экономикалық әдістер жатады.

Мемлекеттік басқару әдісінің белгілеріне мыналар жатады:
- мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи байланысты болады;
- басқару қызметі субъектісінің объектіге басқару ықпалын білдіреді:
- басқару субъектісінің өз құқық өкілеттігін іске асырудың құралы(амалы) ;
- тиісті объектіге арналған;
- белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады.
- алға қойылған басқару мақсатына нақты жағдайларда қол жеткізудің қолайлы тәсілі;

Атқарушы билік органдары азаматтар мен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруда әкімшілік құқықтың 2 түрлі әдісі бар:
Субординация
Субординация-төменгі сатыдағы қызметшілердің жоғарытұрған қызметшілерге қызмет бабында қатаң бағынуын білдіреді. Субординация дегеніміз кіші кызметкерлердің өзінен жоғары кызметкерлерге қызмет бабында бағынуы болады.
Координация
Координация- шешукезінде бір- бірімен үйлескен әрекеттер жасалуын қамтамасыз етумен сипатталады. Координация тек бір- біріне бағынбайтын өктемқабілетті органдар, қызметтер, лауазымды адамдар арасында ғана қолданылады. Ә

Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері дегеніміз өндіріс процесінде қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға тікелей басқарушылық ықпал жасау тәсілдері мен жолдары құралдарының жиынтығы болып табылады. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері ұжымдарға және солар арқылы өндіріс процестері мен кәсіпорынның шаруашылық қызметіне ықпал еуге үлкен роль атқарады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz