Өзіндік сана


Slide 1

ТАЛҒАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

СӨЖ

Тақырыбы: Сана. Өзіндік сана.

Орындаған: Бусеев Р. Қ

312 Е-9

Тексерген: Күнтубаева А

ТАЛҒАР2020

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Сана туралы түсінік

Сананың дамуы

Сана туралы тұжырымдамалар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін, шама шарқынша өңдеп, бейнелейді. Ғылыми тұрғыдан психика, сана зат емес, оны көруге, суретін түсіріп алуға болмайды. Сана- сыртқы заттардың мидағы көрінісі. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның миында жүйке жүйесінде жасалып жататын шындықтың күрделі бейнесі.

Slide 4

Сана туралы түсінік

Сыртқы дүние мида түйсік, қабылдау, елестеу, ой-сезім түрінде бейнеледі. Бұлардың бәрін бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп атайды.

Сана- сыртқы дүниенің бейнесі. Біздің миымыз сыртқы әсерлердің бәрін қабылдауға, бейнелеуге қабілетті. Мидағы бейне, образ сол бейнеленген зат пен құбылысқа сәйкес. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, ол адамның миында жүйке жүйесінде жасалы жататын шындықтың күрделі бейнесі.

Slide 5

Сананың дамуы

Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі - ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адамның еңбек етуі, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалануы оның санасының дамуына зор ықпал жасады. Адамды жаратқан да осы өндіруші еңбек. Еңбек ету арқылы ол өзінің түрлі тіршілік қажеттерін қанағаттандырып қоймай, айналасындағы бейнені тану түсуге де мүмкіндік алады. Еңбек ету арқылы адам тек материалдық игіліктерді өндіріп қана қоймай, өзінің ой-санасын, психологиясын да қалыптастырады.

Slide 6

Чарлз Дарвин теориясы

Ч. Дарвиннің тұжырымдамасы бойынша маймылдың адамға айналуы.

Slide 7

Ағылшын ғалымы Ч. Дарвин біздің арғы тегіміздің адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегеннен, еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете алмады. Энгельстің айтуы бойынша, адамның дене және ойлау қабілетінің жетілуінде, миын дамытуында еңбек пен дыбыстың маңызы зор болды. Адамға айналу процесінің өзі күрделі нәрсе. Мыс, олар алғашында ағаштың басында өрмелеп, секіріп жүріп күн көруге кейіннен жер бетіне түсіп тіршілік етуге, төрт аяқтап жүруге мәжбүр болған. Мұның бәрі тіршілік талаптарынан туған. Бұл жөнінде Энгельс былай дейді: “Ең алдымен өздеріні бір нәрсеге өрмелеп шыққанда қолдың аяққа қарағанда өзге міндеттер атқарауын керек ететін тіршілік қалпының әсерінен болуы керек, бұл маймылдар жермен жүрген де қолдың көмегін ұмыта бастап, барған сайын тік жүруді үйрене бастаған. Осы арқылы маймылдан адамға айналу үшін шешуші қадам жасалған. ”

Slide 8

Сөйтіп, күнделікті өмірдің жағдайлары адамның арғы тегінқолды төрт аяқтап жүруден екі аяқтап жүруге, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруынан, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді . Ол құралдарды күн көру, аң аулау, жауынан қорғану үшін пайдаланды. Құрал жасаумен шын мәнісіндегі еңбек ету басталды.

Slide 9

Еңбек құралдарын жасау, оны пайдалану адам организмінің анатомиялық құрылысына да үлкен өзгерістер енгізді. Мыс, біртіндеп омыртқа жотасы өзгеріске түсті, мойын омыртқалары ерекше жетілді, бас сүйегінің формасы мен көлемінің өзгеруі, ми қабығы клеткаларының күрделенуіне мүмкіншілік туғызды. Бет әлпеті өзгеріске ұшырады. Сөйтіп, адам еңбек ету процесінде сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасай отырып, бірте-бірте өз табиғатын да өзгертті, біртіндеп оның сана-сезімі де өсе бастады. Еңбекпен айналысу психиканың материалдық негізі, мидың, ми сыңарларының ерекшк дамуына жағдай жасады. Ол психикалық процестерінің мазмұны кеңейіп, адамның сезім мүшелерінің пацда болуына ықпал жасады.

Slide 10

Сана туралы тұжырымдар

“Сана дегеніміз- ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады”, - деп жазды К. Маркс.

Сана жеке адамға тән қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Ол екеуі тығыз байланысты . Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп аталады. Детерминизм тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана емес, табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі объективті себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйретеді.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Сананың бұзылысы
Өзіндік сананың дамуының шарттары
Өзіндік сана және оның құрылымын зерттеудегі теориясы
Өзіндік сана туралы
Психика теориялары
Сана және өзіндік сана
Сана және бейсаналық
Сананың философиялық тұжырымдамасы
Сана туралы анықтамасына тоқталып, сонымен қатар жалпы түсінік беріп және өзіндік сана туралы мұғлұматтар жинау
САНА МЕН ТІЛ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz