Клиникалық терминология және рецепт


Slide 1

Клиникалық терминология және рецепт.

Орындаған: Шырынханов Айдос

Тобы: 21Ф

Тексерген: Ғазиза Шариева

Slide 2

Латын тілін оқыту және медициналық терминологияның негіздерін меңгеруі пәннің логикалық-дидактикалық құрылымына сәйкес жүргізіледі және жүйеленген терминологиялық оқыту принципіне негізделеді. Медициналық терминологияның әрбір үш жүйесі өзіндік грамматикалық, сөз жасамдық және лексикалық ерекшеліктері болғандықтан, оқыту жеке тараулар түрінде жүргізіледі(анатомиялық, клиникалық, фармацевтикалық терминологиялар) . Бекіту және бақылау әдістемесіне сәйкес әр бөлімде пәнге байланысты лексикалық және грамматикалық материалдар іріктеліп алынған. Латын тілі пәні бойынша теориялық және клиникалық пәндерімен пәнаралық байланыста болады, яғни интеграциялық принципі сақталады. Латын тілін оқытудың жалпы білім беретін аспектісі жалпы мәдениеттік, тарихи-медициналық деонтологиялық және эстетикалық сипаттағы ежелгі ойшылдардың нақыл сөздері мен афоризмдерін пайдалануды қажет етеді.

Slide 3

«Клиникалық терминология» патологиялық анатомия терминологиясына негізделеді. Бұл бөлімде аурулардың атаулары, патологиялық қалпы, медициналық пәндердің атаулары, операциялардың түрлері, емдеудің әдістері мен тәсілдері, медициналық техникадағы құрал-жабдықтарының атаулары беріледі. Клиникалық терминологияны меңгеру үшін студенттерге сөзжасамның өнімді үлгілерін және тәсілдерін, сөзжасамдық элементтердің және жиі кездесетін түбірлердің минимумын, клиникалық терминдердің құрылымдық ерекшеліктерін, грек-латын дублеттерінің белгіленуін, жеке терминоэлементтерін меңгеруі керек.

Slide 4

Клиникалық терминология (грекше Klinike - дәрігерлік құру өнері, науқас адамды күту) . Оған әртүрлі клиникалық мамандықтарының, патологиялық анатомия және патологиялық физиология сияқты ауруды зерттейтін пәндердің терминдері жатады.

Slide 5

Ол ең алдымен терапиялық терминдер (грекше therapia - күту, емдеу) және хирургиялық терминдер (chеir - қол + ergіа - жұмыс, әрекет), ауру атаулары, патологиялық процестер мен жағдайлар, ауру белгілері, операция атаулары, зерттеу әдісі мен емдеу жолдары, медициналық құрал-жабдықтар т. б.

Slide 6

Клиникалық терминдерді қолдану барысында аурудың қазақ тіліндегі атауларымен қатар олардың латынша баламалары да қолданылады. Мысалы: Жарық (hеrnia) . Сынық (fractura) . Қатерлі ісік (carcinoma) т. б.

Slide 7

Медициналық терминологияның барлық жүйелерінде күрделі сөздердің - сөз жасаушы конструкциялардың орны үлкен. Олар түбір және сөз жасаушы элементтері бар латын-грек терминоэлементтерінен туындаған және клиникалық терминологияда көп кездеседі. Ғылыми және кәсіби жұмыстарға, аурудың алдын алуға (профилактикаға), ауруларды анықтауға (диагностикаға), науқастарды емдеуге байланысты терминдер клиникалық терминологияның үлкен бөлігін құрайды. Бұл бөлімде сөздің құрамы және сөзжасамға байланысты сұрақтар қарастырылады. Зерттеу барысында әрбір сөздің жеке мағынасы емес - олардың жалпы мағынасы маңызды.

Slide 8

Сөздердің мүшеленуі

Мағыналары ұқсас сөздерде сөздің бір бөлігі болса да қайталанатын болса, мұндай сөздер мүшеленетін деп аталады. Әртүрлі сөздердің мүшеленуі толық немесе жартылай бола алады. Егер сөздің барлық бөліктері басқа да туынды сөздерде қайталанатын болса, олар толық мүшеленетін деп аталады. Егер сөздің барлық бөліктері қайталанбаса, жартылай мүшеленетін деп айтуға болады.

Slide 9

1) Толық мүшеленетін: pod-algia, pod-o-metria, neur-algia, kephal-ometria. Бұл сөздерде барлық бөліктері басқа да туынды сөздерде кездеседі.

2) Жартылай мүшеленетін: pod-agra. Бұл сөзде бірінші бөлігі - pod, басқа да сөздерде қайтаналанады, ал екінші бөлігі - agra, өте сирек жағдайда ғана қайталанады.

Slide 10

Грек-латын дублеттер.

Slide 11

Мысалы: қынап, екі дублетпен белгіленеді: латын - vagina және грек - colpo, клиникалық терминологияда терминоэлемент ретінде екеуі де қолданылады. Рентгенологиялық терминдерде органдардың латын белгілері қолданылады. Мысалы, рентгенолог мамандар «маммография» деп айтады, бірақ бұл терминде mamma (сүт безі) - латын атауы, masto (сүт безіне жататын) - грек терминоэлементі. Кейбір анатомиялық атаулардың грек эквиваленттері жоқ, сондықтан клиникалық терминология саласында латын атаулары кеңінен қолданылады. Мысалы, латын сөздері -appendix, ventriculus, sinus, duodenum.

Slide 12

Клиникалық терминологияның құрылымы. Клиникалық терминдер өзінің құрылысына қарай төмендегідей болуы мүмкін:

А) Жай клиникалық терминдер - бір түбір мен жалғаудан тұрады.

Мысалы: coma, atis n; ulcus, eris n.

Б) Туынды клиникалық терминдер - жұрнақ арқылы зат есімнен сын есімге айналған.

Мысалы: comatosus, a, um; ulcerosus, a, um

В) Күрделі клиникалық терминдер - екі немесе одан да көп түбірден құралған .

Мысалы: dermatologia, cardiodystrophia.

Г) Клиникалық терминдер -сөз тіркестері үш түрлі болуы мүмкін:

1. қиысқан анықтауышы бар термин -pneumonia chronica,

2. қиыспаған анықтауышы бар термин - cancer pulmonis,

3. аралас термин - fractura transversa claviculae.

Slide 13

Клиникалық терминологияда жиі қолданылатын жұрнақтар:

osis жұрнағының екі мағынасы бар: 1. Егер түбірінде дене мүше білдіретін термоэлемент берілген болса жалпы мағынасы «патологиялық процесс, созылмалы зақымдану» Мысалы: нефроз - бүйректің созылмалы зақымдануы, психоз - психиканың бұзылуы, токсикоз- улануы, артроз -буындардың зақымдануы. 2. Егер түбірінде жасуша немесе ісік білдіретін термоэлемент болса, -osis жұрнағының мағынасы көбею болады. Мысалы: лейкоцитоз - лейкоциттің көбеюі, фиброматоз - талшықты ісіктерінің көбеюі. -osis жұрнағы арқылы құралған зат есімдер ІІІ септеу femininum род түріне жатады. Мыс: arthrosis, is f., leucocytosis, is f.

Slide 14

-itis жұрнағы қабынуды білдіру үшін қолданылады. Мысалы: гастрит-gastritis- асқазанның қабынуы, нефрит - nephritis бүйректің қабынуы. -itis жұрнағы арқылы құралған зат есімдер ІІІ септеу femininum род түріне жатады. Мысалы: nephritis, itidis f. -oma жұрнағы органдар мен тіндердің ісігін білдіреді. Мыс. : остеома - osteoma - сүйектің ісігі. Ісіктердің атаулары ІІІ септеу neutrum род түрінің зат есімдері.

Slide 15

Ережеден тыс қабынулардың атаулары:

Pneumonia, ae f - өкпе қабынуы Angina, ae f - баспа, бадамша бездің қабынуы Panaricium, i n - саусақ тырнағының қабынуы, күбіртке Phlegmone, es f - шелдің іріндеп қабынуы Empyema, atis n - мүше қуысында іріннің жиналуы Furunculus, i m - түкті қаппен тер безінің қабынуы, шиқан.

Slide 16

Рецепт-дәрігердің фармацевтке немесе дәріханаға қағаз жүзіндегі дәрілерді белгілі бір түрде науқасқа дайындап берілуі, онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетілген, жазбаша нұсқауы мен жолдамасы. Рецепт өте маңызды арнайы медициналық және заңдық құжат. Рецепт арнайы бланкте жазылады. Рецепт жүйелі 9 бөліктен тұрады.

Slide 17

1. Емдеу мекемесінің аталымы(мөрі) және коды. 2. Рецепт жазудың мерзімі(күні, айы, жылы) . 3. Науқастың аты-жөні. 4. Науқастың жас шамасы. 5. Дәрігердің аты-жөні. 6. Дәрілік заттардың белгісі және олардың саны(жазбаша) . 7. Дәрілік пішіндердің аталуы(май, ұнтақ және т. б. ) немесе фармацевтке басқа тапсырма. 8. Дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері(сигнатура) . 9. Дәрігердің тек өзінің қолы мен мөрі.

Slide 18

Рецепт жазу үлгісі.


Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық терминология жүйесі
ӨСӨЖ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелу
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Халықаралық анатомиялық номенклатура
Дәрімен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі
Рецептерде дәрілік түрлердің жазылу ережелері
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz