Қарым қатынасты модельдеу


Slide 1

«Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігі»

Slide 2

Педагогикалық коммуникативті біліктіліктің мәні және ерекшеліктері.

Педагогикалық қарым-қатынас стилі, түрлері, құрылымы.

Жоғары оқу орны оқытушысының ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігі.

ЖОСПАРЫ

Slide 3

Орыс психологы М. И. Станкинның айтуынша, қарым-қатынас әрбір жеке тұлғаны дамыту үшін қажетті шарттардың бірі, өйткені қарым-қатынассыз адамзат қоғамының пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Ол қарым-қатынас деп бірлескен әрекет қажеттілігінде туындайтын адамдар арасындағы күрделі, көп жоспарлы байланыстарды құру мен дамыту үрдісін және адамдардың бір-бірін түсініп, қабылдауын айтты. Педагогикалық қарым-қатынас процесінде өте маңызды рөлге оқытушы ие болады. Педагог рөліне С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский, К. Д. Ушинский және т. б. кеңес педагогикасының классиктері үлкен көңіл бөлді.

Оқу-тәрбие үрдісіндегі педагогтардың қарым-қатынасы туралы сөз қозғасақ, онда педагогикалық қарым-қатынастың рухани мәдениетті игеруге, өзара түсіністікті қалыптастыруға, интеллектуалды және эмоционалды-еріктік даму үшін жағдай жасауға бағытталатынын айқындаймыз. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы.

1. Педагогикалық коммуникативті біліктіліктің мәні және ерекшеліктері

Slide 4

А. А. Брудный атап көрсеткендей, « . . . мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы инструменталды, өйткені оның мақсаты оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бұл жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды. Нағыз педагог үшін шәкірттермен қарым-қатынас жасау бұл қашанда өзін-өзі көрсету (самовыражение) екені де табиғи . . . »

Педагогикалық қарым-қатынас « . . . оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, «психологиялық кедергінің» пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ- педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» ретінде анықталады .

К. Роджерс педагог, ең алдымен, қарым-қатынас фасилитаторы деп атайды. Бұл - педагог оқушыға өзін көрсетуге, өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін көрсетуге көмектесетінін білдіреді.

Slide 5

Педагогикалық қарым-қатынас кезеңдері

В. А. Кан-Калик бойынша кәсіптік - педагогикалық қарым-қатынас кезеңдері

Slide 6

2. Педагогикалық қарым-қатынас стилі, түрлері, құрылымы.

Қарым-қатынас стилі ұғымына В. А. Кан-Калик: “Қарым-қатынас стилі деп біз педагог пен оқушының әлеуметтік-психологиялық арақатынасының жеке типологиялық ерекшеліктерін айтамыз:

мұғалімнің қатысымдық мүмкіндіктері;

педагог пен оқушының өзара қарым-қатынасының қалыптасуы;

педагогтің шығармашылық тұлғасы;

оқушы ұжымының ерекшеліктері ” деген анықтама береді .

Әр оқытушыда сабақ оқытудың өзіндік стилі болады. Әрқайсысы оқушы ұжымымен өзінше байланыс жасаудың жолын табады және өзіне белгілі тәсілдермен оқушылар зейінін аударуға қол жеткізеді, болашақ мұғалімдердің коммуникативтік біліктілігін арттырады.

Н. Ф. Маслов, Е. М. Крутов сияқты психологтар еңбектерінде қарым-қатынастың “демократиялық” және “авторитарлық” екі түрлі стилі көрсетіледі.

Қарым-қатынастың кәсіби түрінде стилдің үшінші “либералдық” түрі анықталады. Оның негізін салған А. А. Бодалев.

Slide 7

Педагогикалық қарым-қатынастың стильдері

Ұжымға немесе әрбір студентке байланысты барлық мәселені педагог өзі ғана шешеді. Ол қарым-қатынас мақсатын анықтап, оған субьективті түрде баға береді. Авторитарлық сатиль қалыптасқан жағдайда студенттер өздеріне байланысты мәселені талдауға қатыспайды, педагогтың пікіріне қарсы тұрмайды, қарым-қатынас диктат түрінде жүзеге асады.

Авторитарлық стиль

Демократиялық стиль

Барлық жауапкершілік студентте болады, педагог оқу процесіне барынша немқұрайлы қарайды. Студенттерге мейлінше еркіндік беріледі. Бұл стиль шығармашылық құнды бағаланатын салаларда өте тиімді ( мысалы дизайнерлер, музыканттар) .

Либералдық стиль

Педагог пен студент арасындағы жауапкершілік те, бастамалар да бөлінеді. Педагог әрқашан студенттердің пікірін тыңдауға дайын болады. Барлық шешімдер бірге қабылданады.

Slide 8

В. А. Кан- Калик қарым-қатынас стильдерін осылай бөліп қарастырды:

бірлескен творчестволық іс-әрекет негізгі қарым-қатынас;

достық қарым-қатынас;

шекаралық қарым-қатынас;

қорқыныш-үрейге негізделген қарым-қатынас;

әзіл-қалжыңға негізделген қарым-қатынас.

Әр қарым-қатынас стилінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның барлығын педагог толық меңгеріп, оқытудың әр кезеңінде қолдануы қажет. Мәселен, әзіл-қалжыңға негізделген қарым-қатынас дәріс барысында студенттерді сергітіп алуға қолданылады.

Slide 9

«Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Eгер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Kоммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады, тағы сол сияқты сұрактарға жауап берілуі тиіс.

Коммуникациялық құзыреттілік - адамдармен тиімді қатынасты орната білу жəне өзін ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мəдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік жəне кəсіби тəжірибесіне байланысты ерекшелінеді .

3. Жоғары оқу орны оқытушысының ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігі

Ғалым Д. Хаймз «коммуникативті құзыреттілік» ұғымын келесідей құзыреттеліктермен біріктіреді:

лингвистикалық (дұрыс тілдік қатынастың болуы) ;

əлеуметтік-лингвистикалық (диалектикалық сөздер ережесі) ;


Ұқсас жұмыстар
Тұрақсыз стиль
Мектептің тұтас педагогикалық процесінде қақтығыстарды басқару
Педагогикалық қарым қатынасты ұйымдастыру
Педагогикалық қатынас ерекшелігі
Блок - сызбада циклдік алгоритмнің шарты
Мұғалім психологиясы
ҚАТЕ БІРІКТІРІЛГЕН ЖАҚ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНУЫН ЕМДЕУ
Қарым-қатынас жайлы
Белсенді оқыту әдістерінің жіктелуі
Нейролингвистикалық бағдарлау туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz