ЖАУАПКЕРШІЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖОСПАРЫ



«Жауапкершілік психологиясы»

ЖОСПАРЫ
Жауапкершілік түсінігі
2
3
Жауапкершілік атрибуциясы және инстанциясы
Лидерлік. басқару стилі мен менеджер имиджі
«Басшы-бағынушы» арасындағы қарым-қатынас
4
4
1

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі, өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып келеді.
Жауапкершілік - еркіндіктің басқа бір жағы болып табылады. Ол ересек тұлғаға тән және өзін саналы түрде жасайтын іс әрекеттерінің себептері мен өзінің ойлары мен әрекеттерін ішкі бақылауда көрінеді.
Жауапкершіліктің қалыптасуына әсер ететін факторлар:
адамның өзінің қабілеттілігі мен нышандарын көрсете білуге мүмкіндік жасайтын іс әрекеті;
адамның басқа адамдармен ауызба- ауыз сөйлесуі кезінде ғана емес, адамзаттың адами қасиеттерін, салт дәстүрлері, әлеуметтік нормалар мен ережелерді меңгеруі арқылы көрінетін, болатын қарым -қатынасы;
жеке және әлеуметтік мінез құлық жауапкершілік әдістері мен формаларын болып жатқан жағдайларға байланысты таңдап алуда көрінетін адамның шығармашылығы.

Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әcepi мен iшкi мiндеттерiн бағалай отырып мақсаттарды белгiлеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиiмдi әдiс жолдарын таңдап алу болып табылады.
Жауапкершілік атрибуциясы және инстанциясы
Жоспарлау барысында ұйым деңгейiнде жүзеге асырылатын мiндеттер
нақты мерзiм ауқымында белгiленген мақсаттар мен оны орындаудағы iс-әрекеттер
қажет етiлетiн адамды, материалды, ақпаратты және басқа да ресурстарды iздестiру
басқару жүйесi мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқынын реттеу
еңбек өнiмдiлiгiмен пайда деңгейiн арттыру, өндiрiс барысы мен құрал-жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру
сенiмдi бақылау жүйесiн қамтамасыз ету арқылы мiндеттердi орындауға қол жеткiзу

Стратегиялық жоспарлау
Стратегия ұғымы ежелгi грек елiндегi ауқымды өкiлеттiлiкке ие болатын басқарушының, тура аудармасында генерал шеберлiгiн бередi. Стратегиялық жоспарлау - ұйым алдындағы мақсатқа жетудегi басшылықтың қабылданған кешендi, жан-жақты шешiмдержиынтығын бередi. Басқару қызметiн жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберiнде шектеулi ресурстарды бөлу, сыртқы opтағa бейiмделу, iшкi үйлесiмдiктi орындау және ұйымдық стратегияны ұғыну әрекеттерi орындалады.
Ресурстарды бөлу қызметi барлық қоғамдық ресурстардың шектеулiлiгiмен байланысты. Яғни, ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды мақсат барысында тиiмдi бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткiзуге бағытталады.

Сыртқы ортаға бейімделу. Басқару iciнің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк-мәдени, техникалық факторлардың әсерiнде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары факторларды зерттеп, солартарапынан төнетін қауiп-қатердi анықтайды.
Ішкi үйлесiмдiктi орындау. Бұл стратегияны ic жүзiне асырудағы iшкi мүмкiндiктерiн, жетiстiктер мен әлсiз тұстарын басқарушылық зерттеу, бағалау арқылы мақсаттың орындалуын қамтамасыз етеді. Осыған орай басқарушылық зерттеуге ұйымдағы өндiрiс, қаржы, маркетинг, қызметкерлер және мәдениет бөлiмi қызметтерi енгiзiледi.
Ұйымдық стратегияны ұсыну. Басқарудағы осыған дейiнгi орын алған тәжiрибе, кешендi жоспарлар мен деректерге сүйене отырып, дамудың бағытын белгiлеудi ұсынады.

Жоспар қабылданғаннан кейiн оны орындау - бағдарлама, бюджет, әдiстерменқатар, тактика, саясат, iс-жосығы (процедура) және ереже арқылы жүзеге асырылады.
Тактика - ұзақ мерзiмдi, кешендi стратегияны орындаудағы нақтылы iс-қимылдың қысқа мерзiмде үйлестiрiлуi.
Саясат - мақсатқа жетудi жеңiлдету үшiн шешiм қабылдау мен iс-қимылдардың жалпы ұйымдастыру шаралары. Стратегияны жүзеге асыру саясаты мақсатты орындаудағы тиянақты да түпкiлiктi шешiм қабылдауда тәуекел мен iзденiстердi пайдалануға, еңбек ресурстарын тиiмдi қолдануға және оларды әлеуметтік қорғауға жағдай тудырады.
Ic-жосығы - ұйым қызметiнiң барысы қайталанылатын жағдайда алдын-ала қарастырылған нақтылы бiр iс-қимылды басшылықтың орнықты деп ұғынып, қалыпты шешiмдер қабылдауын бiлдiредi.

Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі
Басшы шешiм қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып қарауындағы адамдардың жұмысын бақылаған кезде өзiнiң мiндетiне лайық әрекет етедi. Бұл жағдайда әрбiр басшы оның басшылық стилiн айқындайтын басқару процесiнде өзiне тән әдiс-әрекетiмен, өзiндiк ерекшелiкпен көрiнедi.
Стиль - ұжымдағы әлеуметтiк қатынастардың бүкiл бiр тұтас ықпалымен қалыптасқанымен, ол белгiлi дәрежеде басшыға да байланыс болады. Барлық творчестволық еңбектер сияқты басшының еңбегінің де келесідей ерекшеліктер бар:
оның шығарған өнімі;
қабылдаған шешімі;
сол шешімді қабылдауға кеткен уақыты.
Лидерлiк - бұл жеке адамдар немесе бiр топта адамдарға әсер ету қабiлетi және оларды белгiлi бiр мақсатқа үшiн жұмыс процесi болып табылады.
Бихевиорист ғалымдар лидерлiктiң тиiмдi қолданудың 3 тәсiлiн атап көрсеткен:
Жеке адамның қасиетi мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсiл;
Тәртiптiлiк тәсiл;
Жағдайлық тәсiл.

Басқару стилi - бұл басқарушының бағынушыларға деген үйреншiктi үлгi тәртiбi, яғни өз мақсатына жету үшiн әсер eтyiмен оларды оятуы. Басқарушы өзiнiң билiктiлiгiн жүргiзетiн дәрежеге дейiнгi өзiне де қолданылатын билiктiң типтерi және бұлардың бәрiнен бұрын адамгершiлiк қарым-қатынас жасауға немесе мiндеттi орындау қамқорлығы.
Либералды басқарушы - бағынушыларға өздерiнiң мақсатын анықтауда және өзiнiң жұмысын бақылауға толықтай бостандық бередi.
Автолитарлық басқарушы - басқарушының жеке жоғарғы дәрежелi билiгiмен сипатталады, яғни басқарушы топтың барлық стратегиясын анықтайды және топтарға ешқандай өкiлеттiлiктер берiлмейдi.
Демократиялық баскарушылық - бuлiктiң бөлiнуi мен жұмысшылардың басқару iciнe қaтыcyымен сипатталады, яғни жауапкершiлiк жинақталмай таратылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz