Түйе цефалопинозы, балау және ветеринариялық шаралары


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: Түйе цефалопинозы, балау және ветеринариялық шаралары

Орындаған: Амренова Алем

Тобы: ВМ-601

Тексерген: Ахметжанов О. Н

Семей, 2020-жылы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Slide 2

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Түйе цефалопинозі

Жіктелуі

Морфологиясы

Даму биологиясы

Емі

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар

Slide 3

Cephalopina titillator (Цефалопиноз, Құмыр, Cephalopinosis) - түйенің танау, маңдай қуыстарында, торлы сүйекте паразиттік тіршілік ететін бөгелектердің балаңдары қоздыратын, тыныс алу жүйесінің қабынуымен, тыныстың тарылуымен, демікпемен және менингитпен сипатталатын энтомоз ауру. Cephalopina titillator түрінің балаң құрттары қоздыратын ауруды ғылыми тілмен «Цефалопиноз» деп атайды, сонымен қатар халық арасында ауруды «Құмыр» деп атайды. Бұлар бүкіл дүние жүзінде кең таралған паразиттер. Цефалопиноз түйе шаруашылығына үлкен экономикалық зиян келтіреді және зоонозды энтомозға жатады. Түйелерде жұтқыншақ миаз ауруын тудырады. Ауру түйе шаруашылығына үлкен экономикалық шығын келтіреді, атап айтсақ ет, шұбат және тері беруі төмендейді. Ауру түйелерді тыныс алу жүйесі зақымдалып (тыныстың тарылуы, демікпе, пысқыру), бактериялық инфекция салдарынан түйеде менингит дамып, өлімге ұшырайды.

Slide 4

Жіктелуі:

Жануарлар дүниесі: Animalia,

Тип: Arthropoda (буын аяқтылар)

Класс: Insecta (жәндіктер),

Отряды/Тегі: Diptera (қос қанаттылар)

Отряды: Brachycera (қысқа мұрттылар),

Тұқымдасы: Oestridae (бөгелектер),

Туысы: Cephalopina (түйенің танау қуысының бөгелектері)

Түрі: Cephalopina titillator

Slide 5

Ұзындығы 8-11 мм жететін ашық қоңыр түсті бөгелектер. Басы үлкен, екі күрделі көзі мен үш қарапайым көздері бар. Дене бөлігінде ақ дақтары бар және құрсағының түсі күміс тәрізді. Бірінші сатыдағы балаң құрттың (Б1) ұзындығы 0, 72 мм, түсі ақ және басында ілмекшелері бар. Үшінші сатыдағы балаң құрттың (Б3) ұзындығы 30 мм, түсі ашық сары.

Морфологиясы

Slide 6

Ұзындығы 8-11 мм жететін ашық қоңыр түсті ақ дақтары бөгелектер (танау қуысының бөгелектері) . Аналығы тірідей туатын паразитке жатады (viviparous, тірідей балаң құрт туатын бөгелектер. Даму айналымы толық емес: 1) балаң сатылар (Б1, Б2 және Б3), 2) қуыршақ және 3) имаго. Жұмыртқа сатысы болмайды. Аналығының құрсағында жұмыртқа дамып, аналығы балаң құрттарын түйенің танауына тірідей 800-900 дана бірінші сатыдағы балаң құрттарды (Б1) шашады. Бірінші сатыдағы балаң құрттары (Б1) танау қуысының кілегейлі қабатын өткір ілмешектерімен тесіп, енеді. Аурудың бастау көзі балаң құрттың бірінші сатысының (Б1) танау қуысының кілігейлі қабатына енуінен басталады. Балаң сатылар түйенің танау (Б1), жұтқыншақ, өңеш және кеңсірік қуыстарында (Б2 және Б3) 10-11 ай бойы паразиттік тіршілік етеді. Даму айналымы 12 айға созылады. Ауруды балаң құрттар қоздырады.

Этиологиясы

Slide 7

Аналығы түйенің танау қуысына бірінші сатыдағы балаң құрттарды (Б1) тірідей шашады. Бірінші сатыдағы балаң құрттары (Б1) танау қуысының кілегейлі қабатын өткір ілмешектерімен тесіп, енеді. Танау қуысында бірнеше апта немесе бір ай паразиттік тіршілік етеді. Кейін бірінші сатыдағы балаң құрттар (Б1) кеңсірік қуысына, жұтқыншаққа, өңешке еніп, екінші сатыдағы балаң құртқа (Б2) айналады. Сосын үшінші сатыдағы балаң құртқа (Б3) айналады. 10-11 айдан кейін үшінші сатыдағы балаң құрт (Б3) қайтадан танау қуысына барып, кілегейлі қабығын тесіп, жерге түсіп, қуыршақ сатысына айналады. 25 күннен кейін қуыршақтан ересек сатысы ұшып шығады. Даму айналымы 12 айға созылады.

Даму айналымы

Slide 8

Індеттік деректері: Ауруға боталарға қарағанда ересек түйелер бейім келеді. Цефалонипозға ауруына шалдыққан түйелерде инвазиялық экстенсивтілік 96, 5 % жетеді.

Патогенезі: Балаң құрттар танау, кеңсірік және жұтқыншақ қуысының кілегейлі қабатына жабысып, механикалық зақымдайды, нәтижесінде жұтқыншақтың кілгейлі қабаттарын және басқа ұлпаларды бұзады. Жұтқыншақтың бөліктерінде қабыну, дегенеративті және репаративті процестер дамиды.

Аурудың сырт белгілері: Ауру түйелерде тыныстың тарылуы, демікпе, пысқыру байқалады және бактериялық инфекция салдарынан менингит дамып, түйе өлімге ұшырайды.

Slide 9

Патолого-анатомиялық сойып зерттеу: Сойып зерттеу барысында кеңсірік жұтқыншақ аймақтың кілігейлі қабығының түсі қызару түрде (геморрагия) және ұлғайған. Кеңсірік жұтқыншақ аймақта қара-қоңыр түсті түйіндерде балаң құрттар көрінеді және кеңсірік жұтқыншақтың кілегейлі қабықтарында балаң құрттардың жабысқаны көрінеді. Гистопатологиялық сойып зерттеу: Кеңсірік жұтқыншақ аймақта ісікті дегенерация, кілігейлі қабықтың эпителийінің гиперплазиясы, кілігейлі қабықтың ошақты немесе шашыранды инфильтрациясы, сонымен қатар кілегей асты қабатында лимфоциттер, плазматикалық клеткалар, макрофагтар, эозинофилиялар және фибробластар байқалады, қан тамырлары жиналған. Шырыш асты негізде эозинофиля мен мононуклеарлы инфильтрациясы бар дегенеративті және некроз ошақтары байқалады. Балаң құрттар жабысқан жердегі лимфоидты түйіндерде абсцесс байқалады. Репаративті процесстер, сонымен қатар грануляциялық ұлпалардың түзілуі, ангиогенез, фибробласт және кальцификация көрінеді. Түйенің миындағы менингиттің дамуы. Қалқанша безінде жемсаудың дамуы салдарынан қалқанша бездің фолликулаларында коллоид дамыған немесе фолликулярлы эпителийдің және базальды мембрананың құрылымының бұзылуы. Қалқанша безде гиперпластикалық жемсаудың дамуы.

Slide 10

Диагнозды кешенді түрде қоямыз:

Малдың тірі кезінде: Індеттік деректеріне, клиникалық белгілеріне, басқа аурулардан ажыратып балау зерттеулеріне және зертханалық зерттеулерге сүйенеміз:

Қосымша зерттеулерге сүйенеміз: Шаруашылықтан жиналған бөгелектерді энтомологиялық әдістермен зертханалық зерттеу.

Малдың өлі кезінде: Патолого-анатомиялық және гисто-патологиялық сойып зерттеулерге сүйенеміз. Соңынан мал дәрігері барлық зерттеулерге (індеттік, клиникалық, ажыратып балау, зертханалық, қосымша, патолого-анатомиялық және гисто-патологиялық зерттеу қорытындыларына қарап) сүйене отырып, диагноз қояды.

Ауруды анықтау

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Ауруды ажыратып балау
Малдың арықтауы
Жылқының ринэстрозы
Қой эстрозы ауруы
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Түйе цефалопинозы
Ірі қара мал лейкозы
Бруцеллезды балау әдістері туралы ақпарат
Инфекциялық аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптау және ветеринариялық-санитариялық бағасы
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz