Дерматомикозды бағалау, емдеу және күрес шараларын ұйымдастыру


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: Дерматомикоз ауруын балау, дауалау және күресу шараларын ұйымдастыру

Орындаған: Дидарова Б. Д.

Топ: ВС - 605

Тексерген: Икимбаева Н. А.

Slide 2

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Дерматомикоз ауруы

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Дерматомикоз немесе сапролегниоз - әртүрлі тұщы су балықтарының терісі, желбезектері және жүзу қанаттары зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл саңырауқұлақтар тудыратын ауру ерте уақыттан балықты қолдан тоған суларында және өндірістік тәсілмен өсіру басталғаннан бері белгілі.

Slide 4

Қоздырушысы - фикомицеттер саңырауқұлақтарының Saprolegnia және Achlya туыстығына жататын шартты түрде зардапты микроорганизмдер. Көбінесе балық денесі мен уылдырықта табылатын қоздыруышылар: S. parasitica, S. ferax, S. mixta және A. flagella. Бұл саңырауқұлақтар сулы ортада кеңінен тараған.

Slide 5

Індеттік ерекшеліктері. Сапролегниозбен балық кез келген жасында ауырады. Ауру балық ашыққанда, жарақаттанғанда, судың аздық және тұздық құрамы бұзылғанда жылдың кез келген маусымында байқалады. Сапролегниоз көбінесе басқа жұқпалы инфекциялық және инвазиялық ауруларға қабаттасып өтеді. Сапролегниозға жарақаттанған және тіршілігін жойған кезде уылдырық та шалдығады. Оны биссус деп атайды.

Slide 6

Өтуі мен симптомдары. Балықтың терісінде, жүзу қанаттары мен желбезектерінде саңырауқұлақтың ұйысқан жіпшелерінен тұратын мақта тәрізді тозаңды қабат кездеседі. Теріні тесіп, жіпшелер бұлшық етке, тіпті ішкі ағзаларға өтіп кетеді. Күшті зақымданған балықтар өліп қалады.

Балау ауруға шалдыққан балық пен уылдырықты мұқият тексеріп қарағанда қиынға түспейді. Мақта тәрізді тозаң қабатта микроскоппен қарағанда саңырауқұлақтың жіпшелері мен зооспорангиялары көрінеді.

Slide 7

Емі. Ауруға шалдыққан балықтарды емдік ванналарға салады. 2 - 5 % ас тұзында 5 минут, 1:200 000 малахит жасылында 1 сағат ұстайды. Уылдырықты зарарсыздандыру үшін 1:500 - 1:1 000 формалин (экспорициясы 15 мин), 1:200 000 тотыяйын (60 мин), 1:100 000 калий перманганаты (15 мин), 1:200 000 малахит жасыл (60 мин), 1:100 000 метилен көгі (30 мин) қолданылады.

Slide 8

Сақтық шаралары. Сапролегниоздың алдын алу үшін балықтың әлсіремеуіне және жарақаттанбауына жағдай жасайды. Уылдырықпен жұмыс істегенде, оны жинағанда және ұрықтандырғанда өте мұқият болып, судың тұнықтығын бақылап, инкубация жабдықтарын таза ұстау уылдырықты сапролегниозға шалдығудан сақтайды.

Slide 9

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Семей мемлекеттік университеті, «Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-03. 01. 20. 9/032012ж


Ұқсас жұмыстар
Көктемгі жұқпалы ауруларды бағалау, емдеу және күресу шараларын ұйымдастыру: бал арасы және балық аурулары
Емдеу-тасымалдау іс-шараларын ұйымдастыру: тұжырымдамасы, кезеңдері, медициналық іріктеу және эвакуация
Балықтардың бактериалды-вирустық індеттік ауруларын бағалау, диагноз қою және күресу шараларын ұйымдастыру
Ядролық қару қолданылған төтенше жағдайлардағы медициналық-эвакуациялық және радиациялық қорғаныс шараларын ұйымдастыру
Төтенше жағдайларда халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру: сатылы емдеу, іріктеу және сана деңгейін бағалау
Төтенше жағдайлар мен соғыс кезеңіндегі эвакуация шараларын ұйымдастыру және уақытша орналастыру тәртібі
Мал протозойлық (пироплазмидоз) ауруларын алдын алу, диагностикасы, емдеу және кенелермен күрес әдістемесі
Астық қоңыздарының биологиясы, таралуы және қорғау шараларын жоспарлау
Сыныптан және мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының әдістемесі: хордағы ән айту мен көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру
Гуморальдық иммунитет: құрылымы, қызметі, бағалау және емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz