Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынанбас тарта отырып, біз қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық




Презентация қосу
Орындаған:Үсенбай Мұрат
Қабылдаған:Саурықова.Ж
Қазақстан Республикасының
Президенті –
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауы еліміздің алдына жаңа өршіл
мақсат қойып отыр.
Ол – әлемнің дамыған отыз
мемлекетінің қатарына кіру.
Жолдауда Елбасы: «Біздің басты жетістігіміз –тәуелсіз Қазақстанды
құрғанымыз» деп атап көрсетті. Осы ретте тарих өлшемімен салыстырғанда
қас-қағымдай уақыт – тәуелсіздіктің жиырма бір жылында еліміз қол
жеткізген, Жолдауда атап айтылған табыстарға қысқаша тоқтала кеткен
жөн: «Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің жаңа
елордасы – Астананы салдық. Біз «Алдымен экономика – cодан соң
саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келеміз. Этникалық, мәдени
және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси
тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу
орталығына айналды.
Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке,
еркін бәсекелестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық
экономиканың заманауи үлгісін жасадық. Біз елімізге 160 млрд доллардан
астам шетел инвестициясын тарттық. Стратегия – 2030 қабылданғаннан
бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер
бестігіне енді. Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің
көлемі жағынан біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз. 15
жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті. Табысы күнкөріс
деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайды,жұмыссыздар саны екі
есе қысқарды».
Осы жылдарда Қазақстанда: «Білім алуға тең мүмкіндіктер
жасалуда. Соңғы 15 жылда білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5
есе өсті. Соңғы бес жылда ана өлімі шамамен 3 есе азайды,
бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті. Біздің адам капиталын
дамытудағы ұзақмерзімді салымдар саясатымыздың арқасында
қазіргі талантты жас ұрпақты өсірдік».

Әлемдік саясатта біздің еліміз – талассыз халықаралық беделге
ие жауапты да сенімді серіктес. Соңғы 2-3 жылда Қазақстан
Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық
ұйымына, Ислам ынтымақтастығы ұйымына және ұжымдық
қауіпсіздік ұйымына төрағалық етті. Астана экономикалық
форумында біз диалогтың жаңа форматын – G-global-
ды ұсындық.
Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын
жауып және атом қаруынанбас тарта отырып, біз қауіпсіздігімізге берік
халықаралық кепілдік алдық. Біз Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ
құруда негізгі рөл атқардық және жер шарының басқа да аймақтарында,
әсіресе, Таяу Шығыста осындай аймақтар құруға белсенді қолдау
көрсетеміз. Қазір біз ядролық қатерді таратпау жөнінде одан әрі табанды
шешімдер қабылдау қажеттілігі туралы батыл айтамыз. Осындай жауапты
саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімінің
көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі болып танылды».

Мемлекет басшысы Жолдауда осыдан дәл 15 жыл бұрын қабылданған
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының мерзімінен бұрын
орындалғандығын атап өтті. Оның басты қорытындылары:
«Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген.
Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз.
Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті,
заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық.
Бізде көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар.
Азаматтық қоғам дамуда, тәуелсіз БАҚ жұмыс істеуде. Түрлі
бағыттағы 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. 2,5
мыңдай БАҚ бар, оның 90%-ы – жеке иелікте. Қазақстан бүгінде
мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына
айналды. Әлемдік және дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі нақ біздің
елімізде өтті.
Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7
триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті. 1999 жылдан бастап
Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7,6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы
елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан
2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Біз сыртқы сауданың
– 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік.
Осы жылдар ішіндемұнай өндіру – 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды. Біз
шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық қорға жібердік».
Сонымен қатар республикада «үдемелі индустрияландыру бағдарламасы
аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 млрд теңге болатын 397
инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Орташа айлық жалақы 9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа
мөлшері 10 есе ұлғайды.Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өсті.
Егер 1999 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 46 млрд теңгені
құраса, 2011 жылы 631 млрд теңге болды. Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті
қамтамасыз ету енгізілді. Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17
млн адамға дейін өсті.Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.
«Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім
берумен65,4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді. Міндетті мектепалды даярлық
енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың 94,7%-ын қамтыды. 1997
жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана
және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды. Соңғы 12 жылда жоғары
білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайды.
1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның
арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық
білім алды. Астанада халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін
заманауи ғылыми-зерттеу университеті құрылды. Электронды үкімет
азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетті.
Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік,
оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта
бағдарладық».
Осылайша 2030 стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды,
қалғандары орындалу үстінде. Сондықтан Елбасы Жолдауында негізделген еліміз
дамуының жаңа стратегиясы «Қазақстан – 2030-дың» үйлесімді жалғасы болып
табылады. «Қазақстан-2050» стратегиясы – бұл тым құбылмалы тарихи
жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт. Қазақстан 2050 жылға қарай
әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.
Президент бұл биікті бағындыру жолындағы бірінші дәрежедегі маңызды
мақсат-міндеттерді айқындады:
•Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.
•Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.
•Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.
•Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.
• Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.
•Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен
функционалдығын арттыру.
•Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат
құру.
Осынау өршіл мақсат-міндеттерді іс жүзіне асыру қай салада
болсын қарбалас жұмыстарды талап ететіні даусыз. Оның ішінде
білім беру саласының алдында тұрған міндет аса жауапты екені
даусыз. Өз дамуының құбылмалы әлемдегі жаңа кезеңіне қадам
басқан еліміздің қатаң бәсекелестікте жаһандық экономикалық
тайталасқа дайын болуы – осы міндеттерді іске асыратын
мамандардың біліктілігіне байланысты. Сондықтан Қазақстан
дамуының жаңа стратегиясы жоғары мектептің алдына қоятын
міндет аса жауапты: «Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең
бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі
және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек.
Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп
береді».
Жолдауда көрсетілген халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік
білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін
дамытуды қамтамасыз ету міндеті техникалық білім ордасы – академик Қ.Сәтбаев
атындағы ҚазҰТУ ұжымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Осыған орай
университет алдында таяу болашақта жүзеге асырылуы тиіс міндет жүгі
салмақты.
Ең алдымен, Жолдауда атап көрсетілгендей, жаңа бағыттың экономикалық
саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу
принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм. Осы орайда
басқару шешімдерінің тек қана экономикалық мақсаттылық және оқу орнының
мүддесі тұрғысында қабылдануын қамтамасыз ету, конференциялар мен
семинарлар өткізу, сондай-ақ іс-сапарларды университет есебінен
қаржыландыруға тиым салу қажет деп есептеймін. Сонымен қатар оқу орнының
жаңа кезеңдегі саясаты қызметінің тиімділіне қарай құрылымдық бөлімшелер
санын қысқарта отырып, университеттің ұйымдық құрылымы мен штаттық
кестесін өзгертуді талап етеді. Осы орайда бюджеттік-қаржылық жоспарлау ісіне
де, шығыстарды қысқарту мақсатында, өзгертулер енгізу қажеттігі сөзсіз.
Жолдауда атап көрсетілген инновациялық зерттеулерді дамытудың
жаңа саясатына сәйкес, техникалық оқу орны ретінде университет
алдында тұрған міндеттер ауқымды. Бұл бағыттағы міндеттерді
жүзеге асыру қазіргі күнде қолға алынған университеттің ғылыми-
инновациялық және технологиялық кешенін құрудан басталады.
Елбасы Жолдауында біздің көпұлтты және көпконфессиялы
қоғамымыз табысының негізі – жаңа қазақстандық
патриотизм екендігі айтылды. Бұл ретте университет ұжымы
алдында тұрған мақсат қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық
келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Сондықтан университет
оқытушы-профессорлық құрамының қызметі ең алдымен
жастарымыздың бойында елге және оның игіліктеріне деген
мақтаныш сезімін ұялататын жаңа қазақстандық
патриотизмдітәрбиелеуге, жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға,
этностық немесе басқа да белгілер бойынша кемсітуге жол
бермеуге бағытталады.
Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз.
Үштілділік мемлекеттік деңгейде
ынталандырылуы керек. Жолдауда
атап көрсетілген осы міндеттерге
орай, университет ұжымы әлемдік
білім және ғылым кеңістігіндегі
ықпалдастық аясында техникалық
ағылшын тілін тереңдеп меңгеру,
алдағы әліпбиімізді латын қарпіне
көшіру дайындығына кірісу
шараларын қолға алады. Сонымен
қатар, қазақ тілін кеңінен қолдану
жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру
одан әрі жалғасын табады.
Университет ұстаздары орныққан
халықаралық және шет тілінен енген
сөздерді қазақ тіліне аудару жөніндегі
терминдік комиссия құрылуына
атсалысатын болады.
Қалыптасқан Қазақ мемлекетінің жаңа саяси бағытын айқындаған
«Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы жастарға қарата:
«Ал кейінгі толқын жастарғаайтарым:
Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер.
Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер
үшін жасалуда.
Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер.
Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар.
Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір
бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың
мақсаттарға апаратын құдіретті күш», деді.
Елбасы алға қойған асқаралы міндеттердің ойдағыдай жүзеге
асырылуы жолында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
университеті жоғары білікті инженер кадрларын даярлайтын
жетекші орталық ретінде өзіне жүктелген жауапкершілік пен сенім
үдесінен көріне біледі.
*Назарларыңызға
рахмет

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қауіпсіздік мәселелері контексіндегі конфессионалдық саясаты
Қазақстан ядролық қарусыз аймақ болу жолында
Мемлекет басшысы Жолдауда осыдан дәл
Қазақстан - 2050 жолдауының негізгі бағыттары
Ядролық қару жаппай қырып - жою қаруы
Семей жерінде
Семей полигонының инфрақұрылымы
Семей ядролық полигонының экологиялық зардаптары
Ядролық қарусыз әлем
Семей ядролық полигоны
Пәндер