Биологиялық прогресс Биологиялық регресс
Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ:БИОЛОГИЯЛ
ЫҚ
ПРОГРЕСС.БИОЛОГИЯЛ
ЫҚ РЕГРЕСС.
Орындаған:Тенелбаева Ақтілек
Тексерген:оқытушы Қауынбаева Элмира
Биологиялық прогресс — жүйелік
топтағы даралар санының артуы, таралу
аймақтарының кеңеюі, басқа да жүйілік
топтарға ажырауы. Популяция мен
түрдің тіршілік ортасына бейімделуі.
Биологиялық эволюцияның бағыттары:
ароморфоз, идиоадаптация,
дегенерация.
Эволюцияның негізгі бағыты –
қарапайымнан күрделіге қарай даму.
Орыс биологі А.Н. Северцов органикалық
дүниенің. Даму тарихында биологиялық
прогресс пен биологиялық регресс
болатынын ерекше бөліп көрсеткен.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ПРОГРЕСС
Биологиялық прогресс – түрдің немесе басқа да жүйелік
топтардың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы. Биологиялық
прогрестің негізгі белгілеріне — жүйелік (систематикалық)
топтағы даралар санының артуы, таралу аймақтарының (
ареалдарының) кеңеюі, жеке жүйелік топтарға ажырауы және
популяция мен түрдің жаңа тіршілік ортасына бейімделуі
жатады. Организмдердің қоршаған ортаға бейімделуі:
а) түр дараларының саны артады;
ә) түрдің таралу аймағы кеңейеді;
б) жаңа популяциялар, түр тармақтары, түрлер түзіледі.
Биологиялық
прогресс Биологиялық регресс
Қоршаған ортаға
Қоршаған
организмдердің организмдердің
бейімделушілігінің бейімделушілігінің
артуы,түрлер кемуі,түрлер санының
санының азаюы,ареалдың
артуы,ареалдың тарылуы.
кеңеуі.
ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ БАСТЫ
БАҒЫТТАРЫ
БИОЛОГИЯЛЫҚ РЕГРЕСС
Биологиялық регресс — организмдердің таралу аймағын азайтады;
түрлер мекен ету ортасына дұрыс, жақсы бейімделе алмағандықтан
саны азаяды; басқа түрлердің ығыстыру себебінен өліп, жойылып
бітеді. Өткен геологиялық дәуірлерде артына ұрпақ қалдырмай өте
көп түрлердің жойылып кеткенін палеонтология дәлелдеп
берді. Биологиялық прогресте түрлер дамып, көбейіп, жер жүзіне
кең таралса, биологиялық регресте бейімделе алмаған кейбір
түрлер тіршілігін бірте-бірте жояды.Сонымен биологиялық
регрестердің себебі: сыртқы орта жағдайының өзгеруіне
организмдердің әсер ету қабілетінің жойылуы.
Биологиялық регреске ұшырағандар:
1. Паразитті тіршілік етуге көшкендер;
2. Қозғалмай бекініп, тіршілік ететіндер;
3. Жер астында және үңгірлерде тіршілік ететін
жануарлардың жеке мүшелерінің қарапайымдануы.
ПАРАЗИТТІ ТІРШІЛІУ ЕТУГЕ
КӨШКЕН ОРГАНИЗМДЕРДЕГІ
ДЕГЕНЕРАЦИЯ МЫСАЛДАРЫ
Жануарлардағы регресс мысалдары
Паразитті тіршілік ететін жануарларда (
жалпақ құрттарда) сезім, асқорыту мүшелері жойылып,
жүйке жүйесінің құрылысы қарапайымданады.
Жойылған мүшелерінің орнына өздеріне пайдалы
иесінің ішектеріне жабысып бекіну үшін ауыз
айналасында сорғыштар мен жабысқыш өсінділер
дамиды. Паразитті тіршілік ететін шаянтектестердің
аналығында (мұртаяқтылар-саккулина)
буынаяқтыларға тән белгілердің барлығы жойылған.
Тек бір ғана жұмыртқа түзу қызметін атқарады.
Адамның асқазан жолдарындағы сиыр таспа құрты 18-
20 жыл тіршілігінде 11 млрд-қа жуық жұмыртқа
салады. Жұмыртқаларының иесінің денесі
қорғайтындықтан өте қарқынды көбейіп, дамуына
мүмкіндік туады.
ПАРАЗИТТІ ТІРШІЛІУ ЕТУГЕ КӨШКЕН
ОРГАНИЗМДЕРДЕГІ ДЕГЕНЕРАЦИЯ МЫСАЛДАРЫ
Өсімдіктердегі регресс мысалдары
Өсімдіктердегі регресс те паразиттік тіршілік етумен тығыз байланыста.
Сұңғыла (заразиха)
Сұңғыла (заразиха) – күнбағыс, қарасора, беденің тамырында болатын паразит өсімдік.
Сабағы қоңырқай реңді, жапырақтары қабыршақтанған хлорофилдері болмайды, сондықтан
емізікшелері арқылы қоректік заттарды дайын күйінде басқа өсімдіктерден сіңіреді.
Арамсояу (повилика)
Екінші паразит өсімдік – арамсояу (повилика). Арамсояудың өспейтін жері жоқ, жол
жағасында, бақшаларда, т.б жерлерде өсетін жабайы және мәдени өсімдіктер паразитінің
жіңішке қызғылт немесе сары жіп тәрізді сабақтары жасыл өсімдіктерді шырмап алады. Бұл
өсімдіктің паразит екенін бірден ажыратуға болады. Тамыры мен жапырақтары болмайды.
Тамырдың орнына жабысқан өсімдіктің шырынын сору үшін мөлдір сорғыш сабаңының әр
жерінен емізікшелер пайда болған. Оралған өсімдіктің сабағына емізікшелерін қадап, өзіне
қажетті қорегін (шырынын) сорады. Арамсояуды жабысқан өсімдіктен ажырату өте қиын,
жасушасында хлорофилл дәндері болмайды.
Сұңғыла (заразиха) Арамсояу (повилика)
Қозғалмай бекініп тіршілік ететін
организмдердегі дегенерация мысалдары
Қозғалмай бекініп тіршілік ететін кейбір
қабықтылардың (мысалы, асцидиялардың)
қозғалу мүшесі және хордасы дернәсіл
сатысында болады да ересектерінде хордасы
жойылды. Мысалы, өзінше бөлек погонофоралар
типінің өкілдері теңіз түбінде қозғалмай тіршілік
етеді. Олардың ұзын, құрт тәрізді денесінің
сыртын цилиндр пішінді түтікше жауып тұрады.
Денесінің алдыңғы жағындағы шашақты
қармалауыштарын ауық-ауық түтіктен сыртқа
шығарып тыныс алады. Денесі 4 бөліктен тұрады,
бірінші (алдыңғы) бөлігінде қармалауыштар
(кейтүрінде саны 200-250 ге жетеді),
"миы"(жүйке шоғыры), жүрегі, бөліп шығару
мүшелері бар. Екінші (ірілеу) бөлігі басқа бөліктен
ерекшеленген. Үшінші бөлігі өте ұзын. Бөліктің
ішкі жағында тыныс мүшелері, сыртқы жағында
түтікке жабысып тұратын өсінділері болады.
Денесінің артқы бөлігі сегментке бөлінген.
Жер астында және қараңғы үңгірлерде
тіршілік етеін жануарлардың дегенерацияның
мысалдары
Югославия мен Оңтүстік Австрияның үңгірлерінде
қосмекенділер класына жататын тритонға ұқсас протей
тіршілік етеі. Өкпесінен басқа басының екі жағында сыртқы
желбезектері бар. Суда желбезектерімен, құрлықта
өкпесімен тыныс алады. Жер асты үңгірлеріндегі суда
мекендейтіндіктен дене пішіні жыланға ұқсас ұзын, мөлдір
түссіз, пигменті болмайды. Көздері терімен жабылған,
уылдырығынан дамыған итшабақтарында көздің бастамасы
бар. Бұдан протейдің арғы тегінің жер үстінде тіршілік
ететіндігін және көздері болғандығын аңғаруға болады.
Үңгірде тіршілік ететін организмдерде көру мүшесі,
пигменті жойылып, белсенділігі төмендейді. Сулы ортада
тіршілік етуге көшкен гүлді өсімдіктердің жапырақ
тақталары жіп тәрізді жіңішкеріп, шашақталып,
тарамдалып кетеді. Өткізгіш ұлпалары дамымайды. Газды
алмастырып, суды буландырып тұратын тыныс тесіктері
жойылады, тек гүлі ғана өзгермейді (су сарғалдағы,
балықты мүйізжапырақ, т.б.). Құрылым деңгейінің
қарапайымданып, эволюциялық өзгеруінің генетикалық
негізі- мутация. Мысалы, кейбір мүшелердің жетілмей
қалдық күйінде сақталуы, альбинизм (пигментінің
болмауы), т.б. сияқты мутациялартабиғи сұрыпталу арқылы
жойылмаса популяцияларға тез таралады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒЫ РАХМЕТ !!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz