Қазақтың тыйым сөздері: ұлттық тәрбие көзі ретінде


Slide 1

Қазақтың тыйым сөзі-ұлттық тәрбие көзі.

Slide 2 Slide 3

Жобаның мазмұны:

1. Кіріспе бөлім

Аталар сөзі-ақылдың көзі.

2. Негізгі бөлім

Ырым-тыйым ұлағат көзі

3. Қорытынды.

Даналығын халқымның мақтан етем

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Тыйымдар

Қоршаған ортаға байланысты, ыдыс-аяқтарға қатысты

Үй тұрмысына қатысты, тағамдарға қатысты

Іс-әрекетке қатысты, бесікке қатысты, киім киюге қатысты

Жол жүруге қатысты

Қыз балаға қатысты

Slide 7

Аталар сөзі-ақылдың көзі

*Жағыңды таянба . . .

*Қолыңды төбеге қойма…

*Табалдырықты баспа . . .

*Аманатқа қиянат жасауға болмайды….

*Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды….

*Тізеңді құшақтама . . .

*Үлкеннің жолын кесуге болмайды . . .

*Асты ысыраптауға болмайды . . .

Slide 8

Ырым-тыйым ұлағат көзі

*Қыз бала басына ақ, қара орамал салмайды. Ақ- жаулықтың, қара - қайғының белгісі.

*Әйелге түнде суға баруға болмайды, өткені қорқып, шошыма ауруына ұшырауы мүмкін.

*Қонақ қыз босағаға емес, қарттар отыратын құрметті орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды.

*Әйелге шашын жайып жүруіне болмайды. Өйткені қаралы әйел ғана шашын жайып жіберетін болған.

Slide 9

Нанға қатысты ырым-тыйымдар

Slide 10

Ыдыс-аяқ, тағамдарға қатысты ырым-тыйымдар

Slide 11

Жол жүруге қатысты

Сейсенбі күні алыс жолға шықпайcың. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.

Жолда кездескен адамнан «кайда барасың ?» деп сұрамайды, «жол оң болсын» деу керек.

Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.

Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Ол құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін адам «Алла жазса», «Алла жол берсе», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса» деп тілек тілегенде, жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады.

Жұма күні көшуге болмайды. Жұма - қасиетті күн. Бұл күні ата - баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.

Slide 12

Киім киюге қатысты тыйымдар

*Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.

*Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.

*Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау - жаман ырым. Егер оны адам кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.

*Көпшіліктің алдында ашық-шашық киіммен жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.

*Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады.

*Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан жәндіктер болса ұшып түседі.

*Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.

Slide 13 Slide 14

Оқушылардан сауалнама алу сәті

Slide 15

Ауыл әжелерінен сауалнама алу сәті

Slide 16 Slide 17 Slide 18

Сауалнама қорытындысы

Slide 19

Ұсыныс:

*Қазақтың ырым-тыйым сөздері туралы баспасөз беттеріне жариялап, оқырман қауымға ұсынылса;

*Ырым-тыйым сөздер туралы мектепте сыныптан тыс іс-шаралар өткізілсе;

*Ата-бабаларымыздан келе жатқан қазақтың ырым-тыйым сөздері туралы кітапшалар көбірек шығарылса.

Slide 20

Thank You !


Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ырым-тыйым сөздері: табиғатты қорғаудағы және тәрбиелік мәні
Қазақтың ырым-тыйым сөздері: табиғатты қорғаудағы рөлі, тәрбиелік мәні және түрлері
Қазақтың ұлттық ойындарының дене шынықтырудағы қолданылуы мен тәрбие рөлі
Тәрбие сағаты: Кітап - білім мен тәрбие көзі
Қазақ қызының тәрбиесі: ұлттық психология және Қызға қырық үйден тыйым
Отбасы - тәрбие көзі: отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі рөлі
Білім көзі - кітап: 2-сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты
Қазақтың ұлттық тағамдары және дастарқан мәдениеті
Тәрбие әлеуметтік құбылыс ретінде: мақсаты мен міндеттері
Қазақтың дәстүрлі қара сабынын жаңғырту және заманауи бренд ретінде дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz