БОЛАШАҚ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫ




Презентация қосу
БОЛАШАҚ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ
ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫ.
ОРЫНДАГАН; ПУЛАТОВА ХАЛИДА.
КІРІСПЕ

Болашақ ұрпақтың рухани дамуын жаңа заман талабына сай жүргізу ісінде қазақ
халқының ғасырлар бойы жинақтаған халық мұраларының озық үлгілерінің маңызы
зор, олар жеке тұлғаның жан-жақты дамуына өз əсерін тигізеді. Сол себепті қазіргі
таңда жас ұрпақты халықтың қолданбалы өнер түрлерін жинақтап, зерделеуге
қатысты тəлім-тəрбиесі мен мол тəжірибесі негізінде тəрбиелеудің қажеттігі өсе
түсуде.
Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие беру — халықтың бүкіл тарихи өміріндегі өзекті болатын
мəселе.
Себебі тəрбиенің ұлттық сипаты жоғалса, халықтың болашағы бұлыңғыр болатыны
сөзсіз.
ҒАЛЫМДАР❤
Ұлттық мəселелерді талқылай отырып, зерттеуде көптеген этнограф, тарихшылар,
фольклорист, этнопсихолог, этнофилософ-ғалымдарымыз еңбек сіңіруде, соның
ішінде ұлттық дəстүр мен этностық педагогика жан-жақты зерттелуде. Мəселен,
жоғары мектептегі студенттердің этнопедагогикалық білім алу мəселесі жөнінде
С.А.Ұзақбаева мен К.Ж.Қожахметова арнайы тұжырымдама əзірлесе, қазақтың халық
педагогикасы материалын пайдалануға болашақ мұғалімдер мен тəрбиешілерді
дайындау, мектептің оқыту процесінде халық педагогикасының озық үлгілерін
пайдалану мəселелерін Қ.Бөлеев, Ү.Əбдіғапбарова, А.С.Мағауова, Б.Ж.Мұқанова,
Ж.Хасанова, тағы басқалар қарастырған.
Б.Ж.Жиентаева «Технология» пəні сабағында халықтың қолданбалы өнері арқылы
оқушыларға ұлттық тəрбие беру мəселесін зерттей келе, «технология сабақтарында
оқушыларға ұлттық тəрбие беру дегеніміз — оқу-тəрбие үрдісінде халықтың
қолданбалы өнер туындыларының жасалу жолдарын меңгеру арқылы білім,
біліктілік, дағдысын қалыптастыру негізінде ізгілік қасиеттерінің, дүниетанымы мен
ой-өрісінің өсуі, ұлттық танымының қалыптасуы, шығармашылық қабілетінің дамуы»
деп анықтайды [1].
Ұлттық тəрбие беру процесінде жастардың білім саласындағы этномəдени
қажеттіліктеріне үнемі талдау жасап, тиісті шара қабылдап отыру қажет.
Мектептерде, оқу орындарынан тысқары тəлім-тəрбие орындарында ұлттық өнерді
өмірге кеңінен кіргізу керек. Педагогикалық колледждер мен гимназияларда,
институттарда, университеттерде ұлттық өнерді оқыту бойынша мамандар
даярлауды жетілдіру де өзекті мəселе.
Ұлттық өнер бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын көптеп шығарып, жас
ұрпақты өнер мəдениетімен сусындатып, ұлттық эстетикалық игілікке
айналдыра тəрбиелеу — кезек күттірмейтін шаруа.
Жеке тұлғаның этнос субъектісі ретінде қалыптасуы көптеген факторлардың
ықпалы арқылы жүреді. Соның ішінде халықтың қолданбалы өнерінің
этнопедагогикалық білімнің құрамдас бөлігі, ұлттық тəрбие құралы ретіндегі
мүмкіндіктері мол. Қазақ халқының қолданбалы өнері туындыларының
мұражайлардағы, көрмедегі озық үлгілерін, күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген
тұрмыстық құралдарын халқымыздың өткен тарихымен таныстыратын
дəнекерлеуші, мəдени мұрасын, салт-дəстүрін сақтаудағы пəрменді күш. Халықтың
қолданбалы өнері арқылы ұлттық тəрбиені жүзеге асырудың жолдары, үлгі-
өнегелері, əдістері оның мақсаты мен міндеттеріне, мəні мен мазмүнына сəйкес
келеді жəне сондықтан оның тəрбиеленушіге əсер ететін ықпалы да мол болмақ.
Қ.Болеев болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық дайындау жүйесін бір-
бірімен байланысқан келесі компоненттер арқылы іске асыруды ұсынады:
қазақ этнопедагогикасы жəне қазақ этнопедагогикасының тарихы оқу пəндері
бойынша этнопедагогикалық білімдер беру;
қазақ этнопедагогикасы бойынша жəне қазақ этнопедагогикасының тарихы
бойынша арнайы курстар, семинарлар жəне факультативтер;
казақ этнопедагогикасы бойынша жəне қазақ этнопедагогикасының тарихы
бойынша арнайы зерттеулер жүргізу;
педагогикалық практика кезіндегі студенттердің оқушылармен ұлттық тəрбиені
жүзеге асыруы жəне ата-аналар арасында ұлттық тəрбиені насихаттауы.
Ал болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығы критерийлері ретінде оқушыларға ұлттық тəрбие беру
бойынша мынадай іс-əрекеттерін алған:
пəн сабақтарында оқушыларға ұлттық тəрбие беру;
мектептен жəне сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға ұлттық тəрбие беру;
сынып жетекшілік жұмыста оқушыларға ұлттық тəрбие беру;
ата-аналар арасында ұлттық тəрбиені насихаттауы [2].
Қазақстан Республикасындағы этникалық-мəдени білім тұжырымдамасына сəйкес жан-жақты мəдениетті тұлға барынша
айқын көркемдік-эстетикалық сананың, ұшқыр қиял мен нəзік сезімнің, əсемдікке құштарлық пен əдемілікті бағалай білетін
қасиеттің, театр, кино, теледидар, əдебиет, музыка, кескіндеме сабақтары дарытатын көркем талғамның өнер туындыларын
түсіне алатын қабілеттің иесі болуға тиіс. Көркемдік-эстетикалық сананың ерекшелігі оның өз болмысының əдетте көркемдік
шығармашылық дағдыда: саз аспаптарында ойнағанда, əн салғанда, сурет салғанда, т.б. сəттерде айқын көрсетілуінде.
Сондықтан ол этномəдени білім мақсаттарына сай келеді. Оның қалыптасуы тұлғаға өз халқының мəдениетіне тікелей
қатыстылығын сезінуге мүмкіндік береді, ұлттық сəйкестікке ерекше ден қояды. Тарихты зерттеуде мəдениет тарихы
айрықша орын алуға тиіс. Бұл пəн жан-жақты мəдениетті тұлғаны қалыптастыру міндеттеріне өте-мөте жоғары дəрежеде сай
келеді. Егер ол өнер тарихы ретінде, дүниежүзілік жəне ұлттық философия тарихы, дəстүрлер мен ғұрыптар тарихы, ұлттық
киім мен сəн-салтанат, т.б. тарихы ретінде оқытылса, онда, ұлттық жəне дүниежүзілік мəдениетті қастерлейтін жəне білетін
сан-қырлы рухани жетілген тұлғаны тəрбиелеуге өріс ашады.
Қазіргі заманғы мұғалімнің кəсіби даярлығын қолданбалы өнердің
этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбиеде қолдануға даярлау проблемасы
контексінде шешу оқытудың процестік жəне мазмұндық аспектілерін сапалы
жаңартуды талап етеді. Білім берудің жаңа парадигмаларына сəйкес келетін кəсіби
даярлықтың қоғам талаптарынан туған мақсаты тұлғалық, теориялық жəне
практикалық аспектілерді біріктіретін «кəсіби даму» ұғымымен нақтыланады.
Аталған аспектілердің ішінде ең мəндісі əрі маңыздысы тұлғалық аспект болып
табылады. Болашақ мұғалімнің кəсіби- педагогикалық іс-əрекетке тұлғалық-кəсіби
даярлығы оның тұжырымдамалық жəне іс-əрекеттік жағынан көрінетін
мүмкіндіктеріне сүйене отырып, инновациялық процесті ұйымдастыруға
бағыттайды.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын
тəрбие ісінде қолдануға даярлау мақсатымен біз мұғалімдерді даялаудың теориялық
моделін жасадық. Бұл модельдің құрылымының негізінде қолданбалы өнердің
этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға бағытталған
мұғалімнің кəсіби іс-əрекеті жатыр.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлау
моделін құруда біз Л.де Калувэ, Э.Маркс, М.Петри ұсынған білім беру моделінің компоненттерін негізге алдық:
негізгі құрылымы;
оқыту мазмұны;
оқыту процесін ұйымдастыру;
оқушыларды басқару;
оқу нəтижелерін бақылау;
оқыту процесін бағалау.
Модель болашақ мұғалімнің тұлғалық жəне кəсіби сипаттамаларының үйлесімділігін қарастырады. Болашақ мұғалімнің
тұлғалық сипаттамалары төмендегі екі параметрлердің қалыптасуымен тығыз байланысты:
білімдер, іскерліктер жəне дағдылар жүйесі;
тұлға қасиеттері.
Бұл параметрлер жалпы кəсіби даярлаудан бөлек қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға
қажетті арнайы даярлықты қажет етеді.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлау моделінің мақсаты
— болашақ педагогтардың аталған іс-əрекетке даярлығын қалыптастыру.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде
қолдануға даярлау моделінің мақсаты — болашақ педагогтардың аталған іс-əрекетке даярлығын
қалыптастыру.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде
қолдануға даярлау процесінің нəтижесі оның аталған іс-əрекетке даярлығы болып табылады.
«Даярлық» категориясы психологиялық-педагогикалық əдебиеттер жеткілікті деңгейде қарастырылған.
Сондықтан біз зерттеліп отырған құбылысымызға тəн маңызды жақтарына қысқаша ғана теориялық
талдау жасаймыз.
Психологтардың пікірінше, «даярлық» белгілі бір кезеңдегі психологиялық іс-əрекеттің тұтастай
сипаттамасын білдіретін адамның психологиялық жағдайы.
В.А.Сластенин педагогикалық іс-əрекетке даярлық деп ерекше психологиялық жағдайды, субъектіде
белгілі бір іс-əрекеттің бейнесінің жəне сананың тұрақты түрде оны орындауға бағытталуын айтады.
«Мұғалімнің кəсіби құзыреттілігі» ұғымын кəсіби іс-əрекетті іске асыруға теориялық жəне практикалық
даярлығының бірлігі дей келе, оны кəсібилікпен сипаттайды [
Мұғалімнің кəсіби құзыреттілігінің құрылымы, В.А.Сластенин бойынша, педагогикалық іс-
əрекетке даярлық құрылымы сияқты педагогикалық іскерліктер арқылы ашылуы мүмкін.
Педагогикалық іскерліктерді ол төрт топқа біріктерді:
тəрбие процесінің мазмұнын педагогикалық міндеттерге «көшіру» іскерлігі;
логикалық аяқталған педагогикалық жүйені құру жəне іске қосу іскерлігі;
тəрбиенің компоненттері мен факторлары арасындағы байланыстарды анықтау, оларды қозғалысқа
келтіру іскерлігі;
педагогикалық іс-əрекет нəтижелерін есепке алу жəне бағалау іскерлігі [3].
В.А.Сластенин теориялық даярлықтың жəне құзыреттілікті мұғалімнің аналитикалық, проективтік жəне
рефлексивтік іскерліктерінің жиынтығы ретіндегі педагогикалық ойлау іскерлігімен байланыстырады.
Мұғалімнің практикалық даярлығы мен құзыреттілігін ұйымдастырушылық (мобилизациялық,
ақпараттық, дамытушылық, бағыттаушылық іскерліктер) жəне коммуникативтік (перцептивтік,
педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық техника іскерліктері) іскерліктер арқылы ашады.
К.М.Дурай-Новакова педагогикалық іс-əрекетке даярлық күрделі құрылым екендігін айтады. Ол болашақ мамандыққа деген
оң қатынастан, педагогикалық іс-əректеттің тұрақты мотивтері, кəсіби- педагогикалық білімдер, іскерліктер, дағдылар
қалыптасады дейді [4].
Сонымен, даярлық мəселесі педагогикалық жəне психологиялық зерттеулерде қарастырылған. Педагогтардың зерттеу
жұмыстарында белгілі бір қасиеттің қалыптасуын мақсатты түрде басқаруға мүмкіндік беретін дидактикалық жəне тəрбиелік
факторлар мен шарттарды анықтауға арналған.
Психологтардың жұмыстарында негізгі көңіл даярлық жағдайы мен тұлғаның іс-əрекетінің тиімділігі, құзыреттілік пен оның
кəсіби іс-əрекетте көрінуі араларындағы тəуелділіктер мен байланыстардың сипатын анықтауға бөлінеді.
Көптеген ғалымдардың студенттердің болашақ педагогикалық іс-əрекетке даярлығының мазмұндық құрылымына деген
көзқарастары сəйкес келетіні туралы атап өту керек. Олар төмендегідей компоненттерді көрсетеді: мотивтік-құндылық
(тұлғалық) жəне орындаушылық (процессуалдық) (В.А.Сластенин); танымдық, мотивтік, жігерлі жəне эмоционалдық
(А.И.Мищенко); мотивтік-құндылық, мазмұндық, операционалдық (С.Л.Рубинштейн).
Аталған мəселеге арналған еңбектерді талдау барысында көптеген авторлар «даярлық»,
«даярлау» ұғымдарын ажырата келе даярлауды процесс, ал даярлықты осы процестің нəтижесі деп анықтайды. Бұл
жағдайда олардың құрылымдағы ортақ компоненттерді бөліп көрсетуге болады: психологиялық компонент (сенімдер,
көзқарастар, мотивтер, белгілі бір əрекетке деген ұстанымдар); теориялық компонент (білімдер); операциялық компонент
(іскерліктер, дағдылар, қабілеттер).
Сонымен, педагогикалық іс-əрекеттің əр түрлі аспектілеріне даярлығымен əр уақытта əр түрлі ғалымдар айналысқан.
«Даярлық» категориясы:
қажетті қабілеттер кешенінің болуы (В.Г.Ананьев, С.А.Рубинштейн);
кəсіби жағдайлар мен міндеттерге бағытталған ұстаным (В.А.Петровский, К.К.Платонов, Н.Д.Узнадзе жəне басқалар);
тұлға сапасы, қасиеті (К.К.Платонов, М.И.Дьяченко);
тұлғаның белгілі бір функционалдық жағдайы (Н.Д.Левитов);
белгілі бір іс-əрекетке даярлау нəтижесі (М.И.Дьяченко).
Ғалым-педагогтар Ю.П.Азаров, С.Г.Вершловский, В.А.Кан-Калик, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, Л.Ф.Спирин, А.И.Щербаков жəне
басқалардың еңбектерінде «даярлық» іс-əрекеттің құрылымдық бірліктерін, оның қызмет ету ерекшеліктерін, мұғалімнің психологиялық
мінездемесін, мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды зерттеу контексінде қарастырылған.
Сонымен, «кəсіби құзыреттілікті» іс-əрекет субъектісінің жеке кіріктірілген сапалық сипаттамасы деп айтуға болады жəне ол
педагогикада жоғары оқу орнының оқыту процесінде «даярлық» (А.И.Мищенко, В.А.Сластенин), ал жоғары оқу орнынан кейінгі кезеңде
«кəсібилік», немесе «шеберлік» (И.Д.Багаева, С.Б.Елканов, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин), ретінде қарасты- рылады.
Осындай көзқарасты М.Г.Харитонов та ұстанады. Р.В.Комраков бұл пікірді қолдай отырып, даярлау — процесс, ал даярлық оның нəтижесі
дейді. Осыған сүйене отырып, ол бастауыш сынып мұғалімінің этнопедагогикалық даярлығы оның этнопедагогикалық құзыреттілігімен
сипатталатынын жəне олардың мазмұны бір-бірімен байланысқан жəне белгілі бір тұтастықты құрайтынын айтады. Оның жұмысында бұл
екі ұғым шартты түрде ғана бөлінеді. Бұл екеуі де, автордың пікірінше, этнопедагогикалық міндеттерді нəтижелі шешуге бағытталған [5].
Болашақ мұғалімді даярлаудың нəтижелілігінің деңгейі мен сапасы педагогикалық
проблема ретінде бірқатар зерттеушілер жұмысында қарастырылады жəне өзекті
мəселе ретінде көрсетіледі.
Философиялық-əдіснамалық тұғыр тұрғысынан Б.С.Гершунскийдің адамның
барынша жоғары мəдени-білімдік құндылықтарды даралық-тұлғалық меңгеру
схемасын көрсетеді. Ол тұлғаны мақсатты дамыту процесі туралы ең кең
қорытылған түрдегі философиялық-білімдік көрініс береді жəне осындай дамуды
білімдік қолдаудың тұтас процесін жасауға мүмкіндік туғызады [6].
Педагогтарды педагогикалық оқу орнында жəне университетте даярлау мысалында
мамандарды ақпараттық технологияларды өз кəсіби іс-əрекетінде қолдануға
даярлығын қалыптастырудың теориялық негізін жасауда Г.А.Кручинина кəсіби іс-
əрекетке даярлықты даярлау процесінің мақсаты, яғни, мотивациялық, танымдық
жəне эмоциялық-еріктілік компоненттерімен көрсетілетін нəтижелілігінің қажетті
деңгейі деп анықтайды.

Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің этнопедагогикалық құзыреттілігі
ЭТНОПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Қарым қатынасты меңгеру
Педагогикалық қарым қатынасты ұйымдастыру
Педагогикалық қатынас ерекшелігі
Білім мазмұнының түрлері
БИОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог музыканттың әдіснамалық мәдениеті
ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗЖАСАМЫНЫҢ ІРГЕТАСЫНЫҢ ҚАЛАНУЫ ЖӘНЕ БАСҚА САЛАЛАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Мемлекеттік стандарттар
Пәндер