МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Slide 1

Мектепалды даярлықта балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың ерекшеліктері

Орындаган; Пулатова Халида

МДҚБ-11Г-19 СТУДЕНТТЫ.

Slide 2

Презентация

Мектепалды даярлық топтарындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру ҚР МЖМББС МДОжТ бекітілген «Біз мектепке барамыз» 5-6 жас аралықтарын қамтитын балаларға арналған бағдарламасы бойынша жүреді95. Мектепалды даярлық топтарындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру кіші білім беру саласы стандарт бойынша «таным» білім беру саласына қатысты болып отыр. Мұндағы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кіші білім беру саласының мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың көңілін заттардың саны мен қоршаған орта құбылыстарына аударту негізінде математикалық ойлауын қалыптастыру деп көрсетілген. Осы мақсатқа сәйкес математикалық ойлауын қалыптастыру барысында оқытудың мынадай дамытушылық қызметтері белгіленген:

Slide 3

) зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау вариативтілігі сияқты танымдық үдерістерін дамыту;

2) танымдық қызығушылықтарын дамыту барысында белсенді оқу іс-әрекетін қалыптастыру;

3) ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін үйрету; мектеп жасына дейінгі балаладың сөздік қорына математикалық атауларды енгізу, сабақта алған білімдері мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдану;

4) заттардың әртүрлі топтарын санау мен оның саны, сапасын анықтау дағдысын үйрету, олардың бір - бірімен арақатынасын анықтау;

5) кеңістікті, уақытты қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын дамыту;

6) геометриялық пішіндер мен денелер, өлшемдер туралы түсініктерін қалыптастыру

Slide 4

«Таным» білім беру саласының мақсаты танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, қоршаған ортаны тұтастай түсінетін және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін қолдана білетін мектепке дейінгі мекемеде мектепалды даярлық топ жастағы балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Мектепалды даярлықтағы балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңыздылығы бірқатар себептерге байланысты: ақпараттың молдығы, компьютерге зейіннің жоғарылауы, оқыту процесінің қарқынын жоғарылату; ата-аналардың өз балаларына цифрларды тану, санау, есептер шығаруға үйретуді ерте бастауға ұмтылуы.

Мектепалды даярлық топта қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті енжар баланың белсенділігін арттыратындай болу керек. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрін берілген тапсырмаларға байланысты өзгертіп отырған жөн. Оны өткізудің түрлі нұсқаларын іздестіру қажет. Жаңа материалды оқып-үйрену өткен материалды қайталаудан бастайды. Қайталау ойын жаттығулары түрінде ұйымдастырылады және 2-5 минут уақытты алады. Білімдерді бекітуге арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін де ойын жаттығуларынан бастайды

Slide 5

Педагог-тәрбиеші балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыра отырып, көрнекілік, ауызша және практикалық әдіс-тәсілдерді кешенді түрде қолданады. Педагог-тәрбиешінің осы жастағы балалардың танымдық сипаттағы тапсырмаларын түсінуге және олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға мүмкіндіктері бар. Қойылған міндеттер балалардың танымдық белсенділігін оятуға мүмкіндік туғызады, сондықтан мектепалды даярлық тобындағы балалардың ақыл-ой операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау) дамытуға көп көңіл бөлінеді. Балалар аталған операцияларды көрнекіліктерге сүйене отырып орындайды.

Мектепалды даярлық тобында көрнекі құралдардың түрлері көбейеді және сипаты біршама өзгереді. Иллюстративті материалдар ретінде ойыншықтар мен заттарды қолдану жалғастырылады. Қазір суреттермен, түрлі-түсті және бейнелі заттармен жұмыс жасау үлкен орын алады, заттардың суреттері сызба түрінде болуы да мүмкін.

Slide 6

Мектепалды даярлық тобындағы балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда оқытудың ауызша әдістерінің рөлі арта түседі. Педагог-тәрбиешінің нұсқауы мен түсініктемесі балалардың іс-әрекетін бағыттайды және жоспарлайды. Педагог нұсқау бергенде балалардың білім-біліктерін ескере отырып, жаңа тәсілдерді де қолданады. Түсіндіру барысында балалардың алдына шешілетін мәселені қою дербестік пен ұғымталдықтың пайда болуына және «Тағы қалай жасауға болады? Тексеру керек пе? Айту керек пе?» деген сұраулардың жауабын іздеуге ынталандырады.

Баланың жаңа құралмен әрекет жасауды түсіндіріп бере алуының маңызы бар. Сондықтан педагог-тәрбиеші үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу барысында балалардан кезекпен «не, қалай, не үшін осылай жасады» деп сұрайды. Әрекеттерді сөздің көмегімен түсіндіру балалардың ұғынуына мүмкіндік береді. Кез келген тапсырмадан кейін сұрақ қойып отыру керек. Балалар не істеп, не қойғандары, нәтижесінде қалай болғаны туралы айтып береді.

Slide 7

Мектепалды даярлық балаларға сан мен санау туралы түсініктер санға дейінгі сандық қатынасты қалыптастырудан басталады: заттардың көлемі бойынша теңдік − теңсіздік, заттардың топтық саны бойынша теңдік − теңсіздік. Бала «артық», «кем», «тең» деген математикалық қатынастарды түсіне бастайды. Осыдан кейін ғана оларды санауға үйретуді және 10-ға дейінгі сандар туралы, сандардың бірізділігінің ара қатынасы туралы, санның жеке бірліктен және кіші екі саннан тұратын сандық құрамы туралы түсінік бере бастайды.

Балалардың «Қандай?» (заттың сапасы мен белгісі), «Қанша?» (заттардың саны), «Нешінші?» (басқа заттардың арасындағы орны) сұрақтарын саралап түсінуді үйрету маңызды.

Мектепалды даярлық тобында екі жиынтық затты салыстыра отырып, санды жасау туралы түсініктерін қалыптастыру жалғасады. Балалар әрбір санның өзіне дейінгі және өзінен кейінгі саннан тұратынын түсінулері керек. Осыған байланысты ретпен 2 жаңа санды алуға болады, мысалы 5 және 6. Әрбір жаңа санның пайда болуын көрсету алдыңғы санның пайда болуын көрсетумен ұштасады. Осылайша, кем дегенде 3 бірізді сан салыстырылады.

Slide 8

Санаудың және екі жиын элементтерін бір-бірімен салыстырудың мәнін түсінуде, «тең», «көп», «аз» қатынастарын анықтауда заттарды санау немесе заттың екі тобын бір-бірінің үстіне, жанына қойып салыстыру қолданылады. Мұндай тәсіл көрнекті түрде бір заттың артық, яғни көп екенін, екінші заттың кем, яғни аз екенін анықтауға мүмкіндік береді. Көрнекілікке сүйене отырып, балалар сандарды салыстырады.

Бір топтағы заттарға бір затты қоса немесе ала отырып, балалар заттардың әртүрлі санын алуға болатынын түсінеді. Балалар «көп», «аз» ұғымдарының арасындағы байланысты көре алады, бұдан былай сандар арасындағы байланыстың өзара кері сипатын түсінуге мүмкіндік туады (мысалы, 7>6, 6<7) .

Сонымен қатар, балалар қай санға қай санды қосқанда немесе қай саннан қай санды алғанда қандай сан пайда болатынын түсінуге үйренеді. Мысалы, 6 асыққа 1 асықты қоссақ, 7 асық болады. 7 асықтан 1 асықты алсақ, 6 асық қалады т. с. с. Егер бала анық жауап бере алмаса, «Қанша асық болды? Қанша асықты қостық (алдық) ? Қанша асық қалды?» деген жетекші сұрақтар қоюға болады.

Slide 9

Дидактикалық материалдарды және тапсырмаларды түрлендіру әр санды алудың тәсілдерін түсінуге көмектеседі. Балалар жаңа санды алуды алдымен тәрбиешінің нұсқауымен орындайды («5 кесеге 1 кесені қосыңдар»), содан кейін өздігінен сандар жиынтығын құрайды. Балалар сұрақтар мен әрекеттерді жете түсінгеннен кейін, тәрбиеші сұрақтарды күрделендіреді. Мысалы, «Көбелектердің саны 7 болу үшін не істеу керек? Егер 8 шыныаяққа 1 шыныаяқ қоссақ, барлығы неше шыныаяқ болады?» т. с. с.

Балалардың білімдерін бекіту үшін үлестірмелі материалдармен ұжымдық жұмыс жасауды өзіндік жұмыспен кезектестіріп отыру қажет. Бала екі бос жолақшаға заттарды орналастырып, 2 жиынтықты салыстырады. Жаңа санды алу тәсілін көрсету (натурал сан қатарындағы 3 қатар орналасқан санды салыстыру), әдетте, кем дегенде 8-12 минут уақытты алады. Біркелкі тапсырмалар балаларды жалықтырмас үшін осыған ұқсас жұмыс үлестірмелі материалдармен келесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында жүргізіледі.

Slide 10

Мектепалды даярлық тобында заттарды санауға жаттықтыру күрделенеді. 2 зат тобын (5 жұлдыз және 6 үшбұрыш санап алу) бірден таңдап алу немесе түсі, пішіні, мөлшері бойынша ерекшеленетін бір түстегі 2 зат тобын (7 үлкен доп және 8 кішкентай доп) таңдап алу тапсырмаларымен қатар 2 зат тобын санап қана қоймай, белгілі орынға - қағаздың жоғарғы жағына, төменгі жағына, оң жағына, сол жағына, ортасына орналастыру үшін тапсырма беріледі. Кейінірек педагогтің нұсқауымен балалар заттарды қағаз бетінің жоғарғы және төменгі, оң және сол жақ бойымен, жоғарғы оң жағы, төменгі сол жағына орналастырады. Мұндай тапсырмаларды орындамас бұрын тәрбиеші балаларды қағаз бетінің сәйкес бөліктерін табуға жаттықтырады. Балаларды тапсырмаларды зейін қойып тыңдауға, есте сақтауға, нені және қалай орындағандарын айтып беруге үйретеді. Алғашқы кезде балаларға толық анық жауап беру қиынға соғады, сондықтан педагог-тәрбиеші жетекші сұрақтар қойып көмектеседі. Мысалы, «Саңырауқұлақтардың саны қанша және сен оларды қайда қойдың? Сенің қанша жидегің бар және сен оларды қайда қойдың? Ал енді не істегеніңді толығымен айтып бер!»-деп баладан сұрайды. Баланың сұрақтарға берген жауаптары толық бір әңгімеге айналады. Егер бала тапсырманы орындауға қиналса, оған педагог көмектесе отырып, жауап береді: «Мен 7 саңырауқұлақ қойдым, …», бала сөйлемді аяқтайды. Бала жауабында міндетті түрде заттардың саны, олардың сапалық белгілері мен кеңістікте орналасуы арасындағы байланыс бейнеленуі тиіс.

Slide 11

Балаларды санауға үйрету үшін жаттықтыруға түрлі анализаторлардың белсенді қатысуы: дыбыстарды, қимылдарды санау, заттарды сипап сезу арқылы санау маңызды орын алады.

Кезекті бір санның жасалу жолымен таныстырған соң осы сан көлемінде дыбыстарды, қимылдарды санаумен байланысты тапсырмалар ұсынылады. Санау көлемі біртіндеп 10-ға дейін артады.

Мектепалды даярлық тобында заттарды қолмен ұстап санауға жаттықтыру біршама күрделенеді. Мысалы, балалар карточкаға тігілген түймелерді арқасына жасырып тұрып санайды. Ұсақ түймелер қолданылады. Балалар көздерін жұмып, түймелерді, ұсақ тастарды сипау арқылы санайды. Балалардың барлығы жұмысқа қатысатын жаттығулар түрін жүргізген орынды.

Мектепалды даярлық тобында балалар дыбыстарды санауды заттарды санаумен және есептеумен байланыстырады. Тапсырма сипаты біртіндеп күрделенеді. Мысалы, балаға алдымен дыбыстарды санауды, содан соң сонша ойыншықты, кейінірек бір мезгілде дыбыстарды санай отырып, ойыншықтарды бір жаққа жинау ұсынылады, ал санап болған соң дыбыстың неше рет болғанын және неше ойыншық қойғанын айтады. 6 жасар баланың көзін байлай отырып, дыбысты санауды ұсынуға болады.

Slide 12

Мектепалды даярлық тобындағы балаларға зат санының оның мөлшеріне, алған орнына және пішініне байланысты емес екендігін көрсету, яғни «Қанша?» деген сұраққа жауап беру үшін санаудың қай бағытта жүргізілетіні маңызды емес. Балалардың өздері көз жеткізу үшін бір затты түрлі бағытта санауды ұсынады: оңнан солға және солдан оңға қарай; жоғарыдан төмен және төменнен жоғары қарай. Кейінірек балаларға бір қатарға орналасқан заттарды ғана емес, сонымен бірге түрлі жолдармен (шеңбердегі, жұппен, қандай бір топтағы) санауға болатыны туралы түсінік беру. Балаларға бір затты санаудың түрлі тәсілдерін көрсетіп, заттарды дұрыс және жылдам санауға мүмкіндік беретін ең тиімді жолын табуға үйретеді. Балалар санауды кез келген заттардан бастауға және оны қалаған бағытта жүргізуге болатынына, заттардың біреуін де жіберіп алмай және бір санағанды екі рет санамай, бір затты әр түрлі тәсілдермен (3-4 тәсіл) қайта санауға көз жеткізеді. Егер бала қателессе, қандай қате жібергенін анықтайды (бір затты санамай тастап кетті, бір затты екі рет санады) . Педагог-тәрбиеші заттарды санай отырып, әдейілеп қате жіберуіне болады. Балалар оның әрекеттерін бақылап, қандай қате жібергенін айтады. Қай заттан бастап санағанды, заттың бірін де қалдырмай және екі рет қайталап санамас үшін есте жақсы сақтау қажеттігі жөнінде қорытынды жасайды. Заттардың орналасу түрін күрделендіре және тапсырмаларды түрлендіре отырып, педагог-тәрбиеші әрекет жасау жолдары мен түсініктерін бекітеді.

Мектепалды даярлық тобындағы балаларға саны бірдей элементтерден тұратын жиынға бір натурал сан сәйкес келетінін, бір натурал санға әртүрлі заттар жиынының саны сәйкес келетіндігі жайлы түсінік беретін тең жиындарды құруға және іріктеуге мүмкіндік беру қажет. Педагог-тәрбиеші тапсырмалардың түрлі нұсқаларын қолданады. Мысалы, аталған сан бойынша ойыншықтың 3 түрін санауды және ойыншықтарды теңдестіруді, яғни бірінің астына бірін 3 жолақшаға немесе 3 қатарға орналастыруды ұсынады.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Қолданып жүрген санамақтарымнан мысал келтірейін
Қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды бағалаудың әдістемесін құрастыру
Бейінді оқытуда таңдау курстары арқылы оқушылардың таным белсенділіктерін арттыруды ұйымдастыру жолдары
Уақытты бағдарлау
Арнайы мектепте математиканы оқыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау
Грек мифологиясы
Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Таным білім беру саласы
Тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz