Бір жағынан бала қандай бір грамматикалық заңдылыққа немесе лексикалық уәжге сүйеніп айтып тұрған жоқ, себебі оның жасы небәрі екіде



Презентация
Психология

Мектепке дейынгы Жастағы баланын сойлеуы
Орындаган ; Пулатова Халида
МДҚБ-11г-19

«Бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады» деп Ж. Аймауытұлы айтқандай, дыбыспен өмірге келген бала өмірінің барлық кезеңін әртүрлі дыбыстардың арасында өткізеді. Сол дыбыстар арқылы баланың ойы, тілі, өрісі, танымы дами бастайды. Ғалым А. В. Петровский бала өмірінің жеті кезеңін көрсеткен: 1) Туғаннан 1-2 айға дейін - жаңа туған бала; 2) 1-2 айдан 1 жасқа дейін - нәресте; 3) 1-ден 3-ке дейін - ерте сәбилік шақ; 4) 3-тен 7 жасқа дейін - мектепке дейінгі балалық шақ; 5) 7-ден 11-125 жасқа дейін - бастауыш мектеп шағы; 6) 12-ден 14-15 жас аралығы - жеткіншектік кезең; 7) 14, 5-17 жас аралығы - балаң жасөспірімдік. Ғалым баланың 1-3 жас аралығын ерте сәбилік кезеңдеп атаса, Ж. Қоянбаев бұл кезеңді сәбилік шақдеген. М. Қ. Бапаева «Даму психологиясы» атты еңбегінде «балалық шақтың өзі төртке бөлінетіндігін айтқан: нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін), ерте балалық шақ кезеңі ( 1 жастан 3 жасқа дейін), мектепке дейінгі балалық шақ (3 жастан 6 жасқа дейін), бастауыш мектеп жасы (6 жастан 11-12 жасқа дейін) » [1, 124] . Ғалымдар жіктемесіне сүйене отырып, осы ғылыми зерттеу жұмысында аталған кезеңдегі баланың сөйлеу тілінің дамуын, оның сөздік қорын, сөйлеу үдерісінде кездесетін қателіктер, дыбыстық ерекшеліктер жайында тұжырымдар мен тілдік деректер көрсетіледі.

Бала 1-3 жас аралығында тілі шығып, тілдік қоры молайып, даму үстінде болады. Алғашқы кезде бала айналасындағы жақын адамдарына сұрақ қою арқылы өзіне ақпарат жинайды. Соның негізінде бала тілі дамып, сыртқа шыға бастайды. «Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес (автономиялық) сөз деп атайды. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады» [2, 104] дейді Ж. Қ. Дүйсенова мен Қ. Н. Нығметова. Расымен бала тілі негізінде сөйлеу, есту мүшелеріне, ойлау, түйсіну қабілеттеріне тікелей байланысты. Артикуляциялық мүшелері сөйлеу үдерісіне дайын болуына дейін бірнеше кезеңнен өтеді. Сол себепті бала бірден естіген сөзін қайталай алмайды. Мысалы: баланың сәбилік кезеңнің алғашқы кезінде «тамақ» сөзін «намақ» деп «т» дауыссыз дыбыстың орнына «н» дыбысын қойып немесе «алма» сөзін «ама» деп қысқартып айтуы қателік болып саналмайды. Дегенмен, баланың психологиялық және физиологиялық даму қарқынына да назар аудару керек. Себебі көбіне ата-әжесімен коммуникацияға түсетін балалардың тілі тез дамиды, ал балабақшадағы өзі сияқты тілі енді шығып келе жатқан балалардың арасында жүрген сәбилердің тілі баяу шыға бастайды. Баланың ойлау қабілетін дамыту арқылы танымы кеңейе түседі. Таным деңгейі жоғары баланың тілі тез дамиды. «Баланың танымы дамыса, онда тілі де дамиды» [3, 48] дейді ғалым С. Н. Цейтлин.

Бала үлкеннің сөзін қайталап айта бастаған кезінде көбіне фонетикалық қателіктерді жасайды. Сәби «сабын» сөзін «шабын» деп немесе «шар» сөзін «сар» деуі мүмкін. Баланың тіліндегі ауысып отыратын дыбыстар өте көп кездесіп жатады: «р» мен «л» (радио - ладио), «р» мен «и» (Айбатыр - Айбатыи), «ж» мен «д» (жоқ - доқ), «т» мен «н» (тамақ - намақ), «б» мен «п»(банан - панан), «в» мен «б» (автобус - абтобус) және т. б. Бұл қателіктердің негізінде артикуляция мәселесі жатыр.
Бала 1-3 жас аралығында әрбір естіген сөзін түйсініп, сыртқа шығарады. Яғни, бала белгілі бір негіздемеге сүйене отырып, сөзін ой жүйесінен шығарады. А. Леонтьевтің пікірінше, бала сөйлегенде алдын ала оны ой жиегінен өткізеді, сол ой дыбыс не сөз болып үдеріске айналады [4, 165] . Мысалы: 2 жасар Бекболат есімді бала допты «теп-теп» деп атайды. Баланың допты «теп-теп» деп атауына «тебу» сөзі түрткі болып тұр. Бір жағынан бала қандай бір грамматикалық заңдылыққа немесе лексикалық уәжге сүйеніп айтып тұрған жоқ, себебі оның жасы небәрі екіде. Бірақ бала допты тебетінін түсініп тұр. К. И. Чукотский «Ересектерде барлығы сатылымға дайын көйлектері бар дүкен сияқты. Ал балаларда енді өңделіп, тігіліп жатқан шеберхана секілді» деген. Әрбір бала көптеген жаңа сөздерді, қолданыста бар сөздердің жаңа формасын құрастырып жатады. Әрине, ондай мысалдар күнделікті тұрмыста өте көп кездеседі. Бұндай құрылымды сөздердің негізінде уәж жатыр. Ж. Аймауытовтың «Психология» атты еңбегінде осы мәселе жайында айтылған. «Жүре-жүре бала ішкі тілегін сыртқа шығару үшін дыбысқа еліктейді. Сиырды «мө-ө», қойды - «ма», мысықты - «мияу», итті - «ау-ау» дейтін болады» дейді ғалым [5, 171] . Бұл тұста уәж мәселесіне тоқталмау мүмкін емес. Уәждеме - тіл арқылы аталған заттың немесе құбылыстың бір белгісінің көрінісі екені белгілі. Демек, бала естігенін дәл сол күйінде шығарады. Мысықтың мияулайтыны, сиырдың мөңірейтіні, қойдың маңырайтыны - бәріне белгілі әрекет. Бала құлағымен естігенін дыбыс не сөз күйінде сөйлеу әрекетінде қолданады.

1-3 жас аралығында бала тілінде кездесетін көптеген жаңа атаулар бар: доп - теп-теп (1, 5 жас), шалбар - бұттық (3 жас), футбол - гол (2 жас), телефон - але (1, 5 жас), теледидар - мутик (2 жас), мысық - нау (мияу) (1, 5 жас), көкірек - тісте (3 жас), су - шай(1, 5 жас), тамақ - ням-ням (1, 5 жас), нан - ням-ням (1, 5 жас) . Келтірілген тілдік деректерге қарап, баланың қалыптастырған жаңа атауларының негіздемесі бар екендігіне көз жеткізуге болады. Әрбір ересек адам допты тебетінін, судың шай сияқты сұйықтық екендігін, мультфильмді теледидардан көретінін, мысықтың мияулайтынын, гол деген футбол ойының термині екендігін, телефонға келген қоңырауға алло деп жауап беретіндігін, шалбарды бұтқа (диалект сөз) киетіндігін біледі. Демек, бала уәжі бар, мағынасы мен қызметі сақталған, бірақ нормадан ауытқыған сөздерді қалыптастырады.
Сондай-ақ бала бір атаумен бірнеше нәрсені айтуы мүмкін. Мысалы, шайды да, шырынды да, суды да «су» деп атайды. Оның уәжі ішу екендігі белгілі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz