ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ




Презентация қосу
БАЛАЛАРҒА КЕҢІСТІКТІ ЖӘНЕ
УАҚЫТТЫ УЙРЕТУДІҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ.
ОРЫНДАГАН ; ПУЛАТОВА ХАЛИДА
КАБЫЛДАГАН; ЖОРТУЫЛ ГУЛЖАНАР
КАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКА . 2 –КУРС СТУДЕНТТЫ
МДҚБ-11Г-19
МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:❤
Балаларды ойын түрінде тірек кестелер және модельдер арқылы қазақ тіліне
тән дыбыстарды дұрыс анық айтқызу,грамматика құрылысын сақтай отырып
дұрыс сөйлем құру және де лексикалық тақырыптар бойынша балалардың
сөз қорына және тәжірибелеріне сүйене отырып байланыстырып әңгіме
құрастыру.
- Балалардың шығармашылық елестеуін, есте сақтау қабілеттерін, көру
зейінін, конструктивті және кескінді бейне арқылы ойлау қабілеттерін
дамыту. Тапқырлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижесі: Белгілерді кескінді бейнелерге түрлендіре отырып,
мнемокестелермен, модельдермен және тірек үлгілермен жұмыс істеуге
және әдістер мен тәсілдерді игеруге дағдыландыру, оқыту уақытын
қысқарту.
СӨЗДІК ҚОРДЫ ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ МЫНАДАЙ:❤
Күнделікті іс-әрекет, сабақ мақсатына қарай жаңа сөз үйрету, сабақта сөздік жұмысын ұдайы жүргізу.

- Үйренген сөздерін сабақ үрдісінде, сабақтан тыс уақытта әр түрлі жаттықтыру жұмыстары арқылы бекітіп, тиянақтап отыру.

- Жаңадан үйренген сөздерді белсенді сөздік қорғаенгізу, орынды қолдана білуге жаттықтыру.

Сөз үйрету жұмысы жеке заттық атауларға ғана тән емес, сол заттардың санына, ретіне, сапасына, қасиетіне, жеке
бөліктеріне, қажеттігіне, кеңістікте орналасуына қарай нақтыс түсіндіріледі. Таныс заттарды дара және жалпы түрде атап
айтуға жаттықтыра отырып, жалпы ұғым беретін сөзде үйретіледі.

Антоним (ұзын-қысқа, кең-тар, үлкен-кішкене, биік-аласа, қалың-жұқа, алыс-жақын).

Синонимдер (көрік-ажар, келбет, пішін; тез-жылдам, шапшаң, т.б.), көп мағыналы сөздерді (түс-мезіл, түс көру, машинадан
түс, суретке түс т.б.).

Ауызша сөйлесу, әңгімелесу, әңгімелеу кезінде ол сөздерді септеп, жіктеп, тәуелдеп қолдана білу тәсілдеріне (ереже
айтылмайды) жаттықтыру.
Балаға жаңа сөз үйретудегі басты объекті – айналадағы дүниені, қоғамдық өмірді, адамдардың еңбегін, мамандығын таныту.

Сөздік жұмысын жүргізу әдістері: затты көрсету, түсіндіру, бақылату, әңгімелету.

Сөздік қорды байыту, тіл дамытуда қолданылатын көрнекі құралдар: жеке зататрдың суреттері, шағын сюжетті суреттер (үлестірмелі),
дидактикалық ойыншықтар, қуыршақтар, сюжетті ойыншықтар. Балаларға заттарды жекеше, көпше түрде айтқызуға арналған
суреттер.

Сөздің дыбыстық құрамы – ауызша сөйлеуге тән құбылыс. Айтылатын ой тыңдаушысына түсінікті, анық болуы қажет. Сөздің мәнерлі
айтылуы да ауызша айтудың негізгі шарттарының бірі. Ал сөзді мәнерлеп сөйлеу үшін сол сөзді құрап тұрған дыбыстардың айтылу
ерекшелігін жете меңгерту қажет. Дыбыстарды әр түрлі көңіл-күйге байланысты құбылтып айтудың нәтижесінде сөздің әсерлілігі де
түрліше болады.

Ойын дұрыс жеткізе білу сөзді өз бояуымен айту, нақышына келтіре сөйлеу дағдылары балада мектепке дейін-ақ белгілі дәрежеде
қалыптасып бітеді.

Сөздің дыбыстық құрамын таныту қарапайым жұмыстардан басталып, бірте-бірте күрделене жүргізіледі. Дыбыс деген ұғымнан
бастап, буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтінмен жұмыс жүйелі түрде бір-бірімен байланыстырыла қалыптастырылады.
1. СӨЗДЕГІ ДЫБЫСТАРДЫҢ АЙТЫЛУЫНА, ЯҒНИ
ДЫБЫСТАРДЫҢ СӨЗ ІШІНДЕГІ АРТИКУЛЯЦИЯСЫНА НАЗАР
АУДАРУ.❤
Ол үшін жеке дыбыстарды айтуда ерін, езу, тіс, тіл, мұрын т.б. дыбыстау мүшелерінің қызметіне
байланысты.

- Керекті дыбысты күшейтіңкіреп, буынды созыңқырап анық айту.

- Дыбысталуы жағынан бір-біріне ұқсамайтын дыбыстарды салыстыру.

- Сөздегі түсіп қалған дыбысты тауып, орнына қойып айту.

- Айтылуы ұқсас дыбыстарды салыстыра айту.

- Керекті дыбысты қатыстыра сөздер жасау.

Жалпы балалар тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын
меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен
айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Сонымен қатар өздігінен қорытынды жасап, талдай білу дағдыларын жетілдіру, бұрыннан меңгерген,
лесикасында бар сөздерді қажетіне қарай қолдана білуге үйрету, әсіресе, сын есім, етістік, синоним,
омоним сөздерді меңгерту, сөз тудыру тәсілдеріне жаттықтыру, белсенді сөздік қорын жетілдіру.
МІНДЕТТЕРІ❤
Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.

- Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру.

- Сөздік жұмыс.

- Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (диалогты және монологты).

- Сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу.

- Сауат ашу.

- Көркем әдебиет шығармаларын таныстыру.

Қазіргі кезеңдегі қоғам дамуында мемлекеттік тілге үйрету – мектепке дейінгі білім берудегі өзекті мәселеге айналып отыр. «Басқа тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- деп
Қадыр Мырзалиев ағамыз бекер айтпаған.

Тілді үйрену – оңай емес, бір тілді білгеннен гөрі бірнеше тілді білген адамның рухани байлығы мол болмақ.

Мнемотехника – балалардың тілін дамыту үшін табысты тәсіл. Балаларды жан-жақты дамыту. Олардың барлық кемістіктерін жөндеу мектепке дайындаудағы және
балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу-басты мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындайды.
Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес.

- Сөздік қорының кемдігі;

- Сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;

- Дыбыстау кемшілігі;
Балабақша жолында көрнекілік бейнелік есте сақтау және есту, суретін көру арқылы
баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника.
Бірақ, жалғыз мнемотехникамен шектеуге болмайды.
Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге,
әңгіме барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-
әрекеттерінің жүйесі.
Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен
тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда
мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін баланың
тілін мақсатты нәтижелі өтуге қолданатын тәсіл.
Мнемотехника - оңай жолдың қиынына қарай құрылады. Мнемокесте қарапайымнан
басталып, күрделене түседі.
Мнемошаршы, мнеможол, мнемокесте.
КОРЫТЫНДЫ❤
Ересектер тобының балаларына схеманы бір түсті етіп жасаған дұрыс, өйткені зейінің символикалық
бейненің түсіне бөлмеу үшін.

Дайын модельдік схемалар барлық кезде мазмұнына сай болмайды, сондықтан оны балалармен толтырып
отырамыз.

Балалармен бірге «Қыс», «Жаз», «Күз», «Көктем» блогтары бойынша мнемокесте жасадық.

Осы схемалар монолог құрудағы көрнекілік жоспар болып табылады.

Әңгіме барысын,

Әңгіменің айтылу кезеңін. Әңгіменің лексико-грамматикалық толықтауын құруға көмектеседі.
Модель жасау тәсілін қолдану- есте сақтау процессін және мазмұнын ұғынуға көмектеседі. Бұл салада
көру, есту анализаторлары жұмыс істейді. Балалар суретті тез еске түсіріп, сонынан сөздерін еске

Ұқсас жұмыстар
Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясының ықпалы
Сабақты мақсатты талдау
Допты ұстап жүру
Теңсіздіктер жүйесінің шешімін тап
«Топтық және жұптық жұмыстарда оқушыларды бағалау»
ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
Ғылыми проблема - қоғам қажеттіліктері туралы білім мен оларды қанағаттандыру тәсілдері мен тәсілдерін білмеу арасындағы қайшылық
Өздігінен білім жетілдіру - кәсіби кемелдену
Тәрбиенің жалпы әдістері
Пәндер