Қырғызстан Республикасына жалпы шолу


Slide 1

Қырғызстан

Орындаған:Егінбаева. Д

Тексерген:Аметханұлы. Ж

Slide 2

Мазмұны:

1. Географиялық орны

2. Табиғат жағдайы

3. Пайдалы қазбалары

4. Халқы

5. Климаты

6. Су ресурстары

7. Шаруашылығы

8. Сыртқы экономикалық байланыстары

Slide 3

Қырғызстан Республикасына жалпы шолу

Жер көлемі -198, 5 мың км

Халқы-6 256 700(2018ж. 1қаңтар)

Астанасы-Бішкек

Мемлекеттік тілі- қырғыз тілі

Ұлттық валютасы-сом

Мемлекет басшысы-президент

Әкімшілік-аймақтық жағынан 7 облысқа бөлінеді:Ош, Жалал-Абад, Шу, Талас, Ыстықкөл, Баткен, Нарын.

ТМД елдерінің арасында 7 орын.

Slide 4

Географиялық орны

Қырғызстан-Орта Азияда Шу, Талас өзендерінің аңғарындағы таулы аймақта орналасқан. Негізгі тау жоталары- Тянь-Шань таулы өлкесі мен Памир-Алтай тау жүйесіне жатады. Солтүстігінде Қазақстанмен, шығысы мен оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстік батысында Тәжікстанмен, ал батысында Өзбекстанмен шектеседі. Солтүстіктен оңтүстікке 454км, ал батыстан шығысқа қарай 925км-ге созылып жатыр. Мелекеттік шекаралары, негізінен, таулар арқылы өтеді. Геоаяси жағынан алғанда ел аумағы аса маңызды аймақ болып табылады. Шекарасының жалпы ұзындығы-4508км.

Slide 5

Табиғат жағдайы

Жер бедері ұзақ геологиялық тарихында үздіксіз өзгеріп отырған.

Қырғыз жері, негізінен, таулы болып келеді, мұнда Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі-Жеңіс шыңы(7439м) орналасқан. Таулы аудандар қуатты 8-10 балдың күшті жерсілкінулер байқалатын сейсмикалық белдеуде орналасқан.

Қырғыз жерінің 95%-дан астам бөлігі теңіз деңгейінен 1000м биіктікте орналасқан, ал оның 40%-дан артық бөлігі 3000м биіктікте жатыр.

Slide 6

Пайдалы қазбалары

Жер қойнауы пайдалы қазбаларға аса бай. Солтүстігінде түсті металдардан молибден, мыс, сүрме кездеседі. Ішкі Тянь-Шань қойнауларында метаморфтық жыныстармен бірге кездесетін молибден, темір және қалайы кен орындары таралған. Оңтүстігінде сынап, сүрме, алтын, сондай-ақ қоры онша мол емес темір, марганец, алюминий, полиметалл кездеседі. Тау алды иіндері мен қазаншұңқырларда қоңыр және тас көмір, мұнай қоры барланған. Көптеген кен орындары таулы аймақтарда орналасқандықтан оларды игеру мәселесі қиындық туғызады.

Қырғызстанда Қадамжай сүрме, Хайдаркен және Чаубай сынап, Ақ-Туз, Бордун, Сумсар және Кан полиметалл кен орындары бар. Орталық Тянь-Шаньда алтын, молибден, ванадий, темір кені кездеседі. Жанатын пайдалы қазбалар тауаралық аңғарлардан өндіріледі.

Slide 7

Халқы

Қырғызстан жерінде 6 256 700 адам тұрады. Халықтың тығыздығы-1км жерге 27 адамнан келеді. Халқының 80%-ы тау аңғарлары мен баурайларында өмір сүреді.

Халықтың басым бөлігі республиканың оңтүстік аймақтарында-Ош, Жалал-Абад, Баткенде шоғырланған. Ең тығыз елді мекендер-Шу және Ош.

Қырғыздар жалпы халықтың 70, 9%-ын, өзбектер-14, 3%-ын, орыстар-8, 8%-ын, қалған бөлігін украиндер, қазақтар мен татарлар құрайды. Адамның өмір жасының ұзақтығы-67 жас.

Slide 8

Климаты

Климаты шұғыл континентті, қысы суық, жазы ыстық болып келеді. Қырғызстан климатының қалыптасуына қоршап жатқан шөлдер мен Дүниежүзілік мұхиттың алыс жатқандығы, сондай-ақ Ыстықкөл әсер етеді. Жазық жерлердегі қаңтар айының орташа температурасы -4°С, -6°С, шілде айында +16°С, +24°С-ге дейін көтеріледі. Таулы аймақта қыста -14°С, -20°С, ал шілдеде +8°С, +12°С шамасында болады. Қыста қар қалың түседі.

Slide 9

Су ресурстары

Қырғызстанның гидрогеографиялық торы өте жиі. Ең ірі өзені-Нарын. Үлкен жіне Кіші Нарынның қосылуынан пайда болып, Ферғана аңғарында Қарадарияға құйып, Сырдария өзеніне айналады.

Ең ірі өзендері-Нарын, Шу, Шатқал, Ақсай.

Шу өзені Теріскей Алатаудан, ал Талас өзені Қырғыз Алатауынан бастау алады. Шу өзенінің ұзындығы 1030км. Жерасты сулары мен шипалы балшықтарға, өте бай.

Шатқал өзені

Нарын өзені

Slide 10

Тянь-Шань таулары аралығында орналасқан Ыстықкөл елдің ең басты рекреациялық байлығы болып есептеледі, оны “Тянь-Шаньның інжумаржаны” деп атайды. Ыстықкөл шығыстан батысқа қарай 182км-ге созылып жатыр. Ені 60-100км, ең терең жері-702м. Теңіз деңгейінен 1609м биіктікте орналасқан. Ыстықкөлдің суы қыста қатпайды.

Slide 11 Slide 12

Шаруашылығы

Қырғызстан -индустриялы-аграрлы ел. Өнеркәсіптің электр энергетика, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, түсті металлургия, машина жасау салаларына маманданған. Электр энергиясын өндіру оңтүстіктегі Нарын өзені мен оның салаларында орналасқан СЭС тізбегіне негізделеді. Олардың ең ірісі-Тоқтағұл СЭС-і, жылына 4млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіреді.

Slide 13

Көлік байланыстары

Қырғызстан аумағы арқылы елді көршілес мемлекеттермен байланыстыратын маңызды теміржолдар және тас жолдар жүйесі өтіп жатыр. Қырғыз жері арқылы Памир тас жолы (Ош-Мургаб-Хороб) өтеді. Негізгі көлік түрі-автокөлік, тас жолдардың жалпы ұзындығы 1000км-ге жетеді. Автокөліктің үлесіне жүк айналымының 90%-ы тиесілі. Теміржолдар өте қысқа. Ел астанасын Ыстықкөлмен жалғастыратын тұйық теміржол тармағы бар.

Slide 14

Металлургия

Түсті металлургия

Қарабалта тау-кен комбинатын Ресей мен Қырғызстан бірігіп басқарады. Комбинат уран, молибден, торий, күміс және алтын кендерін өңдейді және өндіреді.

Сынап, сүрме, алтын өндірумен және қорытумен айналысады.

Қадамжай сүрме зауыты елдегі ең ірі, 1936 жылы пайдалануға берілді.

Республикада 2 ірі сынап кен орны бар:Хайдаркен және Жаңа. Сүрме мен сынапты өндіруден Қырғызстан ТМД-да жетекші орында. Алтын өндірісіне шетел инвестициясы тартылуда. Алтынды өндіруден ТМД елдері ішінде Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орынды алады.

Жаңа іске қосылған алтын (Жалал-Абад облысындағы «Макмалатын»), сондай-ақ қалайы (Ыстықкөл облысының оңтүстік-шығысы) комбинаттары шетелдік қаржы көмегімен жұмыс істеуде.

Slide 15

Ауылшаруашылығы


Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілі - қырғыз тілі
Қазақстан ҚХР дипломатиялық қатынастары
Қытай - АҚШ
Ресейге қоныс аударуы
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат - бейбітшілік, соғысты болғызбау
Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ
Қазақстан Республикасының отынэнергетика кешенінің қазіргі дамуы
Қазақстанның сыртқы саясаты туралы
Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz