Заманауи білім берудің мәні мен оқыту үдерісіндегі жаңа педагогикалық технологиялар


Slide 1

Заманауи білім берудің мәні

Қабылдаған: Молдасан Қ. Ш

Орындаған: Бекенова А. Ж

Қалибек А. А

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Химия және химиялық технология факультеті

Slide 2

Тақырыптың өзектілігі: Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заманның көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу зор жауапкершілікті талап етеді. Ол үшін үздіксіз іздену, білімді үнемі жетілдіріп отыру қажет. Өйткені еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында.

Slide 3 Slide 4

Оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастырудағы жаңа педагогикалық технологиялар:

Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру

жекелеп көмек көрсету, үйде өз бетімен іздену

сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу

проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы

тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру

деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру мәселелік оқыту

Slide 5

ХХІ ғасыр талабына сай білім беру ұйымдарына жоғары білікті, шығармашылыққа талпынатын, өзін-өзі дамыта білетін педагогтер өте қажет. Бүгінгі таңда таным белсенділігін қанағаттандыра алатындай, педагогтерді үздіксіз оқыту, білімін жаңашаландырып, білім беру үдерісіне жаңа технологияларды енгізу белең алып келеді. Жаңа технология мен мектеп бір-бірінен бөлінбейтін болуы тиіс, өйткені ақпараттық технологиялар берілетін жүйелі білімге негізделгендіктен, мектеп болашақ қоғам үшін кадрлар «инкубаторы», ал оларды дайындау мен дамыту АКТ-мен үзіліссіз байланыста болады, сондықтан орта білім беру жүйесінде заманауи технологияларды енгізе отырып білім сапасын арттыру өзекті мәселеге айналып отыр.

Slide 6

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.

Slide 7

Белгілі педагог К. Ушинскийдің «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген екен, яғни өзінің шығармашылық жолында үнемі ізденіп, жаңашылдыққа жаны құмар, оқушыларға сапалы, нәтижелі білім беремін деген мұғалімге қазіргі уақытта мүмкіндік мол екенін айдан анық.

Slide 8

« . . . балаға шын дұрыс тәрбие беру үшін тәрбиешінің өз тәжірибесі һәм ұлт тәрбиесімен таныс болу ғана жетпейді екен. Бұлар сыннан өткізіліп, пісірілмеген күйде берік негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсы, жаманын, алтыны мен мысын айырып ала білу үшін тәрбие майданында шынығып ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен, жақсы таныс болу керек. »

М. Жұмабаев

Slide 9

«Сабақ беру - жай үйреншікті нәрсе емес, ол - жаңадан жаңаны табатын нәрсе»

Ж. Аймауытов

«Сапа тұжырымдамасын мұғалім қалай түсінсе, оқушының да солай түсінуі, жұмыс нəтижелерінің сапасын үздіксіз бақылау мүмкіндігі жəне кез келген сəтте пайдалануға болатын баламалы адымдар мен стратегияларға қол жеткізу оқытуды жақсартудың міндетті шарттары болып табылады».

Ройс Сэдлер

Slide 10

Еліміздегі заманауи білім беру жүйесін жетілдірудің басты мақсаты - еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылуда:

- оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу;

- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату;

- педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

- педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен колледж, жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту;

- мектепке дейінгі тәрбиенің жаңа сапасына көшу. Қазіргі кезде әлемде мектепке дейінгі тәрбие мектепке дейінгі білім беруге ауысуда. Балаларды ерте жастан оқытуға көшу жүзеге асуда;

- кадрлар даярлауды экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру;

- білім саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу;

- Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту

Slide 11

Мектеп

ЖОО

Педагогтардың біліктілік курстарына қатысуы.

Сабақтарды жаңа технологиялық әдістермен жүргізуі.

АКТ пайдалануы.

Оқушыларды өмірге, еңбекке, мамандық тағдауға даярлау.

Табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімді қалыптастыру.

Жоғары оқу орындарының оқу процесіне озық технологиялар мен оқыту жүйелерінің енгізілуі

Болон декларациясының принциптеріне негізделуі.

ҚР БҒМ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық мобильдігіне қаражат бөлінуі.

Отандық білім беруді Еуропа стандарттарына жақындатуға мүмкіндік берілуі.


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық технологиялар мен білім беру үдерісіндегі ИКТ: теориялық негіздер, модельдер және қолдану
Мектептегі білім берудің заманауи үлгілерінің салыстырмалы талдауы
Қазақстан білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялардың рөлі: дамыта оқыту мен модульдік оқыту
Жаңа педагогикалық технологиялар: құрылымы, түрлері және артықшылықтары мен кемшіліктері
Заманауи әлем мен білімдегі медиа: медиа-білім берудің мақсаттары, міндеттері және цифрлық сауаттылық
Педагогикалық білім берудің әлемдік тенденциялары және Қазақстандағы білім реформалары
Инженерлік (кәсіптік) педагогикалық білім берудің ғылыми-теориялық негіздері мен міндеттері
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудағы заманауи педагогикалық технологиялар
Білім берудегі ақпараттық технологиялар мен техникалық оқыту құралдарын қолданудың тиімділігі
Қазіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдаудың мәні, мазмұны және формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz