ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕР


Slide 1

Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттары. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім.

Орындаған:1-курс магистранттары:

Келесбай Ш. К

Ескендір Т. С

Қалибек А. А

Бекенова А. Ж

Қадыржанова Н. Ш

Тексерген: Молдасан Қ. Ш

Slide 2

Жоспары:

Болондық декларация материалдары және болондық үдеріс

Әлемдік кәсіби білім жүйесіне қысқаша сипаттама. Әлемдік білім беру кеңістігі. Жоғары білім берудің ЮНЕСКО бойынша стратегиялық міндеті

Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы.

Қазақстан Республикасындағы жоғары білім.

Slide 3 Slide 4

Болондық үдеріс - еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, мөлдірлік пен мобильділікті көтеру құралы болып табылады. Болон процесі жоғары оқу орнының қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, бірақ сапаны қолдау мен оны жоғарылату, жүйе мен оның кадрларына берілетін мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.

Slide 5

Болондық үдеріс - жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.

Slide 6 Slide 7

ЮНЕСКО (хабарлаған) жариялаған ХХІ ғ. үшін жоғары білім туралы Бүкіләлемдік декларацияға сәйкес жоғары білім қоғамдағы прогреске және өзінің өмірдегі мүмкіндіктерін нақты көрсеткен көп ғасырлық тарихы бар. Білімді жаңарту көлемі және ырғағы сондай ұлттар мен қоғамдық, адамның мәдени, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық қатерсіз даму маңызды компонент болып ғылыми зерттеулер және жоғары білімдерге қоғам сүйенетін болған. Осыған байланысты, біздің еліміз және қоғамымыз қазір басынан кешіп жатқан рухани және адамгершіліктің терең аспектілерін қабылдау және экономикалық қиындықтардан шыға алатындай адами құндылықтарды сақтай алатындай, жаңашылдық пен білімді жаңартуға жоғары білім алдында көп міндеттер тұр.

Slide 8

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айыр басталуын, бейіндік оқытуды, көп тілдікті қамтамасыз етеді.

Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшуді 6 жастан бастау көзделеді, бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес деп есептелінеді. Бастауыш мектепте оқу жүктемесін ұлғайтпай-ақ, шетел тілі мен информатика негіздері енгізіледі. Негізгі мектепте базалық білім беру 10-сыныпта аяқталады, біріктірілген курстар, алдын ала бейіндік даярлау енгізіледі.

Slide 9

«Парадигма» - латынның мысал деген сөзінен шыққан. Бұл білімнің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады. Білім парадигмасының көп тараған түрлері аз емес. Оларға мыналар жатады:

Дәстүрлі-консервативтік

Феноменологиялық

Рационалдық

Технократтық

Эзотерикалық

Slide 10

Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді. Дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.

Slide 11

Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.

Slide 12

Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады. Мұндағы басты қағида: «мектеп - бұл фабрика, ал оқушы - оның шикізаты». Бұлай оқытудың негізгі әдістері - тренинг, тестік бақылау, жекелеп оқыту және мәтінді түзету. Ғылымды тәртіп тіліне аударған Америка педагогы Р. Мейджер «Мұның бәрі оқушыны да, мұғалімді де дамытады. Егер мұғалім бәрін өзі атқарса да, оқушы еншісіне үйлестіру мен бақылау қалады» дейді.

Slide 13

Технократтық парадигманың негізгі мақсаты - дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.

Эзотерикалық парадигма - оқушының табиғи күші. И. Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс-әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады.

Slide 14

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Slide 15

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.

Соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым - бұл құзырлылық. Құзырлылық (латын тілінде «competens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді.

Slide 16 Slide 17 Slide 18

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-атаналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұпайы жетілдіріп отыруға;

6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;

7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті

ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕР:

Slide 19

Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы. Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады .

Қазақстан Республикасындағы жоғары білім.

Slide 20 Slide 21

Қазақстанның білімі жаһандық әлемде…

Қазақстан акт даму индексінің 2016 жылғы рейтингісінде, 2009 жылмен салыстырғанда, +17 позицияға жақсартып, 175 елдің ішінде 52-орынға ие болды. 2009 жылмен салыстырғанда, 2016 жылы акт-дағдылар субиндексі позициясының төмендеуіне халықты жоғары біліммен қамту көрсеткішінің төмендеуі ықпал етті (2009ж. - 51, 2%, 2016ж. - 46%) . орта біліммен жалпы қамту болса, 16, 3% артты (2009ж. - 92, 8%, 2016ж. - 109, 1%) imd-2016-да қазақстанның 18 білім беру көрсеткішінен 13-і бойынша позициялары нашарлады, 3-і өзгеріссіз қалды және 2-і артты. еліміздің бір оқушыға шаққандағы мемлекеттік шығыстар (-0, 8%) және халықтың ағылшын тілін меңгеру бойынша позициялары жоғары емес (120-дан 80 балл немесе 61 елдің ішінде 47-орын)  2016 жылғы 1 қаңтарда әлемнің 193 мемлекеті, соның ішінде қазақстан, 2030 жылға дейін орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыра бастады, «даму адамдарға тиесілі, адамдармен жүзеге асырылады және адамдарға арналады» олардың басты тезисі болып табылады. Осыған байланысты білім мен адами капитал халықаралық рейтингтердің құндылығы мен маңызы жалпы арта береді Қазақстан білім беру жүйесінің көрсеткіштерін талдау және мониторинг жасау жүйесін барлық халықаралық рейтингтерде одан әрі дамыту керек.


Ұқсас жұмыстар
Еңбек демалысының ұзақтығы
Субъектілік қасиеттер құрылымы
Психологиялық-педагогикалық практикум пәніне кіріспе
Қарым қатынасты меңгеру
Педагогикалық қарым қатынасты ұйымдастыру
Педагогикалық қатынас ерекшелігі
ЖАҢАШЫЛ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы - көркем аударма
Этикалық принциптері
Қазіргі заман қазақ философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz