Мұнай өндірісі орындары аймағындағы топырақ қабатының физика - химиялық көрсеткіштерін анықтау
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Жаратылыстану – география факультеті
Онкалбаева Гулжанат Жаксыбайкызы
Мұнай өндірісі орындары аймағындағы топырақ қабатының физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰ МЫС
Мамандығы 5В072000 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»
Орал 2019
Дипломдық жұмыстың өзектілігі.
Қазақстанда жылына мыңдаған тонна өндірістік және ауылшаруашылық
қалдықтары пайда болады. Бұл қалдықтар топырақты да, ауаны да, сонымен қатар
су көздерін де ластап, әртүрлі аурулардың тарауына жағдай жасап, қоршаған ортаға
қауіп төндіреді. Қалдықтардың құрамындағы уытты заттар топыраққа жинақталып
соңында оның бүлінуіне және техногенді шөлдердің түзілуіне әкеп соқтырады.
Бүгінгі таңдағы мәліметтерге сүйенетін болсақ, өндіріс дамыған аймақтарда улы
ластағыштардың топырақтағы мөлшерлері әлдеқайда жоғары. Осыған байланысты
топырақты тазалау (қалпына келтіру), яғни ластағыш заттардың жоғары мөлшерінен
арылту жолдары аса өзекті мәселе болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Мұнай өндіріс орындарына жақын орналасқан аймақтардың
топырақ құрамын анықтау.
Зерттеу жұмысының мақсатын жүзеге асыру үшін келесі міндеттер
қойылды:
• аталған аймақтардың топырақ құрамының химиялық қасиеттерін
анықтау;
• түрлі объектілер бойынша алынған топырақ үлгілерінің құрамындағы
бірқатар ауыр металдардың мөлшерін анықтап, ШРК салыстыру
Жердің беткі қабаты топырақты дұрыс пайдаланбау нәтижесінде оның құрылымында
өтіп жататын үдерістер бұзылады да ол деградацияға ұшырайды. Топырақтың
деградациялануының (латын тiлiнен аударғанда – «төмендеу», «артқа кету») негiзгi
факторлары: эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтердi шамадан тыс көп
қолдану, т.с.с.
Нeгiзгi лacтaғыштaрғa cипaттaмa
Біздің Республикамызда топырақ бетінің ауыр
металдармен ластануы көбінесе метал өндірісі мен
химия өнеркәсіп салаларына қарасты ірі нысандар
шоғырланған қалалардың төңірегінде болады.
Республиканың табиғат қорғау және су ресурстары
министрлігінде арнайы зерттеудің нәтижесінде жиналған
мәліметтер топырақта қорғасын, мыс, темір, хром,кадмий
металдары мен басқа ауыр металардың қосылыстары
және түсті металдардың көбейіп кеткенін көрсетіп отыр
Төмендегі кестеде топырақтағы химиялық заттардың
шекті рұқсат етілген концентрациясының санитарлы
нормалары көрсетілген:
Затар ШРК, мг/кг Шектеуші көрсеткіштер
Қозғалмалы түр
Кобальт 5,0 Жалпы санитарлық
Фтор 2,8 Транслокациялық
Хром 6,0 Жалпы санитарлық
Суда еритін түр
Фтор 10,0 Транслокациялық
Жалпы құрамы
Бенз(а)пирен 0,02 Жалпы санитарлық
Ксилол(орто-,мета-,пара-) 0,03 Транслокациялық
Мышьяк 2,0 Транслокациялық
Сынап 2,1 Транслокациялық
Қорғасын 32,0 Жалпы санитарлық
Қорғасын +сынап 20,0+1,0 Транслокациялық
Күкіртті қосылыстар:
күкірт (S) 160,0 Жалпы санитарлық
күкіртсутек(Н2S) 0,4 Ауалық
күкірт қышқылы 160,0 Жалпы санитарлық
Стирол 0,1 Ауалы
Формальдегид 7,0 Ауалы
Калий хлориді 560,0 Сулы
Хром 0,05 Жалпы санитарлық
Ацетальдегид 10,0 Миграционды-ауалы
Изопропилбензол+α-метилстирол 0,5 Миграционды-ауалы
Суперфосфат (Р2О5) 200 Өсімдікке өту
• Мұнай және мұнай өнімдерінің
табиғи ортаға таралуы
салдарынан жалпы экологиялық
жағдай қалыптасады:
• а) топырақтың құрамы және оның
беткі қабатының қасиеттері
өзгереді;
• б) жер бетіндегі және жер асты
сулары ластанады,түбінде тұнбалар
түзіледі;
• в) өсімдіктердің химиялық құрамы
және сыртқы түрі өзгереді;
• г) ландшафтар жалпы деградацияға
ұшырайды.
• Топырақ концентрациясы
төмендегі деңгейге жеткенде,бұл
топырақ мұнай және мұнай
өнімдерімен ластанған деп
есептелінеді:
• - өсімдіктер солып,өзгерістерге
ұшырайды;
• - экологиялық тепе-теңдік бұзылады;
• - судың физико-химиялық қасиеттері
және топырақ құрылысы өзгереді;
• - карбонатты емес сутекті
топырақтарда мұнай өнімдеріндегі
сутегі мөлшері көбейеді;
• - ауылшаруашылық жерлерінің
өнімділігі төмендейді;
• - мұнай өнімдері топырақ арқылы
сіңіп жер үсті және жер асты
суларына таралады;
• Топырақ үлгілерін алуға титан металынан жасалған екі топырақ бұрғысы
пайдаланылды. Топырақ үлгілері әр генетикалық қабаттан бес нүктелік
көлемі 5х5 м болатын квадраттың 4 бұрышы мен ортасынан алу әдісін
пайдаланып, келесі тереңдіктерден: 0 –5; 5– 20; 20 –30 см үш реттен
алынды. Бес нүктенің әр қайсысының айналасында тағы да төрт қазбалар
жасалып, олардан да топырақ үлгісі алынды. Таңдалған үлгілер клеенка
үстінде біріктіріліп, салмағы 300–500 г болатын аралас үлгі алу үшін
әбден араластырылды. Таңдалған үлгілерді тасымалдау және сақтау үшін
ағартылған мақта матадан әзірленген мығым қалталар пайдаланылды.
• Топырақтың механикалық құрамы, ылғалдылық, басқа да физикалық
қасиеттер, рН және тағы басқа физикалық, химиялық қасиеттерін анықтау
белгілі классикалық әдістермен жүргізілді.
• Зертханалық жағдайда топырақ үлгілері ауалы құрғақ жағдайына дейін
кептірілді, үгітілді, кейіннен тесіктерінің диаметрі 1 мм болатын
елеуіштен өткізілді. Топырақ үлгілері тығыз қағаз бетіне жұқалап
жайылып кептірілді, тас, әйнек, өсімдік тамырлары және т.б. қалдықтар
пинцетпен алынып тасталды.
Топырақ құрамындағы металдар құрамының сандық
сипаттамасының ШРК салыстырмалы көрсеткіштері
бейнеленген, көрініп тұрғандай топырақ құрамындағы
металл иондарының концентрациясы алынған объектілер
бойынша шамалас мөлшерлерде. Дегенмен, ең жақын елді
мекен Тұңғыш кен орнының контурына жақын
орналасқандықтан анықталған ауыр металлдардың мөлшері
осы объект бойынша ең жоғары мөлшерді көрсетіп отыр .
Компоненттердің Концентрациясы, мг/кг ШРК
сынамалары
Сынама атауы Тұңғыш Березовка Жаңаталап Бестау
Хром 0,42 0,33 0,27 0,22 0,05
Никель 0,04 0,06 0,02 0,17 4,0
Темір 13,8 12,5 13,1 12,2 10,8
Мыс 3,03 2,7 2,5 1,8 3,03
14
Концентрациясы, мг/кг Тұңғыш
Концентрациясы, мг/кг Березовка
6 Концентрациясы, мг/кг Жаңаталап
4 Концентрациясы, мг/кг Бестау
0
Хром Никель Темір Мыс
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz