Гомеопатиялық препараттардың концентрациясы және дозалау принциптері


Slide 1

Гомеопатиялық препараттардың концентрациясы және дозасы

Орындаған: Есенгелдиева Дилноза

Топ: ТФП-19-010-02

Тексерген: Жандабаева Мөлдір

Slide 2

Гомеопатияның негізгі қағидалары

Ұқсастық қағидасы. Бұл принцип сырқаттанған адамға аз дозада қолданған кезде емделетін аурудың симптомдарына ұқсас симптомдарды көрсететін, жеке таңдалған дәрілік затты қолануға негізделген.

Дәрілік заттарды аз дозада(доғары сұйылтуларда) қолдану қағидасы. Бұл қағида бастапқы матрицалық тұндырмаарды, ерітінділерді немесе қатты субстанцияларды көпсанды кезектескен сұйылтуға негізделген және тек оны потенцирлеу жағдайында неғұрлым сұйылту саны жоғары болған сайын, дәрінің белсенділігі де жоғарылайды. Мұндай гомеопатиялық дәрілерді «сұйылтпалар» деп атайды.

Slide 3

Потенцирлеу немесе динамизация қағидасы. Бұл қағида гомеопатиялық препараттарды дайындағанда сериялық сұйылтуды және шайқауды үйлестіруге негізделеді.

Гомеопатиялық препараттарды токсикалық емес дозада сау адамдарда сынау принципі. Аурудың диагностикасы мен еміне жеке және кешенді түрде қарау. Гомеопатиялық дәрілік препарат жеке адамның ауруының көріністеріне сәйкес келуі керек, тек осы жағдайда ғана ол дұрыс жұмыс істейді.

Фармацевттік гомеопатия - бұл объект ретінде гомеопатиялық технология бойынша алынатын гомеопатиялық дәрілік препараттар болып табылатын және денсаулық сақтауда гомеопатиялық емдеу әдіс қағидаларына сәйкес қолданатын фармация бөлімі.

Фармацевтік гомеопатияның негізгі міндеттері:

Гомеопатиялық препараттарды дайындау регламенттері мен сапасын бағалау нормативті базаларын дамыту және жетілдіру;

Гомеопатиялық препараттар дайындаудың дәріханалық және өндірістік базаларын құру және үнемі дамыту;

Гомеопатиялық дәрілік заттардың, препараттардың, дәрілік түрлердің ассортиментін кеңейту;

Slide 4

Гомеопатиялық препараттардың ерекшеліктері

Дұрыс қолдану барысында гомеопатиялық препараттар жанама әсер көрсетпейді; ағзаның қорғаныс қызметін көрсетеді, ұзақ уақыт және үнемі қабылдаған кезде жеке мүшелерге ғана емес, бүкіл ағзаға жүйелі дәрежеде әсер етеді.

Провизорлар мен фармацевттерді шомеопатиялық дәріханаларда дайындайтын едәуір кең тараған дәрілік түрлері: түйіршіктер, тамшылар, тритурация, спирттер, жақпа майлар, опольдедоктар, балуыздар.

Сонымен қазіргі кезде шырындар (элексрлар), шаншуға арналған ерітінділер және көз жағармайы, шашыратқышы бар дозаторы бар мұрынға арналған дәрілік түр (спрей), таблеткалар және басқа да заттар мен парафармацевтикалық өнімдерде дайындалады.

Slide 5

Гомеопатиялық препараттарды дайындау үшін өсімдік, минерал, жануартекті өнім шикізаттарды және аллопатиялық дәрілік заттар жатады. Жас өсімдіктердің сөлі және кептірілген өсімдік шикізатынан алынған (65% жуық) дәрілік заттар жиі қолданылады. Минералдық заттардан тұратын дәрілік препараттар 30%-ке жуық құрайды. Мысалы: литий, натрий және калийді көбінесе зат алмасуының бұзылуына; мыс, күміс және алтын - жүйке жүйе және қантамыр ауруларында қолданады.

Әлемдік гомеопатиялық тәжірибесінде 1, 5 мыңдық дәрілік препараттар дайындалады.

Slide 6

Негізгі заттар

Бұл дәрілік заттарды сұйылту үшін пайдаланатын минералды, өсімдік және жануартекті заттар.

Сұйылту үшін сұйық жіне қаттаы негізгі заттар пайдаланылады.

Сұйық заттарға мыналар жатады:

Ерітінділер(қышқыл, тұздар, у және т. б. ) ;

Әртүрлі табиғи сұйықтықтар;

Бастапқы тұндырмалар;

Slide 7

Бастапқы тұндырмалар дайындау үшін бастапқы материал ретінде консервілеу мақсатында (эссенция) этанолмен араласқан, жасөсімдік сөлдері немесе олардың бөлшектері (гүлдері, жапырақтары және т. б. ) алынады.

Қатты заттарға мыналар жатады:

Ерімейтін минералдар;

Тұздар;

Кептірілген өсімдіктер немесе олардың бөлшектері (тұқымдары, тамырлары және т. б. )

Пайдаланылған ресурс: stud. kz

Slide 8

Назарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Гомеопатиялық препараттарға рецепт жазудың жалпы ережелері мен концентрация және дозалау қағидалары
Фармацевтік гомеопатиялық препараттар технологиясы және гомеопатиялық емдеу әдістерінің пайда болуы мен дамуы
Гомеопатиялық препараттарды дайындау: дәрілік түрлер, дайындау шарттары және өсімдік эссенциялары
Ерітінділер: түрлері, қасиеттері және концентрациясы
Дәріханаішілік бақылау қағидалары: дәріханада дайындалған дәрілік препараттардың сапасын қамтамасыз ету
Подаграға қарсы және урикозуриялық препараттардың фармакологиясы
Рецептура: рецепт жазу тәртібі, дәрілік формалар және дозалау principles
Ветеринариялық анестезия: мал түріне байланысты әдістер және препараттық дозалау
Ферменттік препараттардың өндірісі мен халық шаруашылығындағы маңызы
Дәрілік препараттардың мөлшерін титриметриялық әдістермен анықтау: әдістер мен есептеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz