Шылаулар Шылау сөздер


Slide 1

Үстеу, шылау, одағай және еліктеу сөздерді оқыту әдістемесі.

Орындаған : Арибжанова Дана

Тобы : Пмно 18-7

Slide 2

Жоспары :

1. Үстеуді оқыту әдістері.

2. Шылауды оқыту әдістері.

3. Одағай сөздерді оқыту әдістері.

4. Еліктеу сөздерді оқыту әдістері.

5. Сабақ үлгілерін көрсету. ҚМЖ құрастыру.

Slide 3

Үстеу

Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.

Үстеу - 4-сыныпта алғаш рет өтiлетiн тақырып. Үстеу туралы түсiнiк тiлдiк мысалдарды талдату, бақылату, салыстыру арқылы берiледi. Мысалы:

қашан? қалай? қайда?

Бүгiн мұражайға бардық. Жанар тез оқыды. Айша төменде күтiп тұр. Осы тәрiздi мысалдарды талдау барысында қимыл, iс-әрекеттiң мезгiлiн, қалай орындалатынын, қайда болатынын бiлдiретiн сөз табы үстеу деген қорытындыға келулерi қажет.

Slide 4 Slide 5

Мезгіл үстеулер

Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

Мекен үстеулер

Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.

Сын (я бейне) үстеулері

Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.

Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.

Slide 6

Себеп-салдар үстеулері

Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.

Мақсат үстеулері

Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.

Мөлшер үстеулері

Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.

Slide 7

Шылаулар

Шылау сөздер

Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр

Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.

Slide 8

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы :

Slide 9

Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер

Slide 10

Одағай


Ұқсас жұмыстар
ШЫЛАУДЫҢ БАСҚА СӨЗ ТАПТАРЫНАН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Сөздердің байланысу тәсілдері
ДЕМЕУЛІК ЩЫЛАУЛАР
Шылау Жалғаулықтар Септеуліктер Демеуліктер
Сабақтың мақсаты
Сөз мерген туралы ақпарат
Сөйлем мүшелерін қайталау
Сөз таптары
Жақты сөйлем
Аралас құрмалас Көп бағыныңқы сөйлем сабақтас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz