Зат есімдерді оқыту әдістері: негізгі және туынды, тәуелдену, септелу және жіктелу


Slide 1

Зат есімді оқыту әдістері.

Орындаған : Арибжанова Дана

Тобы : ПМНО 18-7

Slide 2

Жоспары :

1. Негізгі және туынды зат есімдерді оқыту.

2. Зат есімнің тәуелденуін оқыту жолдары.

3. Зат есімнің септелуін оқыту жолдары.

4. Зат есімнің жіктелуін оқыту жолдары.

26. 11. 2020

Slide 3

Зат есім дегеніміз не?

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.

Slide 4

«Зат есiм» тақырыбын оқытудың негiзгi мiндеттерi

Slide 5 Slide 6

Зат есім құрамына қарай екіге бөлінеді.

Slide 7

Зат есімнің тәуелденуі

Зат есімнің тәуелденуі

жақ

жекеше

көпше

І жақ

ІІ жақ

ІІІ жақ

-м, -ым, -ім

(әкем, дәптерім)

-ң, -ың, -ің

(әкең, дәптерің)

-сы, -сі, -ы, -і

(әкесі, дәптері)

-мыз, -міз, -ымыз, -іміз

(әкелеріміз, дәптерлеріміз)

-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз

(әкелерің, дәптерлерің)

-ы, -і

(әкелері, дәптерлері)

Slide 8

26. 11. 2020

Зат есімнің септелуі - қиын тақырыптардың бірі. Мұнда зат есімнің сөйлеу құрылымына ену механизмдері, дәлірек айтқанда, сөз тіркесіндегі, сөйлемдегі, мәтіндегі рөлі айқын ашылады.

Септік - есім сөздердің бір-бірімен қатынасын немесе олардың басқа сөздермен қатынасын білдіретін категория. Әр септік әр түрлі қатынасты айқындайды. Мәселен, атау септік грамматикалық тұрғыдан алғанда, заттың ешбір тәуелсіздігін, бейтараптығын білдіреді.

Септіктер

Сұрақтары

Мағынасы

Мәтін

Атау

кім? кімдер? не?

нелер?

заттың атауы

Біздің үйдің шатырына қарлығаш ұя салды.

Ілік

кімнің? ненің?

меншіктілік, иелік

Ұяда қарлығаштың балапандары бар.

Барыс

кімге? неге? қайда?

бағыт, мақсатт

Қарлығашқа үнемі балапандарына жем іздеуге тура келеді.

Табыс

кімді? нені?

объектілік

Бір күні биікте ұшып жүрген қарлығашты көрдік.

Жатыс

кімде? неде? қайда?

мекендік, мезгілдік, көлемдік

Бірде ол ұяда қонақтап отырды.

Шығыс

кімнен? неден? қайдан?

шыққан орны, себебі, мезгілі, мөлшері

Ұядан балапандарын ертіп шықты.

Көмектес

кіммен? немен? қалай?

ортақтасу, бірлесу

Мен де қарлығашпен бірге биікке самғасам ғой!

Slide 9

26. 11. 2020

Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда жіктеліп қолданылады. Жіктік жалғаудың 3-жағы және жекеше, көпше түрлері бар. Әдетте 1-2-жақтарда адамға байланысты зат есімдер жіктеледі де, 3-жақта кез келген зат есім бола береді: Жіктік жалғаулары буын (1-2-жақ) және дыбыс (1-жақ) үндестіктері бойынша жалғанады. 1-жақ жекеше -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін, көпше -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз, 2-жақ жекеше анайы -сың, -сің, сыпайы -сыз, -сіз, көпше анайы -сыңдар, -сіндер, сыпайы -сыздар, -сіздер, 3-жақта арнайы жалғау жоқ. Оны мына кестеден көруге болады.

жак

жекеше

жак

көпше

мен

бала-мын, әнші-мін

біз

бала-мыз, әнші-міз

сен

бала-сың, әнші-сің

сендер

бала-сыңдар,

әнші-сіңдер

сіз

бала-сыз, әнші-сіз

сіздер

бала-сыздар,

әнші-сіздер

ол

бала-, әнші-

олар

бала-, әнші-

Slide 10

Көптік жалғауда қолданбайтын зат есімдер нақты мысалдар төңірегінде мынадай жүйемен түсіндіріледі:

26. 11. 2020

Slide 11

Назарларыңызға рахмет !!!

26. 11. 2020


Ұқсас жұмыстар
Негізгі және туынды зат есімдер: сабақ жоспары мен жаттығулары
3-сынып қазақ тілі: Негізгі және туынды зат есімдердің қорытынды сабағы
Сын тұрғысынан ойлау арқылы 6 ә сыныбында негізгі және туынды еліктеу сөздерді оқыту
7-б сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Менің жазғы демалысым - мәтінмен жұмыс, туынды және негізгі сын есімдерді меңгеру, бағалау
Бастауыш сыныптарда зат есімді меңгертудің тиімді әдістері
Зат есімнің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік сипаттары: сабақ жоспары мен жаттығулар
Сабақ жоспары: Сын есімнің жасалуы - негізгі және туынды түрлері, жұрнақтар мен жаттығулар
Сөзжасам: туынды сөздер, оқыту стратегиялары және оқу-әдістемелік тапсырмалар
Сан есімнің түрлері: дара, күрделі, негізгі және туынды - қазақ тілінен сабақ жоспары
Сөзжасам және туынды сөздер: бірігу, қосарлану, лексикалық жолдар мен оқыту стратегиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz