Өнімді сертификаттаудың құжаттарын рәсімдеу




Презентация қосу
Қазақ технология және бизнес университеті

«Технология және стандарттау» кафедрасы

«Мейрамхана және мейманхана бизнесіндегі
қызметтерді сәйкестендіру және
стандарттау» пәні бойынша

Орындаған: Төребаева Мақпал, МІМБ-181/2
Тексерген: магистр, аға оқытушы, Туреханова Г.И.
№ 14 практика тақырыбы

Өнімді сертификаттаудың
құжаттарын рәсімдеу
Өнімді сертификаттау тапсырыс
берушімен сәйкестікті растау жөніндегі
органға бағытталған етініш негізінде
жүргізіледі. Өтініште тапсырылған өнім
аты, оның типі (моделі, маркасы),
номиналды сыйымдылығы, өндірген ел,
өндіруші-кәсіпорын, сақтау мерзімі, саны
және т.б., сонымен қатар тапсырыс
берушінің нәтижеге тәуелсіз
сертификаттауды жүргізуге кеткен
шығындарды төлеу міндеттемесі
керсетіледі. Өтінішке тапсырылған
өнімге қатысты барлық құжаттар
қосылып беріледі.
Өтінішті қарау және шешім шығару.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган өтінішті
тіркеп, оны карастырған соң тапсырыс
берушіге өз шешімді бағыттайды. Өтініш
бойынша сәйкестікті растау жүргізу туралы
шешімде сертификаттаудың негізгі
шарттары, сертификаттау сұлбасы,
сертификатгау жүргізілетін нормативті
құжаттардың тізімі, сертификациялық
зерттеулер жүргізілетін зертханалар тізімі
көрсетіледі.
Өнімнің сәйкестігін растау жөнінде жұмыстарды
жүргізу үшін өтініш беруші мен сәйкестігін растау
жоніндегі органымен келісім шарт құру

Сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш
берушіге шешіммен бірге сәйкестікті растауды
жүргізу үшін қол қойылған шаруашылық келісім
шартты бағыттайды.
Тапсырылған өнім сынамасын таңдау,
оларды идентификациялау және сынық
зертханасына сынама өткізу.
Тапсырылған өнімнен сынама таңдауды
сәйкестікті растау жөніндегі орган
жүргізеді. Сынама таңдауды сәйкестікті
растау жөніндегі орган өтініш берушінің
өзіне де тапсыруы мүмкін. Бүл жағдайда
сынама тандауды өтініш берушінің
бұйрығымен тағайындалған тәуелсіз
ұйымның үш өкілінен тұратын білікті
комиссия жүргізеді.
Қажет болса, сертификаттау жөніндегі
орган сынама таңдауды ақкредителген
сынақ зертханасына (орталығына)
тапсыруы мүмкін.
Таңдалатын сынама мөлшері, оны таңдау әдістемесі,
идентификациялау және сақтау тапсырылған өнімнің
нормативті құжатында Көрсетілген талабына немесе
сертификаттау жөніндегі әдістемелік құжат талабына сай келу
керек.
СТ РК 3,4 жэне ГГР РК 50,3,19 сәйкес жүргізілген сынама таңдау
актпен рәсімделеді, оған сынама таңдауды жүргізген тұлғалар
және тапсырыс беруші -өндіріс өкілдері қол қояды.
Тапсырылған өнімді идентификациялауды ГСС РК (мысалы, ГЕР
РК 50,3,25-97 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сертификаттау жүйесі. Сертификаттау ережелері. Тамақ және
ауыл шаруашылық өндірісі өнімдерін сертификаттау кезінде
идентификацияны жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар")
және ҚР СТ 3.34 - 2003 нормативті құжаттарына сәйкес
жүргізіледі.
Қажетті түрде идентификацияланған
таңдалған сынамалар буып түйіліп,
пломбаланады, сынама таңдау актісі
мен тапсырылған өнімнің нормативті
құжатымен бірге сынақтан еткізеді.
Тапсырылған өнім
сынамаларына
сертификациялық сынаулар
жүргізу. Сынақ зертханасы
(орталығы) келісілген мерзімде
сынамаларды нормативті
құжат талаптарына сәйкес
сынауларды жүргізеді.
Сынау жұмыстарын жүргізу
тәртібі

Сынамаларға сынақ жұмыстарьш жүргізу
үшін арнайы нормативтік құжатта бар
көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Егерде
сынақ жұмысын жүргізу кезінде
көрсеткіштер нормативтік құжатқа сәйкес
болмаса, қайтара сынау жұмысы жүргізіледі.
Сынақ нәтижелерін толтыру
Әр сынақ нәтижесі арнайы жүрналға толтырылады.
Олар хаттама толтыру үшін дэлелденген қүжат
болып есептеледі. Сынау хаттамасында сынау
объектісі, сынау нәтижелері, қолданылған
нормативтік құжаттар мен әдістер көрсетіледі.
Сынау хаттамасында сынақ зертханасының бастығы
қол қояды. Оң нәтиже алынғанда сынақ зертханасы
(орталығы) сәйкестікі растау жөніндегі органға
бекілтілген формада сынау хаттамасын бағыттайды.
Сынау хаттамасында сынақ зертханасы (орталығы)
аккредиттелген екендігі көрсе тілуі тиіс,
Сынау хаттамаларының көшірмесі мен таңдалған сынамалар
сәйкестік сертификатының әрекет ету мерзімі шегінде сақталуы
тиіс. Тез бұзылатын сынамалар сактау мерзімі шегінде сақталады,
Теріс нәтиже алынса тапсырылған өнімді сәйкестік растау
жұмыстары тоқтатылады.
Сынау жұмыстарының нәтижелерінің дұрыстығын анықтау
үшін екі түрлі бақылау жүргізіледі: ішкі бақылау және сыртқы
бақылау.
Ішкі бақылау - бір түрлі үлгіні сынау жүмыстарын екі маман
жүргізіп, алынған нәтижелерді салыстыру жұмысы.
Сыртқы бақылау- бір түрлі үлгіге екі зертхана сынау жұмыстарын
жүргізіп, алынған нәтижелерді салыстыру арқылы бақылау.
Алынған нәтижелерді талдау және сертификат
беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау.
Сәйкестікті растау органы зерттеу, өндіріс күйін
талдау, сынау хаттамаларын қарастырып
тапсырылған өнімді талаптарға сәйкестігін
бағалайды және сәйкестік сертификатын беру
(бермеу) туралы шешім қабылдайды.
Теріс нәтиже алынғанда сәйкестікті растау орган бұл
туралы өндірушінің орналасуына сәйкес мемлекетгік
бақылау және қадағалау органына өнімді өткізудің
алдын-алу бойынша қажетті шаралар қолдану үшін
мәлімдейді.
Сәйкестік сертификатын беру
Сәйкестік сертификаты
1. Сәйкестік сертификатын өтінімы берушіге
сәйкестікті растаудың таңдалған схемасына
сәйкес барлық рәсімдерді орындаудың оң
нәтижелері болған жағдайда өнімге сәйкестікті
растау жөніндегі орган береді.
2 . Сәйкестік сертификатында:

1) өтінім берушінің, өнімді дайындаушының (орындаушының), сәйкестік

сертификатын берген органның атауы және орналасқан жері;

2) сертификатталған өнімнің бірдейлендіруге мүмкіндік беретін
атауы;

3) оның талаптарына сәйкестікке сертификаттау жүргізілген
техникалық реттеу саласындағы нормативтік қүқықтың актінің атауы;

4) жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер туралы ақпарат;

5) өнімнің техникалық реттеу саласындағы нормативтік қүкықтық
актілерде

белгіленген талаптарға сәйкестігіне дәлел ретінде өтінім берушінің сәйкестікті
3. Сәйкестік сертификаты бланкіде ресімделеді, оның нысаны
мен толтырылу
тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Сәйкестік сертификаты оны берген сәйкестікті растау жөніндегі
органда тіркелуге тиіс.
Сериялы шығарылатын өнімге сәйкестік сертификаты сәйкестікті
растау схемасында белгіленген мерзімге беріледі.
Сәйкестік сертификатының күші Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Сертификатпен қоса енімді сәйкестікті растау кезінде
жүргізілген сынау
хаттамасы беріледі.
Берілген сәйкестік сертификаттары ҚР МСЖ Мемлекеттік
реестрінде
тіркеледі.
Сәйкестік сертификатының әрекет ету мерзімі сертификаттау
жөніндегі органмен үш жылға дейінгі мерзімге бекітіледі. Өнім
партиясына арналған сертификат әрекеті өткізу мерзімі шегінде,
сактау мерзімі бар өнім партиясы үшін - өнімді сақтау мерзімі
шегінде бекітіледі.
Өндіріс күйін талдау.
Таңдалған сертификаттау сызбасына сәйкес
тапсырылған өнім сынамасын зерттеумен қатар
өндіріс күйін талдау, өндірісті немесе сапа жүйесін
сертификаттау жүргізіледі.
Өндіріс күйін талдау сәкестікті растау орган
қабылдаған бағдарлама бойынша жүзеге асады.
Бұл кезде төмендегілер тексеріледі:
- нормативті құжаттармен қамтамасыз етілуі және олардың
күйі;
- технологиялық процессті қадағалауы және
метрологиялық қамтамасыз етілуі;
- кірме және қабылдау бақылауы мен периодты
зерттеулердің болуы;
- құрал жабдықтар мен сынау құралдарын жөндеу және
техникалық қызмет көрсету жүйесінің болуы;
- шикізаттар мен материалдармен қамтамасыз етілуі;
- сертификатгалатын өнім сапасының тұрақтылығы;
- сақтау жағдайларының болуы;
- жарнаманы талдау.
Тексеру нәтижелерін актпен рәсімдеп, сәйкес
қорытындымен бірге тапсырыс
берушіге береді.
Сертификаттау кезінде теріс нәтиже алынса, тапсырылған
өнімді таңдалған сұлба бойынша сертификаттау
тоқталады да, ол туралы сәйкестікті растау орган үш күн
мерзімінде жазбаша түрде талсырыс берушіге хабарлайды.
Кемшіліктер жойылған соң сәйкестікті растауға өтінуші
жаңа өтініш береді. Егерде, сапа менджментінің
сертификаты болған жағдайда, өндіріс жағдайын талдау
қажеттігі жоқ.
Сапа жүйесі менеджментінің сертификаттау процедурасың
өнімге сәйкестік сертификатын бермес бұрын жүргізеді.
Сапа жүйесі менеджментің немесе өндірісінің
сертификаттау тәртіптері ҚР СТ 3.15.1; 2 жүргізіледі
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Сертификаттау жүйелері туралы
Сертификаттаудың әлемдегі даму тарихы
Өнімдерді сертификаттауды жүргізу тәртібі
Ветеринария факултеті
ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
Сапа жүйесін сертификаттау
СЕРТИФИКАТТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫНЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
СЕРТИФИКАТТАУДЫ ҚОЛДАНУ ОБЛЫСТАРЫ
Бухгалтерлік есеп беру
Пәндер