Оқытудың белсенді формасы мен әдістері
Презентация қосу
М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
Университеті
ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ
Тақырыбы:
Оқытудың белсенді формасы мен әдістері.
Қабылдаған: п.ғ.к. доцент Нуралиева А.
Орындаған: Ушкенова Г.
Топ: МЕП20-4нк
Оқытудың белсенді әдістері
• Оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын меңгеру үдерісіндегі
студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.
Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:
• -жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны
қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік
ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;
• -білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер:
проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме,
«миға шабуыл», оқу пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс.
Проблемалық оқыту
• Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен
студенттердің оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін
басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі студентерден
білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап ететін есептердің, тапсырмаларын,
теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.
• Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда оқытушы білімді дайын түрде
баяндап бермейді, студенттердің алдына проблемалық міндет қояды.
Шешімді және шешу құралдарын студент өзі іздестіруі тиіс.
2.Проблемалық
1.Проблемалық сұрақтарды
ахуалдар туғызу жолын грамматикалық және
алдын ала дайындау. стилистикалық
жағынан дұрыс құру.
Проблемалап оқыту
әдісін жүргізу
дидактиканың
заңдылықтарына
3.Проблемалық 4.Проблемалық
мәселелерді шешу сұрақтардың
амалдарын күні теориялық
бұрын дәл белгілеу. анықтамасын заңды
түрде дәлелдеу.
Тренинг
• ХХ ғасырдың екінші жарытсынан бастап психологияның қолданбалы және тәжірибелік
салаларында «тренинг» түсінігі пайда болды және кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі таңда
«тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы болмағанмен, бұл әртүрлі іс-әрекеттердің, әдіс-
тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылуда.
• Тренинг – бұл, тұлғаның қарым-қатынас стилінің үйлесімділігіне, оны өзгертуге және
басқалармен қарым-қатынастағы қарама-қайшылықтарын, тұлғаның ішкі қарама-қайшылығын
шешуге бағытталған эмоционалдық тұрғыдан қанық, жарқын өткізілетін сабақ.
• Тренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектесіп, оны түсінуге, өз ойын
ашық айтуға, ішкі күйзелісін жеңуге, оны басқамен бөлісуге, өзіне деген сенімділігін арттырып,
өзін-өзі түсінуге, өз бойындағы басқада қасиеттерді көруге мүмкіндік береді және тұлғаның өзін-
өзі бақылауына, байқағыштыққа баулиды.
Тренингтердің бағыттары
Өзін-өзі реттеу әлеуметтік
дағдыларын дамытуға психологиялық
бағытталған тренингі тренингі
оқыту тренингі өзін тану тренингі
Инновация
• «Инновация» ұғымын ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген.
Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация-
нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация —
арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын,
шешімдерін күтеміз», — дейді.
• Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген
ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп
отырғанымыз — білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру,
қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы
ұсынады. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде,
технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін
басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде
инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі,
модульдік түрі, жүйелі түрі.
Пайдаланған әдебиеттер
• 1.Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.–А., 1991
• 2.Валиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу–тәрбие үрдісіне енгізу
• жолдары.2002
• 3.Валиева М. Білім беру технологияларының нәтижеге бағдарланған білім
берудегі
• ерекшеліктері.–А., 2005
• 4.Шардарбеков Д. Қазірігі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары. 2006
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz