Ұзақ мерзімді жоспар: Шамалар арасындағы тәуелділіктердің аналитикалық, кестелік және графиктік берілу тәсілдері


Slide 1

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Сабақтың тақырыбы:

6. 4В Шамалар арасындағы тәуелділіктер

Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл

Slide 2

Бағалау критерийлері

Оқу мақсаттары:

Сабақ мақсаттары:

6. 5. 2. 5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару;

6. 5. 2. 6 шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу

тәсілдерін білу;

6. 5. 2. 7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу.

Аналитикалық, кестелік, графиктік тәсілдер арқылы берілген есептерді шығаруды үйренеді;

Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін меңгереді;

Сипаттамалары бойынша тәуелділіктердің формулаларын жазады, есептер шығаруда қолданады.

Оқушылар:

Тәуелділіктердің берілу тәсілдерін біледі, тақырыпқа байланысты есептерді шығарады;

Сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады.

Slide 3

Белсенді оқыту әдістері

Slide 4

Топтық жұмыс

Белсенді оқыту әдісі: «Түйінді сөздер»

Ойлау дағдыларының деңгейі: білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Тәуелділіктердің берілу тәсілдерін біледі

Оқушыларға өткен тақырыпты қайталау мақсатында әр топқа түйінді сөздер беріледі. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің мағынасын ашып топ ішінде талқылайды, постер құрады. Сынып алдында постерді қорғайды.

Дескриптор: Білім алушы:

берілген тірек сөздердің көмегімен топта постер әзірлейді;

постердің мазмұндылығы және безендірілуі;

постерді басқа топ алдында қорғайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Жапондық бағалау» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.

Бір саусақ - дұрыс келісемін

Екі саусақ - толықтырамын, қосарым бар

Жұдырық - менің сұрағым бар

Slide 5

Саралау тәсілдері

(БОӘ) : «Үшіншісі артық» (СТ) : Қорытынды

Ойлау дағдыларының деңгейі: Талдау

Әр оқушыға 4-5 шама жазылған А4 қағазы үйлестіріледі. Оқушылар олардың арасындағы тәуелділік бойынша топтастырып, артығын табады. Интербелсенді тақта арқылы жауаптарын тексереді.

Дескриптор: Білім алушы

Берілген шамалар арасынан артығын табады;

Шамалар арасындағы тәуелділікті формуламен жазады.

ҚБ: «Бас бармақ» тәсілі

Slide 6

Бағалау түрлері

«Бағдаршам» әдісі

«Бас бармақ» әдісі

«Түрлі-түсті билеттер» әдісі

«Жапондық бағалау» әдісі

Slide 7

Жұптық жұмыс

Бағалау критерийі:

Тақырыпқа байланысты есептерді шығарады;

Сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады.

Шаршы қабырғасының ұзындығы а см. Қабырғасының ұзындығы берілген шаршының қабырғасының ұзындығынан 5 см кем екінші шаршының периметрін және ауданын табу формулаларын жазыңдар.

а = 7 см:

а = 20, 5 см

болғанда екінші шаршының периметрі мен ауданын есептеңдер.

Дескрип-тор:

Есепті жұпта талқылайды;

Сипаттамасы бойынша шаршының периметрін табу формуласын жазады;

Шаршының ауданының формуласын жазады;

Формуланы қолданып шаршының периметрін, ауданын табады.

ҚБ: «Түрлі-түсті билеттер» әдісі

Slide 8

Рефлексия

Оқушылар сабақ мақсаттарына жету нәтижелерін «Желпуіш» әдісі арқылы талдайды.

А-4 түрлі түсті параққа әр топ желпуіш жасап, әрбір бөлігіне кезекпен сабақтың мақсаттарына жету нәтижелерін (сабақ туралы пікірлерін) жазады.


Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді міндеттемелер: бағалау, есептеу және бухгалтерлік жазбалар
Халықаралық қаржыландыру: қысқа және ұзақ мерзімді құралдар мен әдістері
Функциялар және олардың қасиеттері: анықтау, берілу тәсілдері және мысалдар
Ұзақ мерзімді активтердің түрлері, есепке алынуы және амортизация әдістері
Жиындар теориясы: берілу тәсілдері, түрлері және негізгі операциялары
Мұғалімнің сабаққа дайындығы: ұзақ, орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру қағидалары
Онтогенездің әр кезеңіндегі қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтаудың ерекшеліктері
AD-AS үлгісі: жиынтық сұраныс пен ұсыныстың қысқа және ұзақ мерзімді макроэкономикалық модельдері
Алгоритм: анықтама, қасиеттері, күрделілігі, берілу тәсілдері және алгоритмдік тілдер
Грамматиканың салалары және негізгі ұғымдары: грамматикалық мағынаның түрлері мен берілу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz