Май қышқылдарының алмасуы
Презентация қосу
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
Липидтер алмасуы
Қорлық және құрылымдық липидтер
Майлар
Липопротеиндер
Липидтердің қорытылуы және сіңірілуі
Липидтердің метаболизмі
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Липидтер - барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және
тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар.
Липидтер - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ
полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир,этанол) ериді. Липид
гректің lipos - май деген сөзінен шыққан. Липидтер молекуласында
полярсыз (көмірсутекті) және полярлы ( - СООН, - ОН, - NH2)
аймақтар болады.
Химиялык құрылысы бойынша липидтер әртүрлі болады, бірақ
олардың барлығы дерлік кез-келген спирттер мен май
қышқылдарының күрделі эфирлері болып табылады. Сонымен қатар
липид молекулаларының құрамына азоттықосылыстар, фосфор
қышқылы және көмірсулар енуі мүмкін.
Липидтер
Липидтерге майлар және май тәрізді заттар - липоидтер жатады.
Липидтердің молекуласының құрамына C, H, O атомдары кіреді.
Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай л
ипидтер алуан түрлі болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет -
олардың молекулаларының полюссіздігінде (гидрофобтылығында).
Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтықтарда: бензинде, эфирде,
хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді. Липидтердің гидрофобты
қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі маңызы зор. Себебі жасуша
мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады.
Фосфолипид молекуласы жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді
және сыртқы ортаға жасушадағы заттарды шығармайды. Осының
нәтижесінде жасушаның химиялық ортасы тұрақты болып сақталады.
Липидтердің ішінде көп таралғаны және ең негізгісі - майлар. Майлардың
химиялық құрылымы күрделі болып келеді.
Липидтер ағзада мынадай қызметтерді атқарады:
Құрылымдық жасуша мембранасының құрамына кіреді.
Реттеушілк , кейбір липидтер витаминдердің және гормондардың
алғызаттары н/е витманиді еріткіштер және жүйке импульстерінің
берулуіне қатысады.
Тасмалдаушылық липопротеиндер, май қышқылдарының
альбуминдермен комплексі .
Термореттеушілік, ағзаның жылу изоляциялау қызметін атқарады.
Энергетикалық – энергияның ж/е энергия жетіспеушілігінде
қолданылатын заттардың шығу көзі.
Барлық липидтердің жалпы қасиеті – гидрофобтылық. Бірақ кейбір
липидтер амфибильді, себебі: құрамында гидрофильді және гидрофобты
бөліктері кездеседі.
Биологиялық қызметі – олардың энергия көзі болатындығы. Бұл қызметі
майлардың ыдырауынан бөлінетін май қышқылдары атқарады.
Майлар
Майлар: жануар ,өсімдік майлары және т.б. болып бірнеше топқа
бөлінеді. Майлардың бір-бірінен айырмашылығы -- олардың
құрамына кіретін май қышқылдарының сипатына байланысты. Май
кышқылдары: қаныққан және қанықпаған больп екі топқа бөлінеді.
Қаныққан май қьшқылдары бір байланысты, оларга пальмитин,
стеарин қышқылдары және т.б. жатады. Ал қанықпаған май
қьшқылдары қос байланыс түзеді, оларға олеин, линол және т.б
қышқылдар жатады. Жануар майларының құрамында қаныққан
қышқылдар көп, сондықтан олар бөлме температурасында да қатты
күйде болады. Мысалы, сиыр майының құрамында глицерин,
пальмитин және стеарин қышқылдары бар.Пальмитин қышқылы 43°С-та, ал стеарин
қышқылы 60°С-та ғана ериді. Яғни, су
қайнағанда глицерин су молекуласымен байланыс
түзеді де, ал май қышқылдары сұйықтықтың беткі
қабатында қалықтап, гидрофобты қасиет
керсететіндігін күнделікті тұрмыстан аңғаруға
болады.
Өсімдік майының құрамында канықпаған май
МАҢЫЗДЫ қаныққан май қышқылдары
Майлы қышқылдардың маңызды қанықтырылмаған
қышқылдары
Липидтердің алмасуы
Липидтердің алмасуы төрт кезеңнен тұратын сатылы процесс. Ол кезеңдер мыналар:
ас қорыту, сіңіру, аралық алмасу және сол алмасуының ақырғы өнімдерінің пайда
болуы. Ауыз қуысында, сілекей құрамында липидтерді ыдырататын, гидролиздейтін
ферменттер болмайды. Асқазан сөзінде липидтерді гидролиздік ыдыратуға қабілетті
біршама
липазалар болады. Бірақ, асқазан липазаларының рН-6 маңызы көп емес, себебі олар тек
қана алдын ала эмульгацияланған майларға әсер етеді. Асқазанда эмульгацияға, яғни май
эмульсиясының тамшыларының пайда болуына жағдайлар жоқ.
Ұлтабар ас қорыту процесіне қатыспай тұрған кезде, мұнда әлсіз сілтілі реакция жүріп
жатады рН орташа есеппен 7,2 - 8,0 болады. Бұл ішекке асқазандағы қышқылданған
қоспа түскен кезде оның ішіндегі реакция қышқыл реакция болады, бірақ тұз қышқылын
ұйқы безінің сөлі және басқа сөлдер бейтараптандыруының нәтижесінде қайтадан сілті
жағына қарай өзгеріске түседі. Ішекте, керісінше, майлардың эмульгациясына өте
қолайлы жағдай жасалған. Өт қышқылдарының тұздары - ең күшті эмульгаторлар.
Глицерофосфолипид молекуласының
құрылымы глицерин, екі май және фосфор
қышқылдары түзетін фосфатид қышқылына
негізделген. Глицерофосфолипидтер –
жасуша мембраналарының негізгі липидті
компоненттері.
Липопротеиндер
Липопротеиндер(тасымалдаушы липидтер)
дегеніміз,белоктармен комплексте болатын және
бір мүшеден екінші мүшеге экстрацеллюлярлы
сұйық орта(қан,лимфа) арқылы жеткізілетін
липидтер болып табылады. Липопротеиндер
құрылысы жағынан гидрофобты мицелла түрінде
болады және гидрофильді қабаттан тұрады,ол
қабат фосфолипидтердің,гликолипидтердің
дифильді молекуласынан тұрады.
Липопротеиндер
- Хиломикрондар
- Тығыздығы жоғары липопротеиндер(ТЖЛП)
- Тығыздығы өте төмен липопротендер(ТӨТЛП)
- Тығыздығы төмен липопротеиндер(ТТЛП)
Хиломикрондар
Хиломикрондар ішек эпителиінен ішектің лимфа
жүйесіне өтіп,кеуденің лимфа ағынына түседі де,
одан қан ағымына өтеді.тамақтан соң 1,2 сағаттан соң
алиментарлы гиперлипемияны байқауға болады.Оның
ең көп мөлшері тамақтан соң 4,6 сағат өткеннен кейін
байқалады.Бұл кезде қан глицерленеді,ал ішектен
ағатын түсі-сүт тәрізді болады.Хиломикрондардың
қанға түсуіне жауап ретінде дәнекер тканінің жуан
клеткаларынан қанға гепарин бөлінеді,ол
хиломикрондардың үшацилглицириндерін
ыдырататын фермент –липопротеинлипазаны
белсендіреді.
Липидтердің қорытылуы және сіңірілуі
Ауыз қуысында шайнау үрдісінде тамақ үгітіліп, механикалық тұрғыдан ұсақталып, сілекеймен
шыланады да, осының нәтижесінде тамақ түйірі қалыптасады. Сілекей құрамында липидтерді
ыдырататын, гидролиздейтін ферменттер болмайды.Асқазан сөлінде липидтерді гидролиздік
ыдыратуға қабілетті біршама липазалар болады. Бірақ, асқазан липазаларының (рН-6) маңызы өте
көп, себебі,
олар тек қана алдын ала эмульсияланған майларға әсер етеді. Асқазанда эмульсиялауға, яғни май
эмульсиясының (тамшыларының) пайда болуына жағдайлар жоқ. Асқазанға түскен тамақ сұйылып
қоймалжыңданғаннан кейін ішекке түседі. Ұлтабар ас қорыту үрдісіне қатыспай тұрған кезде, мұнда
әлсіз сілтілі реакция жүріп жатады (рН орташа есеппен 7,2-8,0 болады). Бұл ішекке асқазандағы
қышқылданған қоспа түскен кезде оның ішіндегі реакция қышқыл болады, бірақ тұз қышқылын ұйқы
безінің сөлі және басқа сөлдер бейтараптандыруының нәтижесінде қайтадан сілті жағына қарай
өзгеріске түседі. Ұйқы безі бөліп шығаратын сөл - сілті реакциялы, түссіз де мөлдір сұйық. Сөлдегі
сілті реакциясы онда бикарбонаттардың мол қорының болуына байланысты.
Липидтердің қорытылуына өт (бауыр жасушаларының шырыны, секреті), ұйқы безінің және ішектің
сөлдері қатысады. Ұйқы безінде ас қорыту ферменттері көп болады. Осылардың әсерімен липидтер
денеге сіңетіндей дәрежеге жетеді.
Майлардың ішекте қорытылуы. Майлардың негізгі массасы (95-57%) ащы
ішек бөлігінде, ең алдымен, он екіелі ішекте қорытылады. Қорытылу екі
үрдістерден, эмульсиялаудан және гидролиздік ыдыраудан тұрады. Бауыр
жасушалары өт бөліп шығарады, ал ол болса, өт қабына жиналып, одан
қорыту үрдісінде қатысу үшін, ащы ішекке өтеді. Өт қышқылдары май
тамшыларының бетіне сорылады да, жұқа қабық құрады. Бұл үрдісті
эмульсиялау деп атайды. Эмульсиялау май тамшыларының беттік керілуін
төмендетеді, соның салдарынан олардың бір-біріне тартылысы әлсірейді де,
май тамшылары өте ұсақ түрге айналып кетеді. Бұның өзі липазаның әсеріне
жағдай тудырады. Ұйқы безі сөлінің липазасы өт қышқылдары
эмульсияланған майларды глицерин мен май қышқылдарына ыдыратады.
Жоғары май қышқылдарының бір молекуласына өт қышқылдарының, орташа
есеппен 2-4 молекулалары келеді. Олардың кешен тегі арақатынасы 4:1, 7:2,
8:3, 9:3 және басқаша да болуы мүмкін. Осы қосылыстардың нәтижесінде суда
ерігіш кешен - холин қышқылдары пайда болады. Соңғысы ішек шырының
жасушаларына жақсы сіңеді.
Липидтердің сіңуі. Суда еритін холин қышқылдарының кешені ішек
шырынының жасушаларына сіңгеннен кейін, ендігі үрдіс осы ішектің ішкі
қабатының эпителий жасушаларында өтеді. Ішек шырыш қабығының
жасушаларында жоғары май қышқылдары глицеринмен қосылып, қайтадан
май
(ағзаның өзіне тән майы) түзіледі, яғни ресинтезделеді. Ресинтез-гидролизге
керісінше үрдіс. Бейтарап майлардың қандағы тамшылары хиломикрон деп
атайды. Бұдан кейін майлар қор ретінде (тері асты талшықтары, ішкі
мүшелердің төңірегі, шажырқай, шарбы майы т.б.) жиналады. Ағзаға қажетті
кезде майлар және басқа липидтер май қойнауынан қан плазмасына өтеді де
бүкіл ағзаға тарайды. Липидтердің май қойнауынан шығуы жүйкелік және
гуморальдық жүйелермен реттеледі.
Сөйтіп, липидтердің ыдырауы мен сіңірілуі ащы ішекте осымен аяқталады.
Тоқ ішекте липидтерді ыдырататын ферменттер жоқ.
Липидтердің метаболизмі
Майлардың ыдырауы. Майлардың ыдырауы липолиз деп
аталады. Майлар липаза ферменті әсерінен судың
қатысуымен глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды
Май қышқылдарының алмасуы. Липидтер
тек ыдырап қана қоймай, ағзада түзіле де алады.
Майлардың биологиялық түзілуі үш негізгі сатыдан
тұрады: глицериннің, жоғары май қышқылдарының пайда
болуы және олардың үшглицерид молекуласын құрауы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Липопротеиндер біздің ағзамыз үшін өте маңызды,
себебі олар ағзадағы майлардың тасымалдануына
қатысады.Осы липопротеиндердің жеткілісіздігі не
артып кетуі көптеген қайтымсыз ауруларға алып
келеді. Оларға атеросклероз және одан дамитын
асқынулар(жүректің ишемиялық ауруы, бас
миының инсульті т.б.)жатады.Сондықтан салауатты
өмір салтын сақтау керек, яғни құрамында жануар
майы аз тағам пайдалану қажет және спортпен
шұғылдану керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.“Биологиялық химия”,
Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И.,
Сейтембетова А.Ж.
2.“Е.С. Северин Биохимия Москва
“ГЭОТАР – Медиа” 2009
Сейтембетова А. Ж., Лиходий С. С.
Биологиялық химия, Алматы, «Білім», 1994.
4. “Биологиялық және биоорганикалық
химия”
Э. Ж. Әлімқұлова
5. “Биологиялық химия”,
З. Сейітов
Назарларыңызға рақмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz