Ақуыздардың жіктелуі


Slide 1

Мазмұны:

Slide 2

Ақуыздар

Ақуыздар дегеніміз-амин қышқылы қалдықтарынан тұратын, құрамында азоты бар жоғары молекулярлы органикалық заттар.

Ақуыздар химиялық құрамына сәйкес жай және күрделі деп екі топқа жіктеледі.

Тірі организм өзіне тән құрылымдық ұйымының қызметінде ақуыздар өте маңызды роль атқарады, яғни ақуыздар басқа органикалық заттардың алмасуына келмейді, өйткені олардың өзінше ерекше құрылымдық ұйымы бар.

Slide 3

Жәй және жеке ақуыздар

Жәй ақуыздар

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, аминқышқылдаарынан ғана тұратын ақуыздардың өте аз екендігі дәлелденілді, сондықтан жалпы жіктелу жүйесі бойынша алынған жәй ақуыздары екі топқа бөлінеді: ақиқат және шартты жәй ақуыздарға. Ақиқат жәй ақуыздарға гистондар, альбуминдер, протаминдер жатады. Шартты жай ақуыздарға протеинойдтар, глобулиндер, проламиндер, глютелиндер жатады, олардың құрамына өте аз мөлшерде ақуызға жатпайтын компоненттер кіреді.

Жеке ақуыздар

Альбуминдер мен глобулиндер жай белоктардың ең көп таралған түрі, оларға сүттің, қан сары суының, жұмыртқаның, бұлшықеттің белоктары жатады. Олардың айырмашылығы әртүрлі және ерігіштік қасиетінде.

Slide 4

Гистондар

Бұл ақуыздар негіздік қасиет көрсетеді, олардың құрамына негізінен лизин мен аргинин (20-30%) кіреді. Гистондар екінші реттік құрылым ғана түзеді, олардың молекулалық салмағы жоғары емес (11000-24000) құрамындағы лизин мен аргининнің сандық мөлшеріне байланысты.

Гистондардың бес түрі белгілі: H1, Н2а, Н2в, Н3, Н4. Гистондық фракциялардың изоэлектірлік нүктелері 9, 5-ДНҚ аралығында болады. Табиғи жағдайда гистондар хроматиннің ДНҚ- сымен электростатикалық байланыстармен байланысқан (көпжасушалы организмнің рН мағынасында гистон оң, ал ДНҚ теріс заядталынған) .

Slide 5

Глютелиндер және Альбуминдер

Бұлар да өсімдік ақуыздарына жатады. Глютелиндер суда, түздың және этанолдың ертіндісінде ерімейді. Проламиндермен салыстырғанда, глютелиндердің құрамына аргининнің көп мөлшерде, ал пролиннің аз мөлшерде кіруіне байланысты, глютелиндер әлсіз сілтіде ериді.

Бұл ақуыздардың молекулалық салмақтары жоғары емес, олар қышқылдық қасиет көрсетеді (құрамындағы глутаматтың көп мөлшерде болуына байланысты) . Альбуминдердің изоэлектірлік нүктесі 4, 7 тең, олар күшті гидратацияланған. Альбуминдер тазартылған суда, NaCl әлсіз ертіндісінде, Na2SO4 және NaCl қаныққан ертіңділерінде, (NH4) 2SO4 жартылай қаныққан ертіндісінде ериді де, (NH4) 2 SO4 қаныққан ертіндісінде ерімейді.

Slide 6

Глобулиндер

Бұл ақуыздардың молекулалық салмақтары альбу-миндерге қарағанда жоғары олар әлсіз қышқылдық немесе бейтараптық қасиет көрсетеді . Глобулиндердің изоэлектрлік нүктесі 6-7, 3 аралығында, олар әлсіз гидратацияланған. Глобулиндер NaClәлсіз ертіндісінде ғана ериді, ал басқа еріткіштердің (тазартылған судың, Na2SO4 мен NaCl қаныққан ертінділерінің, (NH4) 2SO4 жартылай және толық қаныққан ертінділерінің) әсерінен ерімейді. Сонымен қатар кейбір ақуыздар глобулиндерге жатқанымен ерекше қасиет көрсетеді.

Slide 7

Домендік ақуыздар

Домендік ақуыздардың бір полипептидтік тізбегінің бойында екі немесе оданда көп ерекшеленген және бір-бірімен пептидтік көпірмен байланысқан глобулдер, яғни домендер түзіледі. Домендік құрылымды ақуыздарға иммуноглобулиндер жатады.

Slide 8

Домендік ақуыздар

Жеңіл полипептидтік тізбектері екі домендік, ал ауыр полипептидтік тізбектері төрт доменді түзеді. Осындай құрылымды иммуноглобулиндердің құрылымы деп атайды.

Домендік ақуыздардың құрылыымдық негізін дисульфидтік байланыстармен байланысқан екі жеңіл және екі ауыр полипептидтік тізбектерді құрайды.

Slide 9

Фибриллярлы ақуыздар

Табиғатта кератиндер альфа және бета конформациялық түрінде кездеседі. Бетта кератиндерге өрмекшінің торының ақуыздары және фиброиндер жатады, олар қатпарлы екінші реттік құрылым түзеді, бірақта кератинрде полипептидтік тізбектер паралельді, ал фибрионда антипаралельді, сонымен қатар кератинде тізбек аралық дисульфидтік байланыстары бар да, фиброинда олар жоқ.

Жібек фиброинның әрбір екінші аминқышқылына глицин жатады, Сондықтан жібек ақуызы жеңіл иілгіш келеді. Жібек және өрмекші ұясының ақуыздары суда ерімейді.

Терінің эпидермисінің, шаштардың, жүндердің, тырнақтардың құрамына негізінен альфа кератин кіреді. барлық альфа кератиндердің полипептидтік тізбектері альфа серіппелі конформация түзеді.

Slide 10

Глобулярлық ақуыздар

Полипептид тізбектері сфера немесе эллипс тәрізді тығыздалып бүктелген, молекулалық құрылымы шағын органикалық заттар. Молекуласының сырт жағында амин қышқылдарының полярлы топтары және зарядталған атомдары жинақталғандықтан, глобулярлы белоктардың көпшілігі суда және полярлы ерітінділерде жақсы ериді. Табиғаттағы барлық ферменттер, антиденелер, кейбір гормондар жəне өсімдіктер мен жануарлардағы қоректік белоктар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар, проламиндер, глутелиндер) глобулярлы белок болып табылады.

Slide 11

Коллаген, элластин,

ретикулиннің құрылысы

Коллаген - адам организмінің ақуыздарының шамамен үштен бір бөлігі коллагенге жатады. Мықты және аз созылатын ұлпалардың (сүйек, сіңір, шеміршек, тері және т. б. ) құрамына негізінен коллаген кіреді. Коллагеннің аминқышқылдарының үштен бір бөлігі глицинге, төрттен бір бөлігі пролинге және оксипролинге жатады.

Элластин - бұл ақуыз әлсін-әлсін созылып және қысқарып тұратын ұлпалардың өкпенің, қан тамырының, желке сіңірінің құрамыына кіретін негізгі ақуызға жатады. Эластин мен коллагеннің ұсастығына олардың құрамына глицин мен пролиннің көп мөлшерде кіруі жатады.


Ұқсас жұмыстар
Ақуыз құрылысы
Ақуыз қасиеттері
Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы және қызметі
ДНҚ және РНҚ құрылымы
Жеке ақуыздар құрылысының ерекшеліктері
Балықты жылумен өңдеу
Аминқышқылдардың стереоизомериясы, жіктелуі, реакциялары
АМИНҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ ӨНДІРУ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖАЙЛЫ
Ферменттердің ұнның пісіру қасиеттеріне әсері
Энтеровирустардың этиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz