Ағзаның ауыстырылмайтын заттары


Slide 1

Мазмұны

01

02

03

04

Тағам биохимиясы

Витаминдер

Ағзаның ауыстырылмайтын заттары

Майда еритін витаминдері

Slide 2

Тағам биохимиясы

Адам тағамының биохимиялық негіздері. Толық бағалы та, ам келесі құрамда болады:

Энергия алмасу

Ауыстырылмайтын аминоқышқылдар

Ауыстырылмайтын май қышқылдары

Витаминдер

Минералды тұздар, клетчатка, су.

Көмірсулар - адам тағамының энергиялық көзінің негізгісі - ең арзанстағамы. Дамыған елдерде көмірсулардың 40% -ға жуығы рафинадталған қанттың үлесінде, ал 60%-ы крахмал түрінде қабылданады. Аз дамыған елдерде крахмалдың үлесі жоғары.

Майлар - бұл да энергияның шығу көзінің бірі. АТФ-де көмірсулармен салыстырғанда, баяу қорытылады, сондықтан тоқшылық сезімінің дамуына қалыптастырады. Өсімдік тектес триглицеридтер тек энергия ғана емес, сонымен бірге, ауыстырылмайтын май қышқылдарының да көзі болып табылады.

Белоктар - энергия беру қызметі олар үшін негізгі емес. Белоктар ауыстырылмайтын және ауыстырылатын аминоқышқылдар көзі ағзадағы биоактивті заттарлың алғызаттары болып табылады. Бірақ аминоқышқылдар тотығу түскенде энергия бөлінеді. Олар көп болмасада энергиялық рационды құрайды.

Slide 3

Ағзаның ауыстырылмайтын заттары

Клетчатка - тағамның қорытылмайтын компоненті. Клетчатканың құрамында целлюза, гемицеллюлоза, лигнин, пектин болады. Бұл заттр жемістердің, көкеністердің, өңделмеген дәндердің құрамында кездеседі. АІТ - де қорытылмайды. Ағза үшін клетчатканың маңызы бұл: 1. ішектердің перистальтикасын реттеу; 2. нәжіс массасын қалыптастыру; 3 . Тоқшылық сезімін қалыптастыру; 4. Улы заттар үшін сорбент, және т. б.

Витмаминдер - бұлар әртүрлі құрылыстағы кіші молекулалы органикалық заттар, олар бір топқа келесі белгілермен жинақталған. 1. Ағзаға абсолютті және өте аз мөлшерде қажет заттар. 2. Көптеген витаминдер ағзада синтезделмейді, сондықтан сырттан түсуі қажет немесе тек ішек микрофлорасы арқылы ғана аз мөлшерде синтезделеді.

Slide 4

Ауыстырылмайтын аминоқышқылдар. Тағам белоктары аминоқышқылдық құрамы бойынша ерекшеленеді. Өсімдік тектес белоктар құрамында адам ағзасына сәйкес аминоқышқылдардың толық жиыны болмайды. Жануар белоктарының биологиялық бағалылығы жоғары. Олар ағзада жақсы қортылады.

Ауыстырылмайтын май қышқылдары. Оларға линол және линолен қышқылдары жатқызылады. Адам олардың қажеттілігін аса сезбейді, себебі, олар өсімдік өнімдерінде, балық және тауық майларында болады. Ағзада ауыстырылмайтын май қышқылдары торша мембранасы құрамында болады, бірталай биоавтивті заттардың алғызаты болып табылады.

Slide 5

Ауыстырылмайтын заттар

Ағза тіршілігінде көп жағдайда салыстырмалы түрде белгілі бір витаминнің жетіспеуі, яғни гиповитаминоз кездеседі.

Гиповитаминоздың түрлері:

біріншілік гиповитаминоз азық қорымен ағзаға белгілі бір витаминнің қажетті мөлшерге қарағанда аз түсуі;

екіншілік гиповитаминоз түрлі жұқпалы аурулардың зардабынан кейін, сіңірілу үрдісінің бұзылуынан т. б пайда болады.

Slide 6

Витаминнің ағзаға артық мөлшерде жіберілуі гипервитаминоз ауруына соқтырады, бұл көбінесе майда еритін витаминдерге тән болады. Себебі, майда еритін витаминдер ағзада артық мөлшерде жинақталып, өзінің улы, зиянды әсерін тудырады.

Slide 7

Витаминдер

Витаминдер- химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттар. Витамин латынша vіtа - өмір, тіршілік; vitman - тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор.

Slide 8

Витаминдер классификациясы

Алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы) ;

Алициклды витаминдер қатары;

Ароматикалық витаминдер қатары;

Гетероциклды витаминдер қатары.

Slide 9 Slide 10

А витамині

А витамині (аксерофтол) майда ериді, қыздырғанда ыдырамайды, тек оттегі мен күннің күлгін сәулесінің әсерінен ыдырайды. Сырт көрінісі сары май түсті зат. Сәбіздің құрамында каротин түрінде болады. Каротин 2 молекулаға бөлінгенде А1 витамині болады. Балықтың майында, етінде А2 витамині түрінде кездеседі. А1 және А2 - А витаминының түрлері.

Slide 11

Ағзада А витамині жетіспеген кезде:

эпителий қалыпты түзілуі бұзылады;

көздің қасаң қабаты қатты зақымданады, соның салдарынан соқыр болып қалады.

алғашқы белгісі тауықкөз ( түнгі суқараңғы) болады.

иммунитеттің төмендеуі;

тері аурулары;

тынысалу мен асқорыту ауруларына әкеліп соқтырады.

Slide 12

С витамині

витамины (аскорбин қышқылын) антицингалық фактор деп те атайды. Бұл организмде жетіспесе, құрқұлақ (цинга) ауруы пайда болады және қан тамырларының, әсіресе капилляр тамырларының серпімділігі төмендейді. С витамині көкеністер мен жемістерде көп болады, әсіресе капустада, картопта, пиязда, бұрышта, жемісөжидекте жеткілікті мөлшерде болады.

Slide 13

Д витамині

Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немес рахит (грек. рахис - омыртқа) ауруы пайда болады. Ол Англияда жиі тараған ауру, сондықтан оны ағылшын ауруы деп та атайды. Күн сәулесә аз болатын аймақта, қыс кезінде туған балаларда мешел жиі байқалады. Мешелмен ауырған балада кальцидің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан олардың сүйектері дұрыс өсіп жетілмейді. Сүйектер жұмсарып, борпылдақ болады,

Slide 14

Рахит сырқатына ұшыраған балаларды кварц шамының сәулесімен қыздырса, емдік әсер ететінін 1919 жылы Гульдчинский анықтаған.

XVIII ғ. соңына қарай дәрігерлер рахит ауруын емдеу үшін тамаққа балық бауырының майын қосуға болатынын анықтады.


Ұқсас жұмыстар
Тағамдық заттардың қызметі
Адам тағамының құрамы
Органикалық және минералды компаненттер
“Балалар мен жасөспірімдер арасындағы рационалды тамақтануды ұйымдастыру”
Дәрумендер тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше ағзалық қосылыстар
Амин қышқылдар
Витаминдер тіршіліктің ауыстырылмайтын факторы
Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері
Витаминдер
Мүшелер және ұлпалар биохимиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz