Әлеуметтік институт, оның мәні


Slide 1

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ

Әлеументтік - гуманитарлық пәндер кафедрасы

Тақырыбы: Негізгі әлеументтанулық бағыт тұрғысынан қоғамдағы кезкелген құбылыс туралы.

Орындаған : Кәрімжан. К

Тобы : В-ЖМҚА-07-19

Қабылдаған :Қаратаева. Ф

Slide 2

Негізгі әлеументтанулық бағыт тұрғысынан қоғамдағы кезкелген құбылыс.

Slide 3

Мазмұны:

01

02

03

04

Әлеуметтік ұйымдар, олардың түрлері.

Әлеуметтік ұйымдардың қоғамдағы рөлі.

Әлеуметтік институт, оның мәні.

Әлеуметтік институттардың негізгі функциялары.

Slide 4

Әлеуметтік ұйымдар, олардың түрлері.

Тұлға, отбасы, топ, қауымдастық - әлеуметтік құрылымның адами

материалдары. Алайда адамдар қоғамда жай механикалық түрде біріге салмайды,

белгілі бір жағдайда, белгілі бір қажеттілікпен ұйымдасады, біреуі

басқарушылық функция атқарса, екіншісі - басқарылады, біреуі ой еңбегімен

айналысса, екіншісі дене еңбегімен айналысады және т. б. Сөйтіп бірін бірі

толықтырып, белгілі әлеуметтік бірлікті (единица) құрап, ұйым деген атқа ие

болып әлеуметтік құрылымның маңызды элементіне айналады.

Ұйым түсінігінің әртүрлі мәні бар, бірақ негізінен үш мағынада

қолданылады.

Slide 5

01

02

03

Біріншіден, ұйым деп белгілі әлеуметтік функция атқаратын

Мекемені атаймыз. Мысалы, мемлекеттік, саяси, қоғамдық,

өндірістік, ауылшаруашылық, мәдени және т. б.

Екіншіден, ұйым деп құрылымның элементтерінің тәртіптелу деңгейі,

объектінің ішкі құрылымын айтамыз. Бұл мағынада объектінің жоғары немесе

төмен ұйымдасқандығы туралы айтады. Барлық әлеуметтік объектілердің өзінің

ұйымы бар, яғни өзін құрайтын элементтердің байланыстары бар.

Үшіншіден, ұйым деп бір нәрсені ұйымдастыруға, әлеуметтік объектілер

қызметін үйлестіруге бағытталған адамның қызметі түсіндіріледі. Бұл

мағынада митингілерді, демонстрацияларды, спорттық кештерді және т. б.

ұйымдастыруды айтады.

Slide 6

Сонымен әлеуметтік ұйымдар -

әлеуметтік жүйенің маңызды элементтері ретінде қоғам мүшелері үшін

әлеуметтік мәнді қатынастарды тәртіпке, ретке келтірудің, тиянақтаудың,

оларды міндетті етудің негізінде қалыптасады. Әлеуметтік ұйымдар дегеніміз белгілі

бір әлеуметтік топтар мен индивидтердің мүддесін білдіріп, оны қорғайтын, алдына

қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған

материалдық көмек көрсететін, мүшелерінің арасында еңбек бөлінісі жүзеге асқан,

Төменнен жоғарыға дейін тұрақты ұйымдық құрылымы бар, өзін-өзі басқаратын

азаматтардың бірлестігі.

Slide 7

Әлеуметтік институт, оның мәні.

«Әлеуметтік институт» ұғымы қоғамдық байланыстарды стандарттау, реттеу, заңдастыруды сипаттайды. Ал сол

стандарттау, реттеу, заңдастыру процесін

«институттану» дейді.

Ол заңдастырылған немесе

заңдастырылмаған ережелер, принциптер,

нормалар мен бағдарларды құрайды. Бұлар адамдардың әрқилы қызметтерін, әркелкі іс-әрекеттерін бір әлеуметтік рольдер мен

статустар жүйесіне, іс-әрекеттер жүйесіне ұйымдастыру үшін керек.

Slide 8

A

B

C

D

Қоғам - әлеуметтік институттардың біртұтас жүйесі. Әлеуметтік институттардың әрқайсысы өзінің функцияларын, міндеттерін атқара отырып, қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын

қамтамасыз етеді. Қоғамдағы орнына, атқаратын міндеттеріне, қызметінің

сипатына қарай оларды ғалымдар бірнеше топқа біріктіре отырып

қарастырады.

Айталық, бірінші топта - экономикалық институттар. Олар ұлт

тық және трансұлттық

корпорациялар, қоғамдық

өндірісті, шикізат өнімдерін

өңдеуші барлық зауыт, фабрика

лар, экономикалық бірлестіктер,

шағын және орта кәсіпорындар

мен шаруашылықтар, индустрия

және ауыл шаруашылығында

қызмет көрсетуші субъектілер,

шару шаруашылықтары,

экономика институттарын өзара

байланыстырушы жүйелер,

банктер т. б.

Slide 9

Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген

қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдар ға қатысты өзінің негізгі

функцияларын - біріктіру қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеумттендіру, рухани және мәдени

даму, т. б. орындай алмас еді. Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынас

тары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың

мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады. Ең

алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар

арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты

болып табылады.

Slide 10

Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды

тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау

процесі институционалдандыру деп аталады.

Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік

ұйымдастыруға қажеттілігін ұғынуы барысында сол

қажеттілікті қанағаттандыра алатын әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді.

Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдем

десетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар

қалыптасады, институттың барлық мүшелерін

қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады.

Slide 11

Әлеуметтанудың обектісі мен пәні.

Объект дегеніміз - бізді қоршап

тұрған объективтік нақтылы өмір, ол

қоғам, адамдар, оның алуан түрлі

бірліктері (отбасы, топ,

тап, әлеуметтік мекемелер,

институттар, мемлекет, т. б. ), тіпті

адамның өзі, оның

барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы,

тәртібі, т. б.

Бұлар зерттелетін объекті

болғаннан кейін

субъектіден тәуелсіз, тыс

өмір сүреді. Оларды адам

өзінің теориялық немесе

Практикалық мәселелерін

шешу арқылы алға қойған

мақсатына жету үшін

Пайдаланады.

Slide 12

Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың

ортасында атақты француз

әлеументтанушысы Огюст Конт енгізді.

Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің

осы ғасыр ішінде рет ауысына байланысты

ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты.

Slide 13

Әлеуметтанудың зерттеу объектісі

Әлеуметтанудың зерттеу объектісі - социум деп аталатын әлеуметтік

шындық. Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда екі түрлі

мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік шындық - қоғамның өзі немесе қоғамдық өмір. социум, қоғам деген ұғымдар

синонимдер ретінде қолданылады. Тар мағынада алғандағы әлеуметтік шындық дегеніміз - адамдардың әртүрлі деңгейдегі өзара іс-әрекетінен пайда болған құбылыстармен, процестермен тығыз байланысқан

қоғамдық болмыстың қасиеті, бір қыры. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз - қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы

қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік

ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез- құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқалуы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған

себептер және олардың

нәтижелері.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Қаржы институттарының дамуы
Мәдениет саласындағы ғылымның функциялары
Әлеуметтік басқарудың мәні,мазмұны
Философия ғылымның ғылымы немесе Философия - ғылымның патшайымы
Қоғам және әлеуметтік институттар
Білім беру әлеуметтік институт ретінде және оның қазіргі қоғамдағы алғышарттары
Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты
Әлеуметтік институттар
Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру
Қазақстан Халқы Ассамблеясы саяси институт ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz