Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар




Презентация қосу
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ
Әлеументтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы

Тақырыбы: Әлемде болған қоғамдық қозғалыстар:
қоғамға әсер ету түрлері, себеп-салдарлық байланыстар
мен
қатынастар.

Орындаған : Кәрімжан.К
Тобы : В-ЖМҚА-07-19
Қабылдаған :Қаратаева.Ф
Жоспар:
Әлемде (соңғы жарты ғасырда) болған қоғамдық
1 қозғалыстар

Қоғамдық қозғалыстар туралы түсінік,белгілері,қызметі

3 Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар

4 Қоғамдық-саяси қозғалыстардың типтері.
Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін
білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті
түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі
басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін
іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның
саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен
қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық,
жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және
бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар
ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық)
одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық,
мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.Қоғамдық ұйымдар
арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір
мектебінен өтеді.
Қоғамдық бірлесік
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

Қоғамдық –саяси мүдделеріне
сай құрылған ұйымдар. Бұған
алдына саяси мақсаттар қойған
ұйымдар жатады. Көпшілік ұйымдардың ішінде
Экономикалық мүддесіне қарай айрықша көзге түсетіні-кәсіподақ
құрылған ұйымдар. тар.Кәсіподақ – бір мамандықтың
немесе өндірістің бір саласында
Таптық белгісіне сай ұйымдар еңбек ететін адамдарды
(кәсіподақтар, шаруалар біріктіретін қоғамдық ұйым.
одағы)Қызмет түріне қарай
құрылған ұйымдар.
Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген
саяси партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып,
солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл
атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай
келісе қимылдау, әсресе, Ұлыбритания, Германия,
Скандинавия елдеріне тән.Бұл елдерде жұмысшы табының
арасында
социал-демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға
идеологиялық және саяси жағынан әсер етеді. Кәсіподақтар
қамқошы партияны күшейте түсуге және олардың үкімет
басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл
үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек
нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Мұндайды
«жауапты» кәсіпорын дейді.
Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді:

1. Жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс
жағдайын түзетуге арналған өкімет тарапынан жекелеген
жеңілдіктердің болуы.
2. Үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау.
3. Кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен
сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен
бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды
өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан
қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін
немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі. Саяси
қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп
болады.
Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды.
Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады. Көбінесе қозғалыстар стихиялы
түрде пайда болады. Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси
қозғалыстар:
• Консервативтік.
• Реформистік.
• Революциялық.
Контрреволюцялық болып бөлінеді.
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және
мынадай сатылардан тұрады:
Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі –
«Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар,
әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің
мүддесін қамтитын мәселерді шешуге бағытталған
бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық
принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді.
Онда қатаң айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі
болмайды. Оның құрамында қалың бұқара халықтың
мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар жастар
және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін.Халық майдандарының
мынадай түрлері бар:
Қоғамдағы батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге
келіп қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған
халық майдандары.
Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар

Қазіргі уаққыта мынадай саяси қозғалыстар бар:
Консервативтік бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу,
оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар
мен институттарға ерекше сенім арту:
Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды
бірте – бірте реформалауды мақсат етеді:
Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді демократиялық
тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни,
бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі:
Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттік капитал
мүддесіне бағыну, қызмет ету, жеке- дара белсенділікті,
әлеуметтік - теңсіздікті қолдау, дәстурлі моралдық
мұраттарды дамытуды көздейді.
Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар қоғамның
әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер
жасау арқылы дамудың прогрессифті жолына түсуді
көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық
қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған
мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады.
Егемендік, тәуелсіздік алу қоғамдық-саяси ұйымдар мен
қозғалыстардың жұмысын түбірінен қайта құруға объективті негіз
қалады. Ұйымдар мен қозғалыстар саяси процеске тартылды,
өмірді өзгерту және жақсарту олардың іс-әрекетіне де байланысты
деген түсінік әрбір адамның санасына ене бастады.Бұл-
тоталитарлық саяси режімнен демократиялық өмірге енудің
айғағы болды. Бұқараның іс-қимылының артуына, көптеген саяси-
қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өмірге келуіне жағдай
жасады.
Қозғалыс

Қозғалыстың, әдетте, ұйымдық құрылымы және тіркелмелі мүшелігі
болмайды. Мүдделерінің ортақтығы жағдайында оған әртүрлі
идеялық бағыттағы адамдар қатысуы мүмкін, қозғалыс құрамы кең,
бұқаралық сипатта, өзгермелі. Қоғамдық қозғалыстардың
мақсаттары мен міндеттері әртүрлі - әлеуметтік, саяси, рухани-
мәдени және т.б. болады. Көбіне бұл мақсаттар қүбылмалы,
өзгермелі және кеңейіп отырады. Қоғамдық қозғалыс, егер ол билік
институттарына ықпал етуді, сайлау кампанияларына қатысуды,
мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының шешім қабылдауына эсер етуді көздесе, қоғамдық-
саяси болып табылады. Қоғамдық қозғалыс қызметі мәселелерінің
саяси қыры олардың саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен,
бейресми мүдделер тобымен қарым-қатынасын қарастыруы мүмкін.
А.Бентлидің пікіріне сәйкес, саясат дегеніміз – белгілі бір
топтарға ұйымдасқан адамдардың өздерінің мақсаттары мен
мүдделеріне жету үшін өзара әрекеті мен күресі процесі.
Мүдделі топтар – бұлар ерікті ұйымдар, олар оған кіретін
адамдардың басқа да топтармен және саяси институттармен,
сондай-ақ ұйымдардың өз ішіндегі өзара қарым-
қатынастарындағы мүдделерін білдіру үшін және ұсыну үшін
құрылады.
Топтардың бәсекелестігінде ұйымдасқан мүдделердің едәуір
бөлігі азаматтық қоғам жолымен қанағаттанады. Бірақ
бірқатар жағдайларда топ мүшелерінің ұжымдық
қажеттіліктерін іске асыру биліктің шешімдерін талап етеді.
Қазіргі уақытта әрбір елде ондағы қалыптасқан нақты жағдайды
көрсететін қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар аз емес.
Соңғы жылдары Қазақстан аумағында көптеген қоғамдық ұйымдар
мен қозғалыстар пайда болды. Бүгінде біздің еліміздің қоғамдық
өмірінде
мыңдаған қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әрекет етуде, олардың
қоғамдағы ролі артып келеді. Қазақстан халқының бұқаралық
санасының құрылымында жаңа демократиялық көңіл-күйдің және
гуманистік құндылықтардың пайда болуы қоғамдық ұйымдар мен
қозғалыстардың бұрынғы, көбіне тиімсіз формаларынан азат етілген
Қазақстанның әлеуметтік-саяси кеңістігін толтыруға қабілетті
азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің жаңа түрлерін туындатады.
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың тағы бір қызметі
саяси-қоғамдық құрылымдардың жаңа үлгісін жасау,
әлеуметтік байланыстардың дәстүрлі емес формаларын іздеу
мен сынап көру болып табылады. Қоғамдық, өзіндік әрекетті
сипаттағы ерікті бірлестіктер әлеуметтік сынақ жүргізудің,
халықтың әлеуметтік белсенділігінің жаңа өзін-өзі басқару
формасын іздеу мен іске асырудың теңдесі жоқ жолы бола
алады.
Қорытынды
Қоғамдық қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар мен мекемелердегі
лоббизм - билік институттарының жұмыс істеуінің ресми жүйесі мен
үдерістерінен тыс іске асырылатын астыртын қызметі болып
табылады. Лоббизмнің барысында ықпалды ептілер мен
саясаткер-лоббистер белгілі бір топтарға қажетті заң жобаларын
қорғауға, талап етілген үкімет шешімдерін қабылдауға немесе сол
үшін тиімді мемлекеттік тапсырысты жасауға ұмтылады. Жеке
кездесулер, байланыстар, келіссөздер, «басып шығарушыдан»
хаттар мен жедел хаттарды табыстау, ғылыми зерттеулердің
нәтижелері баяндалған мәтіндер, қоғамдық пікірдің сауалнамалары
және т.б. осы мақсатқа пайдаланылады.
Әдебиеттер:

1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде,
біл болашақ.Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17
қаңтар.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті -
Ұлт
Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
//Егеменді Қазақстан. 31 қаңтар 2017 ж.
3. Назарбаев Н.Ә. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» 12сәуір 2017 ж.
4.Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы.
2-басылым. – Алматы: «Қазақ университеті», 2012. – 224с.
Назарларыңызға р
ақмет!

Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялардың қалыптасу тарихы
САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Демократияны негіздеу
М. С. Горбачев реформасы тұсындағы Қазақстан (1985–1991 жж. )
Ежелгі Рим демократиясы теориялары
Саяси қозғалыс
Халықаралық қатынас
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
Саяси билік инстуттары
Әлеуметтік қозғалыстар теориялары
Пәндер