Торлы құрылымның физиологиясы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
Дайындаған:Кәрімжан К
Тобы:В-ЖМҚА-07-19
Қабылдаған:Оразбаева Ж
ШЫМКЕНТ 2020
Презентация тақырыбы: Торлы құрылымның физиологиясы

Мазмұны
01
02
03
04
Бас миы
Торлы құрылым
Ортаңғы ми, артқы ми, сопақша мидың құрылысы мен қызметтері.
ОЖЖ-ның бөлімдері

Бас миы
Орталық жүйке жүйесінің екінші үлкен бөлімі бас миы. Адамдарда орта есеппен мидың салмағы еркектерде 1375 г, әйелдерде 1245 г, тік қимасы 16-17 см, көлденеңі-14 см, көлемі-1220 куб см болады.
Ми бас сүйегінің ішінде орналасады. Дамуына, құрылыс ерекшеліктеріне және қызметтеріне байланысты ми бес бөлімге бөлінеді
1. үлкен ми
2. аралық ми
3. ортаңғы ми
4. артқы ми
5. сопақша ми
Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі - ми

Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді.
иіс,
көру,
көз қимылдатқыш,
шығыршық,
үшкіл,
бұру,
бет,
дыбыс,
тіл-жұтқыншақ,
кезеген,
қосымша тіласты жүйкелері жатады.

Ми бөлімдері
1. Үлкен ми-милардың ішіндегі ең үлкені, ол ми сауытының едәуір бөлігін толтырып тұрады. Үлкен миды тік бағытта дәл ортасынан терең ұзынша жүлге мидың екі сыңарына бөледі. Оларды оң және сол жақ ми сыарлары деп атайды. Бұл ми сыңарлары дәнекер ақ дене арқылы бірігеді.
2. Аралық ми- аралық ми ортаңғы мидың және мидың ақ затының үстінде орналасады. Аралық миға таламус(көру төмпегі) пен гипоталамус және оның ішкі қуысы мидың 3-ші қарыншасы жатады.

1. Ортаңғы ми -мидың сабақшасынан төрт төмпешіктен, мидың қуысы ми суағарынан және ми бүркенішінен құралады. Төрт төмпешіктер мишықтың алдыңғы жағында жатады, оның алдыңғы екеуінде бағдарлап көру орталығы, артыңғы екеуінде бағдарлап есту орталығы жатады. Ортаңғы мидың ақ затының арасында күңгірт заттар жатады. Оларды орталық сұр зат, қызыл ядролар, қара субстанция деп бөледі.
2. Артқы ми - артқы ми екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп атайды. Ми көпірі сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ жал. Ол үстіңгі жағынан ортаңғы мимен шектеледі . Мидан шығатын 12 жұп нервтердің сегізі артқы мидан тарайды. Олар мыналар: үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тіл асты нервтері.

5. Сопақша ми -сопақша ми тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі. Сондықтан құрылысы жағынан жұлынға ұқсас болады. Орталық түтік мидың 4-ші қарыншасын түзеді. Сопақша мида 8-12-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Сопақша мида тыныс алу, ас қорыту, қан айналым және басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол жұлын сияқты рефлекстік, өткізгіштік қызметтер атқарады.


Торлы құрылым
Торлы құрылым негізінен орталық жүйке жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді: жұлын, мишық және үлкен ми сыңарлары. Ол жұлынның белсенділігін арттырып немесе тежеп отырады. Торлы құрылымның әсерінен жұлынның байланыс жолдары жеңілденіп, әлсіз тітіркендіргіштің өзіне жұлын рефлекстері толығынан және жақсы пайда болады.
Ал тежеп әсер еткенде жұлын рефлексі әлсіреп, нашарлап тітіркендіргіштің күшті әсерін қажет етеді. Ми сыңарларына белсенділендіріп әсер етуіне байланысты оның қозғыштығы төмендеп, адам ұйқыға кетеді. Торлы құрылымның әсеріне байланысты рецепторлардан келген арнайы мәліметтер ми сыңарларында талданып, дұрыс ұғым пайда болады.

Ол бірнеше жүйкелік жолдарды бөлінеді Афференттік жолдары:
жұлын-торлы құрылым жолы,
ми-торлы құрылым,
ми қыртысы-торлы құрылым;
Эфференттік жолдары:
торлы құрылым-жұлын,
торлы құрылым-ми жолы,
торлы құрылым-ми қыртысы жолы.

Торлы түзіліс тарихы
Ретикулярлы формацияны ең алғаш 1898 жылы Бехтерев В. М және 1909 жылы Рамон-Кахал өткізгіш талшықтардан тұратын, жекелеген нерв элементтерінің диффузды жинақталысы деп сипаттады. Ми сабауындағы арнайы ядролардың арасында өсінділері бар нейрондар тор түзе, тығыз орналасқан, осы түзіліс ретикулярлы формация деп аталады.

Торлы құрылым
Торлы құрылым ми бағанының ортаңғы бөлігін алып жатыр. Құрылымдық-функционалдық критерилерге байланысты торлы түзіліс 3 бөлікке бөлінеді:
медиандық орталық сызық бойында орналасқан;
медиальды, сабаудың медиальды бөлігінде орналасқан;
латеральды, сенсорлық аймаққа жақын орналасқан нейрондар.

Торлы құрылым
Медиандық аймақ - нейрондары серотонин медиаторын синтездейтін, ядролы жіп тәрізді элементтерден құралған. Бұл бөлік ағзадағы қозғыштық қасиеті мен жыныстық қабілетке, және ұйқыны реттеуге қатысады.
Медиальды аймақ- тарамдалмайтын ұсақ нейрондардан тұрады. Бұл бөлікте өте көп мөлшерде ядролар орналасқан, арасында дендриттермен тығыз байлансқан мультиполярлы нейрондардар кездеседі. Бұлар мидағы үлкен жарты шарлардағы қыртыстарға жоғарылыған, ал жұлынға төмендеген нерв талшықтарын түзеді.
Латеральды аймақ - ми сабауындағы сенсорлық аймаққа жақын орналасқан торлы түзілістер, жане осы түзіліс ішінде орналасқан нейрондар жатады. Бұл бөліктің құрлымдық бірлігі үшкіл невтің ядроларымен байланыс түзетін ядролар болып табылады.

Торлы құрылымды ашқан
Торлы құрылымды алғаш XIX ғасырдың аяғында Дейтерс ашқан. XX ғасырда оның морфологиясы терең зерттеліп, көптеген ерекшеліктері анықталған.

Торлы құрылым

ОЖЖ-ның бөлімдері
ОЖЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми, ораңғы ми, мишық, аралық ми, алдыңғы ми, жатады. Орталық жүйке системасы организмнің барлық системаларының қызметін біртұтас біріктіріп, сыртқы ортамен өзара қатынасын реттейді.
Жүйке системасының біртұтастық қызметі үш түрге бөлінеді: сенсорлы, моторлы және вегетативті. Адамның сенсорлы және моторлы қызметі қосылып, соматикалық болып аталады.
Соматикалық қызметті қамтитын бағыт барлық орталық жүйке системасына таралады-жұлыннан бастап ми сыңарларына дейін.
ОЖЖ дегеніміз - адам мен омыртқалы жануарлар жүйке жүйесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Орталық жүйке жүйесі өз қызметін рефлекс түрінде атқарады. Рефлекс деп организмнің әр түрлі ішкі немесе сыртқы әсерлерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабын айтады. Ал, рефлекстің атқарлуын қамтамасыз ететін анатомиялық жолды рефлекс жолы, немесе рефлекс доғасы дейді.
Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Дененің белгілі бір рефлекс тудыратын аймағын рефлексогендік аймақ, немесе рефлекс өрісі деп атайды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz