Жүрек ырғағы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

Дайындаған:Кәрімжан К

Тобы:В-ЖМҚА-07-19

Қабылдаған:Оразбаева Ж

ШЫМКЕНТ 2020

Презентация тақырыбы: жүректің қақпақшалық аппараты

Slide 2

Жүректің қақпақшалық аппараты

Slide 3

Мазмұны

Slide 4

Жүрек циклі. Клапанды аппараттың мәні.

Адам жүрегі - қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0, 425-0, 570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12-15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8-10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.

Slide 5

Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы және айшық.

Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.

Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу) . Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.

Slide 6

Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті.

Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне (электрлік, механикалық, химиялық және т. б. ) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады.

Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0, 8-1, 0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0, 8-0, 9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2, 0-4, 2 м/с жылдамдықпен таралады. Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң - папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады.

Slide 7

Жүрек ырғағы.

Жасы, жылдар

1 минуттағы жүректің жиырылу саны

Жаңа туған нәресте

120-140

5 жасқа дейін

130

5-10

88

10-15

78

15-60

68-72

Жүрек ырғағы, яғни 1 минуттағы жиырылу саны негізінен жылжымалы (адасқан) және симпатикалық жүйкелердің (нерв) функционалдық күйіне байланысты болады. Симпатикалық жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі артады. Осы құбылыс тахикардия деп аталады. Жылжымалы жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі төмендейді - брадикардия. Жүрек ырғағына ми қыртысының күйі әсер етеді: тежелу артқанда, жүрек ырғағы баяулайды, қозу үрдісі күшейгенде, қуаттанады. Жүрек ырғағы гуморальды әсердің ықпалынан да өзгеруі мүмкін, әсіресе жүрекке келетін қанның температурасының өзгеруі кезінде.

Slide 8

Жүрек қызметінің көрсеткіштері.

Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалық және минуттық көлемі жатады. Жүректің систолалық немесе соққы көлемі дегеніміз - әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Систолалық көлемнің шамасы жүректің өлшеміне, миокард күйіне және ағзаға байланысты. Салыстырмалы тыныштықтағы ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық көлемі шамамен 70-80 мл- ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның 120-160 мл көлемі келіп түседі.

Жүректің минуттық көлемі дегеніміз - жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л құрайды.

Жүректің систолалық және минуттық көлемі қанайналымның барлық аппаратының қызметін сипаттайды.

Slide 9

Систолалық тон. Осы тонның пайда болуына негізінен атриовентрикулярлы клапандар қатысады. Қарыншалардың систоласы кезінде атриовентрикулярлы клапандар жабылып, олардың жармалары (створкалары) мен оған бекітілген сіңір жіпшелерінің тербелісі І- ші тонды береді. Сонымен қатар І- ші тонның пайда болуына қарыншалар бұлшықетінің жиырылуы кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар да қатысады. Өзінің дыбыстық ерекшеліктері бойынша І - тон- созыңқы және төмен.

Диастолалық тон қарыншалардың диастоласының басында протодиастолалық фаза кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде пайда болады. Осы кезде қақпақшалар жармаларының тербелісі дыбыстық құбылыстардың көзі болып табылады. Дыбыстық сипаттамалары бойынша ІІ- ші тон қысқа және жоғары. Жүректің жұмысын онда пайда болатын электрлік құбылыстар бойынша да жорамалдауға болады. Оларды жүректің биопотенциалдары деп атайды және олар электрокардиографтың көмегімен алынады. Алынған биопотенциалдар электрокардиограмма деп аталады.

Жүрек тондары- жұмыс жасап тұрған жүректе пайда болатын дыбыстық құбылыстар. Тонның екі түрі бар: систолалық және диастолалық.

Slide 10

Жүрек қызметі

Жүректің жиырылуы оның бұлшықетінде периодты түрде пайда болатын қозу үрдістерінің салдарынан болады. Жүректегі қозу онда жүріп жатқан үрдістердің әсерінен периодты түрде пайда болады. Осы құбылыс автоматия деген атқа ие болды.

Миофибрилдары аз, эмбрионды бұлшықетті тінге ұқсас және саркоплазмаға бай айрықша (атипті) бұлшықетті тіннен тұратын миокардтың белгілі бір бөліктері автоматияға қабілетті.

Айрықша бұлшықет жүректе жүрекшелер қабырғасында қуысты көктамырдың аузының тұсында орналасқан синусты- жүрекшелі (синоатриалды) түйіншектен (жүректің ырғағын басқарушы) және оң жақ жүрекшенің төменгі үштен бір бөлігі мен қарыншааралық пердеде орналасқан жүрекше- қарыншалар (атриовентрикулярлы) түйіншегінен тұратын өткізгіштік жүйені құрайды. Осы түйіншектен жүрекше- қарынша шоғыры (Гис шоғыры) басталады.

Slide 11

Миокард жасушасының электрлік белсенділігі

Кәдімгі жағдайда миокард жасушалары белсенді ырғақты күйде (қозу) болады, сондықтан олардың тыныштық потенциалы туралы шартты түрде ғана айтуға болады. Көптеген жасушаларда оның мәні шамамен

90 мВ-ті құрайды және ол К+иондарының мөлшерлік градиентімен анықталады. Жасушаішілік электродтар көмегімен тіркелген жүректің әр бөлігіндегі әрекет потенциалдарының (ӘП) пішіні, амплитудасы, ұзақтығы жағынан елеулі айырмашылықтары болады.

Жүрекшелер миокардының жасушаларындағы, жүректің өткізгіш миоциттеріндегі (Пуркинье талшығы) және қарыншалар миокардының жасушаларындағы 1-ші фазаның табиғаты жүйке және қаңқа бұлшықет талшықтарындағы ӘП-ының пайда болу (үдемелі) фазасының табиғатымен бірдей. Бұл фаза натрийдің өтімділігінің артуымен анықталады, яғни жасушалы мембрананың жылдам натрий каналдарының белсенділігімен анықталады. ӘП-ң шыңы кезінде мембраналық потенциалдың таңбасы өзгереді ( -90мВ-тан +30 мВ қа дейін) .

Slide 12

Қан айналым адам организміндегі бүкіл метаболизм процестерін қамтамасыз етеді. Сондықтан гемостазды жүзеге асыратын әртүрлі функционалдық жүйелер құрамына кіреді.

Қанайналым жүйенің негізі болып жүректің қызметі табылады. Жүрек қанды насос тәрізді қантамырларына айдайды және оның үздіксіз айналымда болуын қамтиды. Осыған орай, жүректің функциялары болып қаннның біраз мөлшерін сақтау мен жүрек жиырылуы кезінде қанайналымының үлкен және кіші шеңберіне айдау болып табылады.

Қан айналым жүйесі

Slide 13 Slide 14

Үлкен қан айналым шеңбері.

1. Қолқа

2. Жоғарғы қуысты вена

3. Төменгі қуысты вена

Ұлпада газ алмасу:

ұлпада-О2

венада-СО2

Кіші қан айналым шеңбері.

1. Өкпе бағаны

2Өкпе артериясы

3Өкпе венасы

Slide 15

Систолалық және минуттық қан көлемі

Систола кезінде әр қарыншадан шыққан қан мөлшері жүректің систолалық қан көлемі не екпінді мөлшері деп аталады. Ол ересек адамдарда 70-80 мл СҚК ін жүрек соғуынының минуттық санына көбейту арқылы жүректің минуттық қан көлемін есесптеп шығарады. Жүрек минутына 75 рет соқты делік, ал систолалық қан көлемі 70мл болса МҚК 75×70= 5250 мл болады.

Клиникада жүректің МКҚ Фик әдісімен анықтайды.

Slide 16

МҚКін венаға қан құйылған бояудың (Стюарт пен Гамильтон әдісі ) не радиоактивті заттың қанда жылжу жылдамдығы мен оның қанда еру дәрежесі арқылы есептеп шығаруға болады.

60 × J

МҚК = -- = л/мин

С×Т

Систолалық көлем (СК) -систола кезіндегі қарыншадан артерияған түскен қан көлемі (70 мл) шамасында.

СК = МҚК : ЖЖЖ

Slide 17

Электрокардиограмма


Ұқсас жұмыстар
Жүрек аритмиясы
АҚАУЛАРЫ ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ
Кардиостимулятор құрылысы және жұмыс жасау негізі
Аритмиялар
Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
Жүрек - тамыр жүйесінің төтенше жағдайлары
Стресс ұғымы
Жүрек гликозиттерінен улану
Клиникалық өлім
Қан айналысының жетіспеушілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz