Ерекшеліктеріне байланысты қылтамырлардың бөлінуі


Slide 1

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

Орындаған : Кәрімжан. К

Тобы : В-ЖМҚА-07-19

Қабылдаған:Кулахметовна. А

Тақырыбы :Микроциркуляция.

Slide 2

01

02

03

04

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қанайналым қызметтері

Микроциркуляция туралы түсінік

Артериолалар, метаартериолалар, капиллярлар, т. б

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Микроциркуляция дегеніміз - (грек. Mikros кіші, + лат. Circulatio - айналым) организмнің тіндер деңгейінде биологиялық сұйықтықтардың транспорты: капиллярлық микротамырлар арқылы қанның қозғалысы( капиллярлық қанаайналым), клеткааралық кеңістікте интерстициалды сұйықтықтар мен заттардың өтуі және лимфа микротамырлары арқылы лимфаның транспорты.

Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реакциясын қамтамасыз етеді.

Slide 4

Қанайналым қызметтері:

тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді) ;

терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады) ;

қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді) ;

гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау) .

Қан тамырлары (лат. vasa sanguinea) - адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.

Қан тамырлары: қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға -артерияларға, қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға - веналарға және оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша - артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша - венула) бөлінеді.

Slide 5

Микроциркуляция дегеніміз - (грек. Mikros кіші, + лат. Circulatio - айналым) организмнің тіндер деңгейінде биологиялық сұйықтықтардың транспорты: капиллярлық микротамырлар арқылы қанның қозғалысы( капиллярлық қанаайналым), клеткааралық кеңістікте интерстициалды сұйықтықтар мен заттардың өтуі және лимфа микротамырлары арқылы лимфаның транспорты

Микроциркуляция туралы түсінік

Slide 6

Микроциркуляция

Микроциркуляция тамырларына диаметрі 250 мкм-ден төмен (жіңішке тамырлар), артериолалар, метаартериолалар (диаметрі 10-25 мкм) капиллярлар, посткапиллярлар, венулалар (диаметрі 50 мкм) және артериоловенулярлық анастомоздар жатады. Әрбір ағзаның құрылысына сәйкес микротамырлардың құрылым ерекшеліктері болады. Кейде капиллярға бөлінген тамырлар венулалар құрап қайтадан екінші рет капиллярларға бөлінеді. Капиллярлар бір-бірімен көлденең байланысып тор жасайды. Венулалар кеңіп синус құруы мүмкін. Метаартериолалардың қабыпғасында бір қабат бірыңғай салалы ет талшықтары сақина тәрізід орналасқан, ал капиллярлардың алдында мұндай ет талшықтары жиналып жапқышты құрады, кейбіреулердің ойынша посткапиллярларда да жапқыш болады. Жапқыш артериоловенулярлық анастомоздардың бас жағында да кездеседі.

Slide 7

Қанның микротамырларда ағу ерекшеліктері (гемомикроциркуляция) туралы мәліметтер әсіресе сонғы 50 -- 30 жылдар аралығында жинала бастады. Гемомикроциркуляция жалпы микроциркуляцияның көрнекті бір бөлімі. Микроциркуляция (микроайналыс) термині биологиялық ғылымдарға 1954 жылы енгізілді.

Slide 8

Ішастардың микроциркуляторлы ағымы:

1-артерия;

2-вена;

3-артериола;

4-венула;

5-капиллярлар торы;

6-лимфа тамырлары мен капиллярлары.

Slide 9

Артериола (қызылтамырша) ; (көне грекше: артеріола; көне грекше: арт - ауа; көне грекше: тереін - ішіндегі) - арнасының орташа диаметрі 50-100 мкм, етті артериялар мен капиллярларды (қылтамырларды) жалғастырып тұрған етті артерияның майда тарамы, организмдегі микроайналым арнасының жіңішке келген бастама қан тамыры. Артериоланың қабырғасы, түтікше мүше ретінде, үш қабық тан: ішкі - интимадан, ортаңғы - медиадан және сыртқы - адвентиция

қабықтарынан тұрады. Интима өз кезегінде ішкі - эндотелий және сыртқы - эндотелий асты қабаттарынан, медиа - 1 не 2 қабат бірыңғай салалы ет ұлпасы мио циттерінен қуралған. Миоциттер аралықтарында аздаған эластин талшықтары болады. Адвентиция қабығы талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Артериола қабырғасы қабықтарының шекараларында етті артерия қабырғасына тән ішкі эластинді жарғақ (мембрана) пен сыртқы эластинді жарғақ болмайды.

Артериолалар,

Slide 10

Капиллярлар

Ең жіңішке және тым жұқа қабырғалы тамыр. Қылтамыр қан және лимфа қылтамырлары (капиллярлары) болып бөлінеді. Қан қылтамыры қан мен ұлпалар арасындағы зат алмасуды іс жүзіне асырады. Қан қылтамырының арнасы мүшелердің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі (4, 5 мкм-30 мкм) болады.

Slide 11

сыртқы - адвентициальды жасушалардан тұрады.

Капиллярлар

Оның қабырғасы үш қабаттан

ішкі - эндотелийден

ортаңғы - негіздік жарғақта орналасқан

перициттерден

Slide 12

Перициттер жиырылу арақашықтығы қылтамыр арнасының диаметрін реттеп отырады. ішкі эндотелий қабатын құрайтын эндотелиоциттер мен оның сыртындағы негіздік жарғақтың (базальды мембрананың) ерекшеліктеріне байланысты қылтамыр: сомалық қылтамыр, фенестерлі қылтамыр және қойнауша (синусоидты) қылтамыр болып үш түрге бөлінеді. Сомалық қылтамырда эндотелиоциттер бір-біріне тығыз жанасып, үзіліссіз тұтас жатқан негіздік жарғақта орналасады. Фенестерлі (терезелі) қылтамырда эндотелиоциттердің цитоплазмасы жұқарып, зат алмасуға бейімделген терезе тәрізді жүқарған құрылымдар түзеді. Синусоидты қылтамырда негіздік жарғақшада және эндотелиоциттер аралықтарында ірі молекулалар (макромолекулалар) өте алатын саңылаулар болады.

Slide 13

Ерекшеліктеріне байланысты қылтамырлардың бөлінуі

Slide 14

Венула

Венула - қан капиллярларының бір-бірімен өзара бірігулерінен түзілетін, орташа арнасы 30-50 мкм тең жіңішке қан тамыры.

Көктамыршалардың қабырғалары: ішкі- интима, ортаңғы - медиа, сыртқы- адвентиция

Slide 15

Көктамыршалардың кең арналары (30-50 мкм) арқылы қан төменгі қысыммен баяу ағып, ұлпалардағы зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері вена қанына өтеді. Бұлардың кең арналы қуыстарында денедегі қанның қоры сақталады. Көктамыршалардың жұқа қабырғаларындағы саңылаулар арқылы қаннан қоршаған ұлпаларға лейкоциттер өтеді. Көктамыршалар бір-бірімен өзара қосылып, көктамырларды (веналарды) құрайды.

Slide 16 Slide 17

Анастомоз

Адам мен жануарлар организмдері мүшелері мен жүректі тікелей байланыстыратын негізгі (магистральды) қан тамырларының бүйірлік тармақтарының магистральды тамырлардан шеткей жатқан өзара жалғасы. Жалғама - құрылысы мен жалғану сипатына байланысты артерия доғалары, артерия торлары, ғажап торлар, тамырлар тораптары, артериола-венулалық жалғама болып бірнеше түрге бөлінеді.


Ұқсас жұмыстар
Эмбриональды кезеңде қан айналым жүйесінің даму сатылары
Қаржы нарығының құрамдас бөліктері
Қан қысымы
Тұқым қуалайтын Моногендік аурулар
БЕТ СҮЙЕКТЕРІ ЖАҚСҮЙЕ
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы
Ішкі секреция бездерінің патологиясы
Қабыну процесстерінің биохимиясы
Банктік тұтыну несилері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz