Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері




Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

Тақырыбы : Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері.

Орындаған : Кәрімжан.К
Тобы : В-ЖМҚА-07-19
Қабылдаған:Кулахметовна. А
Жоспар

Кіріспе:

Негізгі бөлім:
Жүрекке сипаттама
Жүректегі электрлік құбылыстар
Электрокардиограмма

Қорытынды:
Қанайналымы жүйесі жүрек пен қанайналымның
үлкен және кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің
кіндігі-жүрек насос тәрізді қанды сығымдап
қантамырларына айдайды да оның үздіксіз ағысқа
айналуын қамтамасыз етеді. Жүрек тоқтап қалса,
табиғи ырғағы бұзылса, қан дене тіршілігіне қажет
мөлшерде тарамайды да, көптеген патологиялық
бұзылыстарды шақырады.
Жүрек
Жүрек - қалың жолақты еттен тұратын төрт
қуысты, үлкендігі адамның жұдырығындай
(250-300г) жұмыр ағза. Жүрек екі өкпе
аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі
қан тамырларға ілініп тұрады. Ұзындығы 12-15,
ені 8-11 см, ұзын білігі оңнан солға, жоғарыдан
төмен, арттан алға қарай бағытталған. Жүрек
ұшы кеуде қуысында сол жақтағы бесінші
қабырғаға не қабырға аралыққа сәйкес келеді.
Жүрек 2 жүрекшеден және 2 қарыншадан
тұрады. Жүрекше мен қарынша арасында
атриовентрикулярлық қақпақшасы болады.
Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Ішкісі –
эндокард, ортаңғысы – миокард, сыртқысы –
эпикард.
Жүрек үш қабаттан тұрады.
Сыртқы жұқа қабаты –
эпикард, ортаңғы қалың
бұлшық етті қабаты –
миокард,
ал камераларды астарлап
жатқан жұқа қабаты –
эндокард
деп аталады.
1902 жылы дәрігер А.А.Кулябко өкпе ауруынан
өлген баланың жүрегін 20 сағат өткен соң
денесінен бөліп алып, Лангендорф әдісін
пайдаланды, соның нәтижесінде тоқтап қалған
жүрек қайтадан соға бастады. Сөйтіп адамның
жүрек етіне де автоматиялық қасиет тән екені
дәлелденді.
Жүрек ырғағының бұзылуы

жүректің автоматизмі, қозғыштығы, өткізгіштігі
жəне жиырылу функциясының бұзылу
нəтижесінде дамитын қалыпты физиологиялық
жиырылу реттілігінің өзгеруін айтады. Мұндай
бұзылыстар патологиялық жағдайлардың,
жүректің жəне онымен байланысты жүйе
ауруларының жеке өзіндік клиникалық маңызы
бар жəне кейде шұғыл шара қолдануды қажет
ететін симптом болып саналады.
Жүректің жиырылуы
Жүрек жиырлу жиелігін реттеу 37 ° С кезінде, сондай-ақ оттегімен тұзды ерітіндіге
сүтқоректілердің оқшауланған жүрегі болса, онда ол жүйке және эндокриндік
жүйелердің сигналдарының болмауына қарамастан, ырғақты шарт біраз уақыт
жалғасатын болады. Бұл (грек Genos - Бұлшықет, Myos - шыққан ) миогенді көрсетеді,
оның жұмысындағы табиғи ынталандыруды ; Басқаша айтқанда, бұл оның « қалыптасқан »
жұмысын көрсетеді, оның жиырылу және босаңсу құбылысын көрсетеді. Оңжақ жүрекше
қабырғасының вена қаны құятын ерекше аймағы ынталандырудың болуын азайтады. Оның
атауы Синоатриальды түйін немесе Кисс-флека түйіні ( төменде біз СА түйінінң қысқаруын
жазамыз ) және аз ғана бөлігі вегетативті жүйке кардиомициттерден, иннервируемдік
аяқталудан. СА – түйін жүректің жиырылуын өздіген ынталандырады, кей жағдайда вегетативті
жүйке жүйесінің белсенділігі де әсер етеді. Ол СА- түйінінің моделі. СА –түйініндегі жасуша
баяу жұмыс жасап уақытында уақытында, жүрекшені босатады, оның мембранааралық
потенциялы (әлеуеті) біртіндеп төмендейді.Тап осылай жүйке толқыны шығады. Бұл шамада,
СА –түйіндеріне потенциял сиақты әсер еткенде, жүрек бұлшықеттерінің талшықтарына тарап,
толқын қоздырады, жүйке толқындары қалыптасып және қозуы төмендейді. Себебі бұл өз
кезегінде әрбір толқын қозуды туындатады, бұл өз кезегінде келесі толқынның туындауы үшін
қызмет атқарады. Жүрек жиырлу жиелігі (ЖЖЖ) табиғи жиілігі туралы жиырылу
СА- тораптағы ырғақты ( пейсмекера-ырғақты ) жандандыру арқылы беріледі.
Қозғыштық
Қозғыштық - жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық
тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркендірудің нәтижесінде натрий
иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді
( деполяризацияланады ) де, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда
болып, оның қозған және қозбаған бөліктерінің арасында потенциалдар
айырмасы туыңдайды. Миокард клеткаларында ( кардиомиоцитгерде ) қаңқа
етімен салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созылады
(200-400 мс ). Өткізгіштік - қозу толқыны Кис- Фляк түйінінде ерекше ет
клеткалары - пейсмекерлерде — пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік
жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны
Гисс шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей
( декрементсіз ) өткізеді және оқшауламай барлық ет талшықтарына таратады.
Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әр түрлі бөліктерінде бірдей емес.
Жүректің өткізгіш жүйесі.

Жүрек етінің автоматизмінің табиғаты Жүрек автоматиясының пайда
болуы жөнінде екі түрлі яғни миогендік және нейрогендік теория бар.
Миогендік теория бойынша қозу жүректін ауытқыған ( атипті ) ет
ұлпаларында пайда болады, яғни жүректің автоматиялық қасиеті оның
ет ұлпаларының қозуына байланысты. Нейрогендік теория бойынша ол
жүрек етіндегі өте қозғыш нейрондардың әрекетінен туады. Бұл
теорияны қолдаушылар жүйке жүйесінің қозғыштық қасиетіне сүйенеді.
Бірақ терең морфологиялық зерттеулер атипті ет элементтері мен жүйке
түйіндері тығыз байланыста болатынын көрсетті, сондықтан қазіргі
кезде автоматизм қасиетін жүректің жүйкелі — етті өткізгіш жүйесінің
үйлесімді әрекеті қамтамасыз етеді деп есептейді. Жүрек автоматизмі
Кис- Фляк түйініндегі зат алмасудың ырғақты өзгерістеріне байланысты.
Жүректегі қозуды туындатып, оның жүрекшелер мен қарыншаларға
таралуын, осының нәтижесінде олардың үйлесімді әрекеттерін
қамтамасыз
ететін бейқалыл элементтердің ( түйіңдердің, шоғырлардың,
талшықтардың ) жиынтығы жүректің өткізгіш жүйесі деп аталады.
Жүректің өткізу фунциясының бұзылыстары (блокадалар)

• Өткізу функциясының бұзылыстары – импульс
өткізілуінің баяулауы немесе мүлдем болмауы.
Толық емес блокада – импульс өтуінің баяулауы
немесе импульстің оқтын-оқтын өткізілмеуі. Толық
блокада – импульстің мүлде өткізілмеуі.
• Импульс жолында өткізудің бұзылысына
әкелетін кедергінің орналасуына қарай
блокаданың түрі:
• І Синоатриальдік блокада
• ІІ Жүрекшеішілік блокада
• ІІІ Атриовентрикулярлық блокада
• ІV Қарыншаішілік блокада
Жүректің өткізуші жүйесі
Жүректің ырғағы мен соғуының бұзылыстары
Қанның оттегі тасымалдаудағы гемоглобин және оттегі

Гемоглобин және оттегі – эритроциттердегі
гемоглобин құрамында темір бар қызыл
түсті пигмент пен таспаға ұқсас белоктік
тізбек – глобиннен тұрады. Оттегі өкпелік
көпіршіктерден эритроциттерге түсіп,
темірмен байланысады да, оксигемоглобин
түзеді. Осындай күйде ол денеге таралады.
Содан
кейін ол қытамырға келіп, қоршаған
тіндерді жуып тұратын сұйықтыққа түседі.
Оттегі қажеттілігі бар тіндер оны қабылдап,
қуатты түзу үшін пайдаланады.
Жүрекке құйылатын қан
Электрокардиограмма

Электрокардиграффа (ЭКГ ) жүректен өтетін
электорлық импульстардың ағынын тіркеу. Тіркелген
жазудағы түрлі түстер осы импульстардың өтуінің әр
түрлі кезеңдерін бақылауға мүмкіндік береді.
Жүректің автоматиясы -қозу сопақша мидан келеді;
синустық
түйін қозуды қабылдайды; жүректің жиырылуын
тездетеді – симпатикалық бөлім, баяулатады
парасимпатикалық бөлім;
Қорытынды
Сонымен қорытындылай келе, ЖҮРЕК – өмір бойы
тынымсыз, тоқтаусыз жұмыс жасайтын мүше болып
табылады. Жүрек белгілі бір ырғақпен, жиілікпен,
тереңдікпен жиырылып отырады. Жүрек адам
организмінде ерекше орын алатын, зат алмасуды реттеп,
тасымалдау, реттеуші, иммунды қорғаныс қызметтерін
атқарады. Жүрекке тән ең бір ерекше қасиет –
автоматизм болып табылады.
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
ЖҮРЕК БҰЛШЫҚЕТІНІҢ ЖИЫРЫЛУ МЕХАНИЗМІ
Супернормалдық кезең
Жүрек қан тамырларна әсер ететін гликозиттер. Минералды заттар
Жүрек қан-тамырлар жүйесінің аурулары
Миокардит және миокардиоз
Қан патологиясы,қан тамырлар жүйесі
Әртүрлі мүшелер мен ұлпалардың реографиясы. Кан айналымын зерттеудің әдістері. Реографиялық қысықтарын тіркеу және талдаупринциптерінің әдістері
Жүрек гликозидтері бар өсімдіктер
Жылқы етіне түсініктеме беру
Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы. Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі. Жүрек ет тканінің регенерациялық қабілеті. Эпидермальды және нейралды ет ткані
Пәндер